Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А


Пунктуация ғылымы туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет51/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Пунктуация ғылымы туралы түсінік. Пунктуация латынның «пунктум» 
сөзінен шыққан. Білдіретін мағынасы – нүкте. Пуктуация жазуда қолданылатын 
тыныс белгілерінің құрамын, атқаратын қызметтері мен білдіретін 
мағыналарын және оларды қолдану ережелерін зерттейді. Пунктуация 
жазылған мәтіннің мазмұнын, негізгі ойды дұрыс түсінуге, оны мәнерлеп оқуға 
мүмкіндік жасайды. Пунктуацияның негізгі қызметі – сөйлемді жазуда ойды 


53 
беруге қатысты бөліктерге бөлуді нұсқау. Пунктуацияны игеру арқылы 
адамдардың сауаттылығы артады. Пунктуация – адамдар арасында қатынас 
құралы қызметін атқаратын жазу тілінің маңызды бір саласы.
 
 Жазу тілі сияқты, 
пунктуация да жалпы халықтық болып табылады. Оны қолдануда, оқып тануда 
жалпы халық таныған заң, ережелер басшылыққа алынуы тиіс. Сөздерді дұрыс 
орналастырып айтпасақ, тыныс белгілерімен дұрыс бөліп жазбасақ, айтайын 
деген ой теріс беріледі.
Пунктуация жазу тілінің дамуымен, баспа ісінің дамуымен тығыз 
байланысты.
 
 
Баспаның өркендеуі, оның халық арасына тарап, оқушылар 
санының артуы жазу мәдениетінің көтерілуін, жазудың жалпыға бірдей ортақ 
заңдарға, ережелерге негізделіп, бір жүйеге келуін талап етеді. Жазылған пікір 
оқуға оңай, түсінуге жеңіл болуы үшін, түрлі ықшамды ұсақ бөлшектерге бөлу, 
әр бөлшектің бір-бірімен мағыналық қатынастарын көрсету қажеттіктері туады. 
Сол қажеттіліктен келіп, тыныс белгілері пайда болады. Қазақ тілінде шыққан 
алғашқы баспасөзіміздің бірі «Дала уалаяты» газетінің (1888-1902) тұңғыш 
шыға бастаған жылдарындағы нөмірлерінде тыныс белгілерінің ешқайсысы 
болмайды. Бертін келе, 1894 жылдан бастап, газет кейбір сөйлемдердің жігін 
ажыратуға сызықша (__), жұлдызшалар (*) сияқты шартты таңбаларды 
қолданады. Мұндай белгілер сөйлемнің аяқталғанын, дауыс үзілісін білдіретін 
тыныс белгілері болғанға ұқсайды.
«Байан ауылдың қазақ орыслары 
қазақлардың үстүнан көб арыз барады бізлерді қазақлар қағыб соғыб күн 
көрсатбайды диб – бұларман сөйласіб китсак қазақлар ұры қазақлар залым 
қазақлар ат ұрдағыштар диб айта бастайды* бұған қарағанда қазақ мин 
қазақ орыслар бірүн бірі күндиб жау боб жатыр диб ойлауға болады оларда 
рас айтсақ мұндай нарсе болмаса керек* біз қазақлар қазақ орысларды күндиб
жик көрмейміз жаңғызақ біздир өтірук жаладан ақтануға үмит итіб 
ойлаймыз ақ іс барча іслардан жоғары болса керек ғой диб* арамызда жаман 
айыбсыз адам жоқ диб таңбаймыз». 
Орыс тілі пунктуациясын зерттеген ғалымдар орыс тілінің қолжазба 
түрінде сақталған ертеректегі жазу нұсқаларында сөйлеудің әрбір мағыналы 
бөлшектерінен кейін, көбінесе жеке сөздерден кейін, нүкте немесе бірнеше 
нүктеден құралған ромбик, қос нүкте тәріздес түрлі белгілердің 
қойылғандықтарын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет