24
бөлек жазылады:
Кәрі жырау мен дағыМоскваға өрлеген (Жамбыл). Қырық
пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі О дағы осал жау емес қыран паңға
(Абай).
Бақылау сұрақтары:
1 Қандай жағдайларда үндестік заңы сақталмайды?
2 Қандай сөздер көбінесе бірыңғай жуан не жіңішке болып келеді?
3 Аралас буынды болып келетін сөздер қандай тілдерден енген сөздер?
4
Бөрене, бөшке, жәшік, шіркеу, зауыт, келі сөздері қандай ережеге сай
жазылған?
5 Жазу тәжірибесінде қандай сөздер екі түрлі дыбысталуына (айтылуына)
қарай екі (кейде тіпті үш) нұсқада беріліп жүр?
6 Қазақ тіліндегі қосымшалар сөзге қандай заңдылық бойынша жалғанып
жазылады?
7 Орыс тілінен енген сөздерге қосымша қалай жалғанады?
8 Соңғы буынында
у дыбысы бар орыс тілінен енген сөздерге
қазақ тілі
қосымшалары қалай жалғанады?
9
Г дыбысына аяқталатын сөздер мен жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір
буынды сөздер және
бль, ль дыбыстарына аяқталатын
сөздерге қазақ тілінің
қосымшалары қалай жалғанады?
10 Адамның тегін жасайтын –ев (ева), -ов (-ова), -ин (-ина) қосымшалары
буын үндестігіне бағынады ма?
11 Орыс тілінен енген
рк, рг, ск, кт, нк, нг, лк, нкт деген дыбыстар тізбегіне
аяқталған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары қалай жалғанады?
12 Жіңішкелік белгісіне аяқталған көп
буынды сөздерге қазақ тілі
қосымшалары қалай жалғанады?
Достарыңызбен бөлісу: