Тəуелсіздік – тұғырым
Қатысушының аты-жөні: Азизбекова Мадина Аянқызы
Жетекшісінің аты-жөні: Кадырова Айтбубы Масалимовна
Тəуелсіздік дегенді жыл өткен сайын терең түсініп келеміз. Өз елің, өз жерің, өз
Отаның бары бəрінен артық екен. Бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Бізге берген құдайдың
бағы да емес, сыйы да емес. Ата – бабамыздың ұрпағым, елім, жерім деп армандап өткен,
сол үшін талай тер төгіп, талай қан төгіп, мың өліп, мың тіріліп жүріп өзім жетпесем де
ұрпағым жетсе екен деп армандап өткен еңбегінің жемісі. Сол бабаларымыздың ұлағаты
мен арманын жалғастырудағы, аманатын орындаудағы нақты дəлел 1986 жылғы желтоқсан
оқиғасы деп ойлаймын. Желтоқсан оқиғасында өзінің кең байтақ жерін, Қазақстанын
жанымен сүйетін ұлтым деп ұрандаған ағамыз Қайрат Рысқұлбеков тағдырдың кесапатты-
кедергісі солай болғаны ма, ұлтын сүйгені үшін қыршынынан қиылды. Тағы да осындай бір
қиын кезең - Ұлы Отан соғысы. Ол 1941 жылы басталған қаhарлы қанды соғыс болатын.
Бұл соғыста Бауыржан Момышұлы атамыз үш жүз он алтыншы атқыштар дивизиясымен
майданға аттанған. 1945 жылы ұлы Жеңіске қол жеткізгеніміз тарихтан белгілі. Осындай
қиыншылықтарды ойлағанда Қадыр Мырзалиевтің мына өлең жолдары ойыма оралады.
«Мен қазақпын, кеңмін мен, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мен мың да
бір тірілдім, қайта өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім...».
Сол кезде жастардың толқуы басталмаса, бұл тəуелсіздік осылай болар ма еді, əлде
болмас па еді? Бұл – халқымыздың ғасырдан – ғасырға жалғасқан ұл – қыздарының асыл
жүректі, асқақ рухты ақиық перзенттерінің күрес жолы. Біз өткен күрестер жеңісінің
арқасында бүгін міне, тəуелсіз ел болып, еркіндікте жүрміз.
Тəуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктеріміз де ұшан теңіз. Ең бірінші, бейбітшілік,
бейбіт, тыныш өмір, ұлттар достастығы. Елбасымыздың еліне жасаған игі істері. Соның бірі
–ЭКСПО көрмесі кең байтақ Қазақстанымызда өткені. Қуаныш сезімімді сөзбен айтып
жеткізе алмаспын. Жасыл энергетика тақырыбын қамтыған ЭКСПО көрмесін көрген басқа
ұлттың адамдары таң-тамаша болып, Қазақстанның көркейген, гүлденген экономикалық
жағдайының жақсы екенін түсінді деп мақтанышпен айта аламын.
Еліміз өз тəуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіл - қазақ тілі болып
бекітілді. «Адамға екі нəрсе тірек тегі, бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп
Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рəмізі де, ұраны да,
тірегі де сол елдің Тəуелсіздігі болмақ. Біз бəріміз бір атаның – қазақ халқының ұл-
қыздарымыз. Бəріміздің де туған жеріміз біреу, ол - қасиетті Қазақ даласы. Бұл дүниеде
біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тəуелсіз Қазақстан.
Тұғыры биік Тəуелсіз еліміз мəңгі жасай берсін демекпін.
«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 13 -
Достарыңызбен бөлісу: |