«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 44 -
қыстау заманда айбынды Абылай хан, Сырым Датұлы,
Исатай Тайманұлы, Махамбет
Өтемісұлы батырларымыздың ерлігін айтпай кетуге болмас. Кенесары Қасымұлы, Жоламан
Тіленшіұлы ақыл парасатымен найзаның ұшымен, білектің күшімен
елімізді жерімізді
қорғап ұрпаққа мұра етіп қалдырды.
Тəуелсіздікті аңсап кеткен бабаларымыз қасық қаны қалғанша күресті.1986 жылғы
желтоқсан оқиғасын айтпай кетуге болмайды, тəуелсіздік үшін қыршын кеткен
боздақтарымыз Қонаевты орнынан алып тастағанына қарсы шығып, мерт болды. Бұлтты
күні де, артынан күн шығатыны бəрімізге аян, көп ұзамай тəуелсіздіктің де ақ таңы атты.
Тəуелсіздігімізге биыл 32 жыл толып отыр. Отыз екі жыл ішінде атқарылған жұмыстар аз
емес. Қазақстан жылдан-жылға көркейіп келеді.
Осындай қуатты, да бай мемлекеттің
тұрғыны екеніме қуанамын.
Қорытындылай келе, ғұлама ғалым əл-Фараби бабамыздың «Мемлекеттің
болашағын көргін келсе, бүгінгі жастардың жағдайына қара» - деген қанатты сөз бар. Менің
ойымша тəуелсіз елімізде елім, жерім дейтін ұлтжанды жастарды тəрбиелеу
айрықша
маңызды деп есептеймін.
Жəнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту
əрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы
жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дəл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың
өмір сүруі мүмкін емес. Ата-бабаларымыз еліміздің тəуелсіздігі үшін қолдарынан келгенін
барлығын жасады. Ерліктерінің арқасында қазір тəуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.
Тəуелсіздік – ащы термен келген тəтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен
келген ұлы күн.
Достарыңызбен бөлісу: