Сайфуллаев бауыржан нұрымбетұЛЫ



Pdf көрінісі
бет13/175
Дата25.05.2024
өлшемі3.36 Mb.
#501851
түріПрактикум
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   175
Қозоқ тили практикуми

жырлағандай, табиғаттан асып, одан ада тұтып ешқайда кете алмасымыз анық. 
Ат айналып қазығын табар. Табиғатты сүю мен аялауды қазірден 
бастағанымыз жөн.
Бұлақтың сылдыры мен таудың жаңғырығын, қамыстың сыбдыры мен 
қайыңның күбірін естіген жан еріксіз тебіренеді. Тыныштық табады. Асқар 
тауға шығып та, сар жазыққа көз жүгіртіп те тыныштық табасыз. Табиғатты 
аялаған сайын адамның да жаны аяулы болады. Жаны таза, ниеті кіршіксіз 
жаратылысқа айналады. 
Демек, жанға шипа, көңілге медеу табар ортамызды неге сақтауға, аялауға 
тырыспасқа?! 
Қ.Слямбек 
26-жаттығу. Сөздерді буынға бөл. Буындардың түрін ажыратып ата.
Астық, қонақ, өт, өрт, бөбек, өрнек, құрақ, бұлақ, көлік, ән, ас, аң, терек, 
шөп, еңбек, табиғат, жазира, еңбек, талапкер, жазушы, дүние, жаратылыстану
біліктілік, оттық, орман. 
27-жаттығу. Сөздерді буынға бөліп оқып шығыңдар. Алдымен бір буынды 
сөздерді, онан кейін екі буынды сөздерді, ең соңында көп буынды сөздерді 
көшіріп жазыңдар. 
Көбелек, жапырақ, жаз, жайлау, жиналыс, суландыру, уақыт, аудан, өр, 
ылди, қоюлану, ұялшақ, бассайн, әдебиет, төрт, төрттік, бұлттану, көмектесу, 
ою, сай, сая, саяхат. 
28-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, ондағы сөздерді буын түрлеріне қарай 
талдаңдар. 
АСЫЛ ШӨП 
Зылиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне 
бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты. Зылиха аһілеп-уһілеп, 
Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Зылиха айтады: 
- Сен неге мәз болып, қуанып келесің? Төбеңдегі жәшіктің ауырлығы менің 
басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің. 
- Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, - дейді 
Бәтима. 
- Ай, ондай болса, сол шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды 
жеңілдетейін, - деді Зылиха. 


20 
- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын. Оның аты – «сабыр», - деп, 
айтқан екен. 
Ыбырай Алтынсарин 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет