106
Әке сыры
Шоқанның
ордағы соқпай, сәлемдеспей, өтіп кетуіне шағатын бүйідей
тырсиып теісіне әрең сыйып отырған Шыңғысқа Жарылғамыс тағы бір
жаңалық хабар әкелді. Уақ руының белгілі атақты ұрысы Манаштың Қожығы,
шағалақ Керейдің ұрысы Ертісбайдың Медебайы, «Сегіз ата қарауыл»
аталатын елдің ұрысы Бекмырзаның Баубегі «Шоқан
Атбасар жәрмеңкесінің
үстінде үшеуінде ұстатады» деген қауесетпен бармауға бекініпжүреді де,
«жандарал- гүбірнатыр ауырып қалып емделуге кетіпті, аз ғана солдатпен
шоқан ғана келетін болыпты» деген соң, қапысын тауып, әрі салғанда өлтіріп,
бері салғанда сілейте сабап алуға ұйғарыпты.
Жарылғамыс Шоқан мен
Шыңғысты
осы
қатерден
сақтандыруға
келіпті.
Шыңғыс кірпі терісінен жаслған төсектің үстіне жалаңаш аунағандай болды.
Енді жарылғамыс келе онда да ауырлап, тұла бойы дірілдеп кетті. Өйтпегенде
ше?
Мал екеш,- мал да шамасы жеткенше,
баласын жауына бермеуге
тырыспай ма?
Үйіріне қасқырларды жолатпай қарсы шауып қайырып тастайтын
айғырларды Шыңғыс талай көрген; боталы түйеге
бура не адамды, не аңды
жолатпайды; жеке биенің – құлынын, жеке сиырдың бұзауын қасқырға
алдырмағанын біледі.
Шыңғыстың мақсаты – оны қайткен күнде де «қасқырларға» талатпау,
жегізбеу. Сонда есіне Қанжығалы Бөгенбай батырдың шөбересі – Саққұлақ би
түсті...
3-жаттығу.
Кейбір сөйлемді бастауыш пен баяндауышының
арасына сызықща қойып
жазу қалпына келтіріңіз.
Тапқырлық
Әзімбек деген кедей жігіт жолаушылап келе жатып, үлкен Жалаңашта
отыратын Қоңыр бөрік руындағы ауқатты жекжаты Бейсенбінің үйіне түсіпті.
Бейсенбі жайшылықта да
сараңдау адам екен, ал талшық етер талқан да
жетіспей отырған мынадай шақта келген жолаушыны жақтырмапты. Олар
кешкі тамақтарын енді-енді ішпек болып отыр екен.
Көп ұзамай буы бұрқыраған бір табақ тары алдарына келеді.
Арып-ашып, суық сорып, шаршап жеткен Әзімбек алдарына келген асқа
қомағайлана кірісіп, әп-сәтте үйеме табақ тарының бір шетін үңгіп жеп
жіберіпті. Жаңағы сары май ыстық тарыға түскн соң еріп, табақтың Әзімбекке
қарай қисайып тұрған шетіне жиналып қалады. Онсыз да бырысып-тырысып,
не істерін білмей отырған Бейсентінің сараң жанына бұл қатты батып кетіпті.
Ол:
- «Қара кедей басқаны өз басына іс түскенде ғана таниды» деген рас-ау,
тегі! Әкем өлді... келмедің – деп, қолындағы
қасығымен табақтағы тарыны
жарыпты. Содан кейін: «шешем өлді... келмедің – деп, тарыны тағы бір бөліп
тастапты (ондағы ойы - Әзімбектің алдына жиналған майды жаңағы өзі жарған