33
ның адамды сүюі; екінші сүю – адамның Алланы сүюі; үшін-
ші сүю – адамның адамды, адамзаттың бәрін сүюі. Абай айтып
отырған үш сүюдің негізі осы аяттар мен хадисте көрініс тапқа-
нын аңғару қиын емес. Осы сынды ойлар Абайдың шығармашы-
лығында әр қырынан және түрлі деңгейде көрініс табады.
Ақынның «Алланың
өзі де рас, сөзі де рас» өлеңі туралы
М.Әуезов: «Абайдың осы өлеңіндегі барлық дінге байланысты
нанымы да, адамгершілік турасындағы үгіті де
және біз кейі-
нірек тоқтайтын мораль философиясы да түгел байқалады»
[5, 178], – деп жазды.
Абайдың имани гүлінің құрамдастарын да, маңызы мен мә-
нін де М.Әуезов терең парықтап білген. Ғұлама-жазушы Абай
айтқан «бар адам баласын сүю», «жалпы гуманистік түсініктің
әділеті» «исламның түсінігінен басқаша» [5, 178] екеніне ой сал-
мағын арнайы аударады. Абайдың «үш сүю» жайындағы ойла-
рының мәні діни сарыннан, дін қағидаларынан мазмұны жағы-
нан өзгеше екендігіне арнайы көңіл бөледі. Ақынның «өзінің
шынайы үлкен мүддесі исләм дінінің шеңберінен әлдеқайда ары
асып түсіп, кең жатады» [5, 179], – деп көрсеткенді жөн санайды.
Жазушы Абайдың асыл ұғымдары мен терең танымын кеңестің
қызылшыл идеологиясының қатерінен
осындай тиянақты тал-
даулары мен баянды бағалаулары арқылы қорғады.
Ақын айтып отырған үш сүюдің екеуі ақын өлеңінің жоға-
рыда берілген үзіндісіндегі бастапқы екі тармақта көрініс тап-
қан, үшінші сүю үшінші және төртінші тармақтарда сипаттал-
ған. Осы тармақтарда «Адамзаттың бәрін сүю» туралы ойдың
себептері де бар. Оның бірі – а) «бауырым деп» сүю, екіншісі –
ә) «әділетті хақ жолы деп» («хақ жолы осы деп әділетті») сүю.
Осы түсініктердің қара сөз талаптарына сай ықшамдалған түрі
мынадай болып шығады: адамзаттың бәрін сүй: а) бауырым деп
сүй; ә) әділетті хақ жолы осы деп сүй.
Достарыңызбен бөлісу: