Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет56/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Теміртай Балнұр 
Жетекші: Азимбаева Аяулым Қалиқанқызы 
Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін артық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік 
алып берді. Сол тəуелсіздік алу жолында зор құрбандықтарға душар болып, өз тəуелсіздігін 
жеңіп алды. Тəуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ 
армандары мен қайсар рухының жемісі, нəтижесі. Сондықтан да өз тəуелсіздігімізді 
сақтап, қастерлей білуіміз керек. 
Аты аңызға айналған бұл тəуелсіздігіміздің тарихында небір батырлық дастандары 
мен оқиғалары мəңгі өшпес жазулармен жазылған. Олар біз үшін ешқашан өшпейтін мұра 
болмақ. Себебі бұл əрбір қазақ білуге тиісті үлкен тарих. Менің түсінігіммен тəуелсіздік 
бұл, тəтті арман, сол арманға жету жолындағы батырлық пен сəтті нəтиже. Мен осы 
тəуелсіздік ұғымын осындай теңеу сөздермен сипаттар едім. Өйткені тəуелсіздіктің сол 
замандарда ата-бабаларымызға арман болғаны жалған емес. Алайда аталарымыз бұндай 
оймен өмір сүріп жүре бермей əрекет етіп, өздерінің қасық қаны қалғанша шайқасқа түсті. 
Осы тұста «Таласқа түссе жан мен ту, жан емес маған керегі, көк тудың желбірегені», - 
деген өлең жолдары батыр бабаларымыздың жасаған ерліктеріне дəйек болары сөзсіз. 
Қорытындылай келе, менің түсінігіммен тəуелсіздік ұғымы осы айтылған 
құндылықтармен өлшенеді. Тəуелсіздік ол- мəңгі бақыт, таусылмас жыр-дастан, өшпес 
тарих. Ал оның тұғыры мəңгі берік болып жалғасуы бізге байланысты. Атадан балаға 
тараған құнды сыйды сақтап оны əрі қарай жалғастыру бізге берілген парыз сондай-ақ асыл 
мұра. Қаншама ата-бабаларымыз қиындықпен жеңіп алған тəуелсіздікті жалғастыру 
жастардың, яғни, біздің қолымызда. Жалпы алғанда еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің 
жарқын болашағы-білімді де, білгір жастардың қолында. Сол себепті, осы егемендігімізді 
сақтап қалу үшін патриот қана болып қоймай, алдағы сынақтардан сүрінбей төтеп бере 
алуымыз керек. Ата-бабамыздан мұра болып қалған егемендігіміз мəңгілік болсын!
Ұрпақтан-ұрпаққа өз жалғасын таба берсін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет