Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет21/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

См, мм, км, га сияқты қысқарған белгілерге жалғанатын қосымшалар да 
дефис арқылы жазылып, осы белгілер таңбалайтын сөздердің соңғы буынының 
жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады: Ұзындығы 10 см-ге (он сантиметрге) 
жуық сызық сызыңдар. 20 км-ден (жиырма километрден) астам жер жүрдік. 
500 га-ға жуық жер жыртылды (500 гектарға). 
 Жеке әріптер, жеке сөздер объект болып, оларға қосымшалар жалғанғанда, 
сол объектілердің айтылу әуеніне қарай жуан не жіңішке болып, дефис арқылы 
жазылады: а-ның артикуляциясы ә-ге қарағанда өзгеше. «Жаз шықты» және 
«хат жаз» дегендердегі жаз-дың мағыналары бір емес. Жомарт Жақыптың 
“дұрыс”-ын осымен екі рет естіді (Ғ.Мұсатфин). 
 - Ша, -ше жұрнақтарынан кейін -ла, -ле жұрнағы жалғанғанда, 
алдыңғылары -шы, -ші түріне айналып айтылады және солай жазылады: 
орыс+ша+ла 
– 
орысшылап 
(айтқанда), 
қазақ+ша+ла+ғанда 
– 
қазақшылағанда, өзім+ше+леп – өзімшілеп. 
Әдетге шылау жалғаулардан кейін тұрады. Мұндайда олардың көпшілігі 
бөлек, ал бірқатары дефис арқылы жазылады (83-88- параграфтарды қараңыз): 
Біз әншіміз де, бишіміз де. Әнгімені келістіріп айтасың-ақ. Бүгін киноға 
барасың ба? 
Ауызекі сөйлеуде, кейде әдеби тілде де, кейбір шылаулар жалғау мен 
түбірдің арасына түсіп кетеді. Бұл жағдайда: 
а) II жақтық жіктік жалғауы мен түбірдің арасына түскен ма, ме, ба, бе, 
па, пе сұраулық шылаулары мы, мі, бы, бі, пы, пі тұлғаларына айналып
түбірге қосылып жазылады: барамысың (барасың ба), келемісің (келесің бе), 
үлкенбісің (үлкенсің бе), жаспысың (жассың ба); 
ә) басқа шылаулар тұлғалары өзгерілмей, түбірге қосылып жазылады: Біз 
әншідеміз, бишідеміз. Әңгімені келістіріп айтады-ақсың. Онда отырғанбіздер 
ебетейсізақпыз (С.Мұқанов). Күн болса, ондай антты берерақпын (“Қозы 
Көрпеш-Баян сұлу”). Досыңақпын, тағдыр араз, толғанамын, кайтемін. 
Ғашықақпын еш күмәнсыз (Абай). 
II жақ жіктік жалғау -сың, -сің түрінде (-сын, -сін емес) жазылады: сен 
барасың (барасын емес), сен отырсың (отырсын емес). III жақ бұйрық райдың 
жұрнағы -сын, -сін түрінде жалғанады: ол барсын, ол келсін, балалар 
жиналсын, олар отырсын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет