Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет55/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
 
Оқушы: Сəрсенова Ділнұр 
Жетекші: Азимбаева Аяулым Қалиқанқызы 
Ех, шіркін біз неткен бақытты балалармыз. Аллаға шүкір ешқандай соғыссыз, бейбіт 
заманда өмір сүріп жатырмыз. Біздің өз рəміздеріміз, заңымыз, жеріміз бар. Енді біз 
ешкімге тəуелді емеспіз. Алдымызға жеке мемлекет құрдық. Елімізге дұрыс бағыт сілтейтін 
– кемеңгер көшбасшымыз бар. Біздің ешқандай мұңымыз, мəселеміз, қайғымыз жоқ. Түйе 
үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныш, армансыз, бейбіт заманда ғұмыр кешіп жатырмыз. 
Бір шаңырақ астында бірнеше ұлт өкілдері тұрамыз. Бəріміз бірлікте, татулықта, 
ынтымақтастықта жүріп жатырмыз деп айта аламын. Осының бəрі тəуелсіздіктің 
арқасында. 
Біздің Отанымыз – егеменді, тəуелсіз Қазақ мемлекеті. 130 аса ұлт өкілдері тұратын 
осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастархандай 
далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі маңыраған, өндірісі өркендеген мекенде өмір 
сүруші əрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк туын көкке көтеруді мақтаныш 
тұтады. 
Тəуелсіздікпен мен мақтанамын! Қорықпай «Тəуелсіздік – тұғырым» деп айта 
аламын! Алдағы Қазақстанды дамыту үшін, Тəуелсіздікті сақтап қалу үшін жүріп жатқан 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 55 - 
жұмыс мақсаттары орындалуына тілектеспін. Қорытындылай келе, менің қалауым елімізді 
сыйлар одан əрі дамытатын патриоттарымыз көбейіп, Тəуелсіздігіміз мəңгілік болуына 
тілектеспін. Тəуелсіздік - төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. 
Тəуелсіздік-тұғырым! 
Еліміздің елдігі, ұлан байтақ жеріміздің кеңдігі ата – бабамыздан қалған баға жетпес 
байлық. Тəуелсіз Қазақстан халқы татулыққа ұйыған, жастары жасампаздыққа ұмтылған 
елге айналды. Бір буын ауыспай – ақ мүлдем басқа сипаттағы жаңа ұлт, жаңа ел болдық. 
Тəуелсіздік бізге аманат етілді. Аманатқа қиянат жасама демекші Аманатымызға адал 
болайық. Мен өз елімді қатты жақсы көремін. Қазақстан атты мемлекетте туып өскеніме 
қуанамын. Қазақ елі өркендей берсін, көркейе берсін, көк байрағымыз аспанымызда мəңгі 
желбірей берсін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет