3. Ауыспалы өткен шақ: Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін
жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында
қолданылады. Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Еділ
жолдасына жиі баратын.
Ауыспалы өткен шақтың жіктелу үлгісі
Жақ
Жекеше түрі
Көпше түрі
І
ІІ
ІІІ
ІІІ
Келетінмін
Келетінсің
Келетінсіз
Келетін
Келетінбіз
Келетінсіңдер
Келетінсіздер
Келетін
Септік жалғауы
Септік жалғауы – көптік жалғауы сияқты сөзбен сөздің арасын
байланыстырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіреді. Септік жалғаулары
арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылаулармен де, олардан басқа
сөздермен де, тіпті өзді-өзі де қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, Олар
мектепке келді, Олар мектепке дейін келді, Оқушылар мектепте оқиды т.б.
Септік жалғауы дегендегі септік деген термин сеп ( жәрдем,көмек,
дәнекер ) деген ұғымды білдіреді. Осы сөзден туған септеу деген сөз екі түрлі
мағынада жұмсалады: бірі – екі нәрсені жалғау, ұластыру; екіншісі –
сөздердің септік жалғауларын қабылдап өзгеру жүйесі. Қазақ тілінде
мынадай септіктер бар:
1.Атау септіккім? не?
2. Ілік септіккімнің? ненің?-ның,-нің,-дың,-дің, -тың,- тің
3. Барыс септік кімге? неге?-а,-е,-қа,-ке,-ға,-ге,-на,-не
4.Табыс септік кімді? нені?-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті
5. Жатыс септік кімде? неде? -да,-де,-та,-те,-нда,-нде
6. Шығыс септік кімнен? неден? –дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен
7. Көмектес септік кіммен? немен? –мен,-бен,-пен,-менен, -бенен,-пенен.
Қазақ тілінде септелудің екі тҥрі бар:
1. Жай септелу – сөздердің түбір күйінде септелуі.Мысалы,үй, үй-дің, үй-ге,
үй-ді,үй-де, үй-ден, үй-мен.
2.Тәуелді септелу – сөздердің тәуелденіп барып септелуі. Мысалы, үй-ім,үй-
ім-нің,үй-ім-е,үй-ім-ді,үй-ім-де,үй-ім-нен,үй-ім-мен
Достарыңызбен бөлісу: |