Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет46/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Дəулен Інжу Талғатқызы 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 46 - 
Жетекші: Исина Алданыш Жолбарысбековна 
“Тəуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен,
беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз.”
Нұрсұлтан Назарбаев
“Тəуелсіздік” сөзі құрылымы 11 əріптен тұратын қарапайым сөз болып көрінгенімен, 
кейбір жандар осы сөзді естігенде елең етіп, көз алдарына ең алдымен тұғыры биік, байтақ 
елді елестетсе, ал кейбіреулері бұл сөзді немқұрайлықпен қабылдап, ешқандай 
патриотизмдік сезімді сезінбеуі де мүмкін. Ал, менің ойыммен тəуелсіздік түсінігі қандай? 
Күнде мектепте өтетін тарих сабағын мұқият тыңдап əрі оқи келе, еліміздің 
тəуелсіздік алғанға дейін қандай қиындықтарды бастан кешіргендерін біліп, осы тəуелсіздік 
тəжіміз қолымызға өте қиын, азапты жолмен түскенін түсіндім. Сонау қазақ хандығы 
жылдарынан бастап, «Қанды желтоқсан» оқиғасына дейінгі жылдардың аралықтары - 
саусақпен санарлық жылдар емес, өте-өте көп мерзімдегі жылдар, тіптен дəуірлер десек те 
болады. Ал, осы қаншама уақыт аралығында елімізде алуан түрлі елеулі оқиғалар орын 
алды жəне жүректері елім деп соққан қаншама қайсар батырларымыз, білімді 
зиялыларымыз, патриот жастарымыз тəуелсіздік жолында мерт болды. Қан мен терді
ерлікті талап еткен бостандық – ешкімді де аямады, шырылдаған сəбиден бастап еңкейген 
қарияға дейін сол кезеңнің қиыншылық заманын көрді. Ата-бабаларымыздың ең басты да 
маңызды арманы – еліміздің тəуелсіздік алып, озат болып, келешек ұрпақтың бостандықта 
өмір сүруі еді. Қуанышқа орай, бабаларымыздың армандары орындалды. 
Біз, қазір, XXI ғасырдың бақытты ұрпақтарымыз. Тəуелсіздіктің тəтті дəмін татып, 
еркін өмір сүрудеміз, əр таңымыз тыныштықпен атуда, нағыз бақыт деген осы емес пе?
Қазақстан – тəуелсіз жас мемлекеттер қатарында көш бастап тұр. Еліміз əлемдік 
аренада көптеген түрлі категория тізімдерінде қатарына іліге отыра, ТМД елдер арасында 
табысты еңбек көрсетіп келеді. Еуропа, Азия елдері ішінде республикамыз көпұлтты 
мемлекет атанып, өлкеміз достық мекені əрі символы болып саналады. Елордамыз 
қарқынды түрде күнделікті дамып, күн сайын жаңа жаңалықтарымен халқымызды 
қуантуда. Білімді жастарымыз отанымыздың көк туын желбіретіп, байрағын көкке 
көтеруде, əрбір сала болмасын жұлдыздай жарқырап келе жатыр. Осының бəрі жарқын 
тəуелсіздігіміздің арқасында. 
Алдыңғы абзацты мен тəуелсіздік жолындағы құрбан болған батырларымызға 
арнадым, еліміздің қазіргі қуантарлық жағдайымен бөлісіп, ол кісілердің сіңірген еңбектері 
зая кетпегенін жеткізгім келді. Ендігі кезекте, батыр тұлғаларымызға барша 
мемлекетіміздің жастарымен иіле ерекше алғысымызды білдіреміз! Қазіргі уақытта, біздің 
елімізде қуана ойнап, шаттана өмір сүріп жүргеніміз осы кісілер арқасында, тарихта аттары 
алтын əріппен қалған батыр да батыл жандардың еңбектері - əрдайым ел есінде! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет