Алдашева камар сагингалиевна


жҧмысының тағы бір ӛзектілігін дәлелдейді



Pdf көрінісі
бет8/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

жҧмысының тағы бір ӛзектілігін дәлелдейді.
Жұмыстың өзектілігі сондай-ақ төмендегідей қарама-қайшылықтарға 
негізделген:

жаңа аталымдардың тіл жүйесіндегі нақты көрінісі (пайда болуы, 
тіркелуі жəне бекітілуі) мен əлеуметтік-этникалық, білімдік, аумақтық, жас 
ерекшеліктеріне қарай əртүрлі топтардың коммуникативтік актіде жаңа 
сөздерді əралуан деңгейде пайдалануы арасында; 

жаңа сөздердің қалыптануы мен нормалануы үдерістерінің ғылыми 
негізделуінің 
толыққанды 
еместігі, 
жаңа 
сөздерді 
меңгертудің 
лингводидактикалық негіздерінің жеткілікті түрде қалыптаспауы мен 
қоғамдағы кейбір топтардың тарапынан қазақыландырылған сөздердің 
лингвистикалық, əлеуметтік-саяси маңыздылығын субъективті бағалауының 
арасында; 

қазақ сөз мəдениетінің жоғарғы дəрежесін сақтаудың бəсеңдігі жəне 
төмендетілуі мен əртүрлі коммуникативтік жағдаяттарда басқа тілдердің 
элементтерін еркін пайдаланудың арасында;

мектеп оқушыларын толыққанды тілдік тұлға, зияткерлі ұлттың əлеуеті 
ретінде қалыптастыруға қойылып отырған мемлекеттік талаптар мен мектеп 
оқушыларында біздің қоғамымыздың əлеуметтік-мəдени бейнесі туралы іргелі 
білімді қалыптастыруға, тəрбиелік, отансүйгіштік іс-шараларды жүргізуге 
айрықша ықпал ететін қазақ тілінің ішкі мүмкіндіктері арқылы жасалған жаңа 
сөздерді меңгертудің лингводидактикалық негіздерінің жеткіліксіз түрде 
жүйеленбеуі арасында.
Көрсетілген міндеттер мен қарама-қайшылықтардың шешімдерін табу 
үшін теориялық жəне лингводидактикалық ұсыныстар енгізу мақсаттарына 
диссертацияның тақырыбы «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сӛздер: 
кодификация ҥдерістері және олардың лингводидактикалық негіздері» 
түрінде таңдалып алынды. 
Зерттеу нысаны: Бейіндік мектептің оқушыларына (10-сынып) қазақ 
əдеби тілінің лексикалық құрамында соңғы 25 жыл көлемінде пайда болған 
жаңа сөздерді меңгерту үдерістері.
Зерттеу пәні: Оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы жаңа 
сөздердің қалыптануы мен нормалану үдерістерін түсіндіру бойынша əдістер 
мен тəсілдерді бейіндік мектептердің лингводидактикалық базасына енгізу 
жəне жаңа сөздерді меңгертудің əдістемесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет