ауыспалы осы шақ бір-бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Мысалы: Ол
ағасының үйінде тұрады.
Мына мысалдарды салыстырып көріңіздер.
Осы шақ
Келер шақ
Ол үй
тапсырмасын кітапханада
орындайды.
Ол үй тапсырмасын
кешке орындайды
Бұл жерге үй
салынады
Құрылысшылар
келсе ғана үй бұл
жерге үй салынады
Мен
үнемі
денешынықтырумен
айналысамын.
Мен
ертең
денешынықтырумен
айналысамын.
ӚТКЕН ШАҚ
Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып, істеліп
кеткенін білдіреді. Мысалы, ол
оқуды бітірді, ол кезде сен оннан асқансың, оның бір
баласы болыпты. Өткен шақ мағынасы мен жасалуына қарай жедел
өткен шақ, бұрынғы
өткен шақ және ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: