Алдашева камар сагингалиевна


-сұрақ: Қазақ тіліндегі жаңа сӛздерге қатысты «қалыптану»  терминінің қолданысын қалай түсіндіресіздер?  Жауап



Pdf көрінісі
бет83/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

1-сұрақ: Қазақ тіліндегі жаңа сӛздерге қатысты «қалыптану» 
терминінің қолданысын қалай түсіндіресіздер? 
Жауап: Әлемдік лингвистикаға ортақ термин болып табылатын 
«кодификация» сӛзі үшін қалыптану / қалыптандыру деген терминдерді қазақ 
тілтанымында академик Р.Сыздық қолданып, ұсынды. Ол былай деп 
кӛрсетеді: «...кодификация терминін бірде «заңдастыру», тағы бірде 
«қалыпқа түсіру», «қалыптандыру», тіпті одан да ықшамдап «қалыптану» 
деп жүрміз. ... қалың жұртшылыққа түсінікті болу үшін ыңғайына қарай 
қазақшалап отырудың да жӛні бар. Қайткенде де қазақша термин ұсыну 
қажет болса «қалыптандыру» сӛзі мағына жағынан дәлірек келер еді».
2-сұрақ: Жаңа сӛздердің норамаландыру мен қалыптандыру үдерісі қалай 
жүреді? 
Жауап: Тілдік норма – қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде қоғам 
мүшелерінің тілдік қолданысында тіл дамуының тарихи және табиғи 
заңдылықтарының кӛрінісі, қоғам дамуының нақты бір кезеңінде тіл 
практикасы үшін қоғам қабылдаған және мойындаған, әлеуметтік бағалаудан 
ӛткен фактілердің кӛрінісі. Тілдік норма – біршама тұрақты құбылыс, сондай-
ақ норманың ӛзгермелі сипаты да бар. Сондықтан да тілдік норма қоғам 
дамуының әр кезеңіне қарай анықталуы керек. 
3-сұрақ: Жаңа сӛздерді нормаландыру мен қалыптандыруда қандай 
кедергілер бар? 
Жауап: Ұсынылған, сӛздіктерге енгізілген, Мемтерминком арқылы 
бекітілген жаңа атаулар – ғылыми-техникалық терминдер мен тұрмыстық 
атаулардың кӛпшілігі жазба нұсқаларда, әлеуметтік-саяси мазмұндағы 
мәтіндерде, ғылыми, оқу-ағарту әдебиетінде жазба тілдің кӛрінісі ретінде 
ғана қалып отыр. Мектеп оқулықтарында кездесетін кеппешӛп / кеппеӛсімдік, 
бытыранық, жасунық, сызбанұсқа, тамшуыр, гүлшоғыр, үлескі сияқты жаңа 
сӛздер – терминдер белгілі бір коммуникативтік ортада – сабақ барысында 
ақпарат алмасу, ӛз ойын жеткізу барысында ғана қолданылатындығын 
кӛрсетті. Бұл – коммуникативтік ортаның шектеулі кӛрінісі. Адамның 
сӛйлеу-ойлау әрекеті және осы әрекеттің барлық коммуникативтік-
прагматикалық сипаттары, жеке адамның эмоциялық жай-күйі, білім-
зияткерлігі кӛрінетін орта – бейресми мазмұнда коммуникативтік қарым-
қатынасқа түсу (мәселен, сабақтан тыс уақытта ақпарат алмасу


160 
коммуникативтік қарым-қатынас жасау) кезінде анық байқалады. Сауалнама 
арқылы 
мектеп 
оқушыларының 
сабақтан 
бос 
уақыттарындағы 
коммуникативтік актіде тілдердің араласуы, дербес қостілділік (яғни жеке 
адамның ӛз біліміне қарай тілдерді аралстыра сӛйлеуі), бұқаралық қостілділік 
(бірнеше тілді білудің және пайдаланудың қоғам мүшелерінің кӛпшілігіне тән 
болуы) фактілерінің әсері жоғары екендігі анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет