Ауыспалы осы шақ
Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын
білдіретін нақ осы шақтың тҥрін атаймыз. Ауыспалы осы шақ
-а, -е, -й тұлғалы
көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен келе-мін, сен ойна-й-сың. Ол бар-а-
ды.
Ауыспалы осы шақ түрінің жіктелу үлгісі
Жақ
Жекеше түрі
Көпше түрі
І
ІІ
ІІІ
Айтамын, келемін
Айтасың, келесің
Айтасыз, келесіз
Айтады,
келеді
Айтамыз, келеміз
Айтасыңдар, келесіңдер
Айтасыздар, келесіздер
Айтады, келеді
КЕЛЕР ШАҚ
Келер
шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатынын
білдіреді. Мысалы: Ол университетке ерте бармақ. Сендер үйге келерсіңдер. Келер шақ
мағынасы мен жасалуына қарай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ және ауыспалы
келер шақ болып үшке бөлінеді.
1.Болжалды келер шақ: Қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін дәл көрсетпей,
болжай ғана айтылуын білдіреді.Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің -ар, -
ер, -р, болымсыз етістіктен кейін -с жұрнағы жалғанып,
одан кейін жіктік жалғауы
жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Біз бар-ар-мыз, сіздер кел-ме-с-сіздер.
Болжалды келер шақтың жіктелу үлгісі
Жақ
Жекеше түрі
Көпше түрі
І.
ІІ.
ІІІ.
Бар-ар-мын, кел-ме-с-пін
Бар-ар-сың, кел-ме-с-сің,
Бар-ар-сыз, кел-ме-с-сіз,
Бар-ар-,
кел-ме-с-
Барар-мыз, кел-мес-піз
Барар-сың-дар, келмес-сің-дер
Барар-сыздар, келмес-сіз-дер
Барар-,
келмес-
Достарыңызбен бөлісу: