Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет19/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Е с к е р т у. Бұл ережеге с, ш қатаң дыбыстарынан басталатын 
қосымшалар: -сыз, -сіз, -са, -се, -сың, -сің, -шы, -ші, -шыл, -шіл, -ша, -ше, -шаң, -
шең, -шық, -шік т.б. бағынбайды. Мысалы: бала+сыз, бала+сың, көйлек+шең, 
сөз+шең, көп+шіл, ұран+ шыл. 
ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыздардың және в, б, г, д ұяң 
дауыссыздарының бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші 
дыбысы қатаң болады: кітап+тар, кітап+қа, хат+ты, клуб+қа, педагог+тер, 
араб+тар. 
б) Сөздің соңғы дыбысы с, з болып, оған с, ш дыбыстарынан басталатын 
қосымша жалғанғанда, оның соңғы дыбысы өзгертілмей жазылады: 
жұмыс+шы (айтылуы – жұмышшы), бас+шылық (айтылуы – башшылық), 
ауыз+ша (айтылуы – ауұшша), жаз+саң (айтылуы жассаң), сөз+сіз (атылуы 
– сөссүз), орыс+ша (айтылуы – орұшша). 
в) ш дыбысына бітетін сөздерге с дыбысынан басталатын қосымша 
жалғанғанда, қосымшаның басқа дыбысы өзгеше айтылуына қарамастан, 
өзгертілмей жазылады: іш+сең (айтылуы – ішшең), ұш+саң (айтылуы – 
ұшшаң), күш+сіз (айтылуы – күшшүз), көш+сін (айтылуы – көшшін). 
г) Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болса, жалғанатын қосымшалар 
дауыстыдан басталғанда, қ, к дыбыстары ұяңдап, ғ, г дыбыстарына, ал п 
дыбысы б, кейде у (қосымшада тағы бір п дыбысы болған күнде) дыбысына 
айналады да, естілуінше жазылады: күрек+і – күрегі, тарақ+ы – тарағы, тік+у 
– тігу, тап+у – табу, тап+ып – тауып, кеп+у – кебу, кеп+іп – кеуіп, блок+ы – 
блогы, ток+ы – тогы, бак+ы – багы. 
ғ) Сөздің соңғы дыбысы н болса, оған жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б 
дыбыстарынан басталғанда, н дыбысы өзгеріліп, ң, м болып айтылады. Бірақ 


22 
бұл өзгеріс еске алынбай, н әрпі жазылады: түн+гі – түнгі (айтылуы – түңгү), 
бұрын+ғы – бұрынғы (айтылуы – бұрұнғы), сән+қой – сәнқой (айтылуы – 
сәңқой), көн+беді – көнбеді (айтылуы – көмбеді), көрін+беді – көрінбеді 
(айтылуы – көрүмбеді). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет