Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет44/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Ырзанова Аида Ғазизқызы 
Жетекші: Елеусизова Корлан Нагизхановна 
 
Қазақстан – əдемі, көркем мемлекет. Қазақстанның барлық жерлері əдемі. Көптеген 
туристтер еліміздің табиғатына қызығады, сонымен қатар, өз көздерімен көргілері келеді. 
Мысалға, Балқаш, Алакөл, Алтынемел қорығы. Осы секілді ерекше жерлеріміздің барлығы 
туристтердің таңдайларын қақтырады. Қазақстанның өзіне келсек, еліміз тəуелсіз, егеменді 
мемлекет. 
Қазақстанның астанасы Ақмола қаласына ауысқаннан кейін талай өзгерістер болды. 
Қала аты Астана болып өзгертілді. Соған орай қала ортасынан Бəйтерек салынды. Оның 
биіктігі 97 метрді құрайды. Басқа ғимараттардың биіктігі осыған байланысты. Кейін, 
Ханшатыр секілді көзге түсетін, биік-биік ғимараттар салына бастады. Бұндай ғимараттар 
көпшіліктің назарын аудары. Ақшаның сыртында барыс, көгершін, Ханшатыр секілді 
Қазақстанның көрікті жерлері бейнеленген. 
Қазақстан валютасы 1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық 
валютасы шықты. Қазіргі уақытта теңгенің қағаз, тиын түрлері бар. 
Еліміздің тəуелсіздігіне 30 жыл толғандықтан Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев 
”Тəуелсіздік бəрінен қымбат” – атты мақаласында, рухани даму, патриоттық сезімді 
арттыру мақсаттарын жазған. Бұл өскелең ұрпақтың рухын оятты. Кейін Астана қаласында 
көптеген жастарымыз патриоттық бағдарламалармен жұмыс жасай бастады. Сонымен 
қатар, Астананы жас қала, болашағы бар қала деп атай бастады.
Жастар жемқорлыққа қарсы көптеген жұмыстар атқаруды бастады. Бұл адамдарға 
септігін тигізіп жатыр. Бұндай жобалар Қазақстан экономикасы да жақсылықтар əкелуде. 
Бұл жобаларға президент алғысын білдірді. 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 45 - 
Осындай тəуелсіз, ауызбіршілігі мол елде тұрудың өзі бір ғанибет. Осы орайда 
“Ырыс алды ынтымақ” деп бекер айтылмаса керек. Мен де өскен кезімде еліме, жеріме 
қызмет еткім келеді. Ең бастысы Отаным тыныш болса болды. Мен өз алдыма “еліме 
қызмет етіп, көмектесемін” деген мақсат қойдым. Көмектесу үшін жай ғана құқығымызды 
білсек болды. Бұның өзі үлкен көмекке жатады деп санаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет