Көшпелілер немесе дала өркениеті/КӨшпелі қОҒам эволюциясы көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата28.05.2024
өлшемі463.6 Kb.
#501979
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ҮМ 3.5 Көшпелі өркениетін зерттеу

Басқару жүйесі. Көшпелі қазақ қоғамында өзінің басқару жүйесі 
болды. Көне заманда 
қазақ 
жерінде сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың мемлекеттері болды. 
Орта 
ғасырларда наймандардың, керейлердің, жалайырлардың, қыпшақтардың мемле
кеттіліктері болды. XIV ғасырға дейін Қазақстан жерінде әр 
түрлі мемлекеттер болды, XV ғасырдан бастап Қазақ хандығы құрылды. 
Бұлардың барлығы да көшпелі қауымдастықтар құрған мемлекеттер. Сондықтан 
көшпелілерде мемлекеттілік болған жоқ, ал болса, "олар мемлекеттік басқару 
жүйесінің үлгісін отырықшы халықтардан алды, үйренді" деген пікірлер мүлдем 
қате. Қазақ жерінде хандық басқару жүйесі қалыптасқан XV—XVIII ғасырлар 
аралығындағы көшпелі қоғамның билік жүйесінде елдің ең жоғарғы саяси 


билігін хан жүргізді. Хан өкіметінің төмендегідей өкілеттігі және қызметі 
болды: 
1.

Хан бүкіл елдің, жердің иесі, қожайыны, басқарушысы болып есептелді. 


Қол астындағы елді, жерді қорғау — оның басты міндеті саналды. 
2.

Хан бөтен елге соғыс ашу немесе бейбітшілік жөнінде келісім жасауға 


құқылы болды. 
3.

Хан бүкіл қазақ елінің атынан шетелдермен келісімшарттар жасады. 


4.

Хан елдің жоғарғы сотының қызметін атқарды, біреуді өлім жазасына 


бұйыруға немесе кешіруге құқылы болды. 
5.

Хан бүкіл елге қатысты заңдар, Жарлықтар шығарды. 


Көшпелілерде қағандар, хандар, патшалар сияқты елбасыларына бағыну, 
солардың маңайына топтасу, ел бірлігін сақтау ежелден қалыптасқан дәстүр. 
Өйткені оларда ел басқарушы адамдарға табыну дәстүрі болды. Сонау ғұндардың 
тәңірқұтыларынан, 
көне 
үйсіндердің 
күнбилерінен 
бастап, түркілердің қағандарына дейін ел басқарушыны Тәңірдің жердегі өкілі 
деп түсінді. Түркі заманының қоғамдарында қазақ хандарын да солай құрметтеді. 
Оларды хан сайлағанда, боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ киізге отырғызып 
көтерді. Қазақ хандарының жанында ақылшысы, кеңесшілері, төбе билері
жасақтары, іс жүргізуші мемлекеттік қызметкерлері болды. Хан жергілікті 
жерлерді өзінің әрбір жүздегі өкілдері — сұлтандар арқылы, үлкен тайпа 
көсемдері 
— 
билер, ру-тайпа ақсақалдары арқылы 
басқарды. Қазақ жүздерін, үлкен тайпалар мен руларды 
басқаруда билер кеңесі үлкен рөл атқарды. Жергілікті жердегі билікті билер, ру 
ақсақалдары жүргізді. Мемлекеттік істерді бүкіл үш жүздің билік өкілдері 
жиналған құрылтайда, халық жиналыстарында шешті. Ел ішіндегі істерді — ру, 
тайпа, жүздер арасындағы жер дауын, жесір дауын, үлкен барымталар дауын үш 
жүздің басы қосылған үлкен астарда да шешіп отырды. XVIII ғасырдың бірінші 
ширегіне дейін, яғни қазақ жерінРесей империясы жаулап ала бастағанға дейінгі 
көшпелі, жартылай көшпелі қазақ қоғамындағы саяси билік түрі — хандық 
басқару болды. Сонымен қатар ел басқару жүйесінде ежелден келе жатқан 
дәстүрлі қоғамның потестарлық билік жүйесі кең орын алды. Потестарлық билік 
жүйесі дегеніміз — таптық қоғамға дейінгі және таптық қоғамның бастапқы 
сатысында сақталатын дәстүрлі билік жүйесі. Ол бойынша елді ханмен бірге ел 
арасындағы беделді ақсақалдар, билер, батырлар басқарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет