Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет98/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Қорытынды 
 
Қазақ 
тілінің орфографиясы мен пунктуациясы тіл білімінде 
зерттелгенімен, қазіргі таңда осы саланың кейбір теориялық мәселелерін
ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан әлі де болса қарастыру қажет болып отыр. 
Ұсынылып отырған оқу құралында орфография мен пунктуация ғылымының 
мақсат-міндеттері айқындалып, орфографияның негізгі принциптері және осы 
салаға қатысты өзекті тақырыптар қарастырылған. Орфографиялық сөздік 
туралы теориялық мағлұматтар беріліп, пунктуация жайлы мәселелер 
тәжірибелік жағынан талданған. 
Болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің шешен де тартымды сөйлей 
білуі, ойын қағазға анық та түсінікті түсіре білуі оқу құралының тәжірибелік 
мәнін көрсетеді. 
Оқу құралы филолог мамандарды даярлауға арналған. Еңбекте теориялық 
мәліметтер, студенттердің білімін бағалауға арналған бақылау сұрақтары және 
жаттығу жұмыстары енген. 
Оқу құралы тақырыптық жоспарға сәйкес дайындалған, мақсаты мен 
міндетін орындаған. Мазмұны 5В020500- Филология мамандығының «Қазіргі 
қазақ тілінің фонетикасы», «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы», «Қазіргі қазақ 
тілінің жай сөйлемі», «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі», «Орфография 
және пунктуация практикумы» атты пәндерге толық сәйкес келеді. Ғылыми 
жаңашылдығымен, тақырыбының өзектілігімен, теориялық және практикалық 
мәнімен ерекшеленеді. Оқу құралы студенттер дәрісханасында толық талдаудан 
өткен. 
Осы еңбекті игеру жолында студент өзінің білімін жетілдіріп, дағдылық, 
іскерлік қабілетін дамытып, ана тілінің қасиетін тереңінен танып, оның қыр-
сырын меңгеріп, өз бойына ана тіліне деген сүйіспеншілігін дарытып, тіл 
мәдениетін өркендетуге үлес қосары сөзсіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


109 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет