Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет18/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Е с к е р т у. ог, уг дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішке 
жалғанады:педагогке, педагогі, педагогтік, округке, округі, округтік. 
Орыс тілінен енген рк, рг, ск, кт, кс, нк, нг, лк, нкт деген дыбыстар 
тізбегіне аяқталған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жіңішке жалғанады: 
паркке, парктер, Омскіге, Омскіден, киоскіге, киоскісі, фактіге, фактісі, 
танкіге, танкілер, полкке, полктер, полкі, пунктке, пункті. 
Жіңішкелік белгісіне аяқталған көп буынды сөздерге қазақ тілі 
қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады, яғни сөздің соңғы буыны 
жуан болса, қосымша жуан, соңғы буында жіңішке дауысты дыбыс болса, 
қосымша да жіңішке жалғанады: ла-герь+ге, ла-гер+і, банде-роль+ға, фести-
валь+ға. 
Соңғы екі дауыссыздың арасында жіңішкелік белгісі бар сөздерге де қазақ 
тілі қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады. Мысалы: вальс+қа, 
вальс+ты, вальс+ы, асфальт+қа, асфальт+ы, рельс- +ке, рельс+і. 
Kль, брь, бль тәрізді дауыссыз дыбыстар мен жіңішкелік белгісіне 
аяқталған сөздерге және жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір буынды сөздерге 
қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанады: ансамбльге, тюльді, 


21 
тюлі, оське, осінің, ткань (биология термині), тканьге, ткані, княздік, князі, 
верфьке. 
Орыс тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі л әрпінен кейін 
жазылатын сөздерге қазақ тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі 
жазылмайды: материальный – материалдық, феодальный – феодалдық, 
коммунальный – коммуналдық, патриархальный – патриархалдық. 
Ал жұрнақтар жалғанбай-ақ түбірдің өзінде л-дан кейін жіңішкелік белгісі 
келетін сөздерде бұл белгі сақталады: моральный – моральдық, артельный – 
артельдік, акварельный – акварельді. 
Соңғы буынында ю, ё, э дауысты дыбыстар келетін орыс тілінен енген 
сөздерге қазақ тілі қосымшалары жіңішке жалғанады: полюс-ті, полюс-ке
шлюз-ді, шлюз-ге; дюйм-ге, дюйм-і, велюр-ге, велюр-ді, парашют-ке, парашют-
тер, парашют-і, актёр+лер, актёр-ге, дуэль-ге, дуэль-і, дуэт-ке, 
дуэт-і. 
 Қосымшалар дыбыс үндестігі бойынша не қатаң, не ұяң, не үнді 
дауыссыздан басталып жалғанады: 
а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді (м, н, р, л, ң, у, й) я ұяң (ж, з) 
дауыссыз дыбыс болса, қосымша үнді не ұяң дауыссыздан басталады: 
терезе+ге, терезе+нің, терезе+ден, шам+ды, шам +нан, шам+ға, шам+ның, 
қаз+ды, қаз+ға, қаз+бен, мұқтаж+дық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет