Тəуелсіздік – тұғырым Оқушы: Мақсұтова Жанерке Жетекші: Дəрібаев Дихан Жақсыгелдіұлы Қазақ қоғамында ілкіден бастау алған , дəстүрлі құндылықтар жүйесі бар.
Дəстүрлі құндылықтар ұлттық қоғаммен үндестікте – cоның аясында қалыптасады.
Тəуелсіздік күллі қазақ үшін міне осындай бағалы құндылықтардың бірі. Неге?
Өйткені , тəуелсіздік - рухани мəдениеттің қайнар көзі, сондықтан рухани жаңғыру , ұлттық
бірегейлік, дін жəне дəстүр сабақтастығы мəселелерінің сапасы қашанда жоғары.
Тəуелсіздік - ішкі тұрақтылықтың тұғыры, рухани қауіпсіздіктің тірегі, кешегі
Қорқыт, Асан баба мен кейінгі буындар арасындағы ұрпақтар сабақтастығының
негізі.
Міне, рухани дағдарыс басымдық ала бастаған қазіргі əлемдік қауымдастықта
дəстүрлі құндылықтарды жаңғырту мəселесі табиғи түрде өзекті тақырыпқа айналып
отыр. Менің ойымша, ол - үлкен мəселе!
Қашанда ұрпақтар сабақтастығы құндылықтар арқылы жалғасады. Ұлт тарихы
үшін осы сабақтастықтың маңызы зор. Əр буын өзіне дейінгі ұлт тəжірибесін бойына
сіңіріп, ары қарай дамыта білмесе, ол қоғам керітартпа қоғамға айналады. Сондықтан
өткенді мансұқтап, тарихты өзінен бастаған буын мемлекетті рухани дағдарысқа
ұшыратады.
Ұлттық санаға сілкініс жасай отырып, рухани құндылықтарды жаңғырту, дін мен
дəстүр сабақтастығын ашып түсіндіру, рухани тарихты ой сарасына безбендеу
мақсатындағы жұмыстар ағымын жасай білді. Дін мен дəстүр үндескенде дін дамиды,
дəстүр байиды. Ұлт болса діннің рухын сезініп, құндылық ретінде қабылдайды. Біздің
рухани құндылықтарымыз- ата дініміз бен дəстүріміздің терең тамырлы байланыс
туындысы.
Қазақстан қашанда өзге елдерге үлгі боларлық, ілкі ел екені белгілі.
Тəуелсіздік
-
Ұлы
Бабаларымыздың
Асыл
Армандарының
орындалуы...
Қазіргі өміріміз – бейбіт, келешегіміз кемел. Бүгінгі сын- қатерлерге толы əлемдегі даму
бағдарымыз - айқын.
Қазіргі Қазақстан - Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше, аумақтық шекарасы толық
айқындалған, сыртқы саясаты сараланған , экономикасы жүйеленген, жаһандық бəсекеге
«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 71 -
қабілетті ел. Қазақстан келісім мен бірлікті ту еткен, ғасырлар толқында мəңгі жасай
бермек!