19
2. Ас – адамның арқауы.
3. Алтын-күміс тас екен,
Арпа-бидай ас екен.
4.Астың дәмін кіргізер тұз – әулие
Алысты жақын етер қыз – әулие.
5.Дастарқанында наны жоқтың,
Тамағының сәні жоқ.
6.14. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
Айран, қатық, сүзбені сиырдың, қойдың сүтінен дайындайды. Түйенің
сүтінен шұбат жасайды. Жылқының сүтінен қымыз ашытады. Сиырдың
сүтінен дайындалған айран, қатық, құрт, ірімшік денсаулыққа өте пайдалы.
Жылқы етінің адам ағзасына пайдасы зор.
Жылқының қазысы мен
қартасы, жалы мен жаясы – қазақ дастарқанының сәні.
7 Өз өлкеңді таны. Жалпы және жалқы зат есімдер. Деректі және дерексіз
ұғымдардың атауы. Күрделі атауларда тәуелдік жалғауының
қолданылуы.
Өз өлкеңді таны
Туған жердей жер болмас,
туған елдей ел болмас.
Мақал.
Қазақстан – Еуразия құрлығының ортасында орналасқан мемлекет.
Негізінен қоңыржай белдеуді қамтиды. Қазақстан солтүстігінде Ресей
Федерациясымен,
шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Түрікменстанмен,
Өзбекстанмен, Қырғызстанмен шектеседі, батысында Каспий теңізі
орналасқан.
Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Астанасы – Нұр-
Сұлтан қаласы. Астананың атауы елдің
тұңғыш президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне 2019 жылы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді.
Әкімшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан
тұрады.
Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ұлттық валютасы – теңге. Теңге
айналымға 1993 жылы 15 қарашада енгізілді.
Республика – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Ең
жоғарғы өкілді органы – Парламент. Парламент
республиканың заң шығару
қызметін жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін ек палатадан:
Сенаттан және мәжілістен тұрады.
Қазақстанның Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады. Олардың
өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестік төрағасын
республика президенті тағайындайды.
20
Республикада сот төрелігін сот қана жүзеге асырады.
Сот Қазақстан
Республикасының Жоғары соты және жергілікті соттардан тұрады.
Қазақстан кең байтақ, мұнайлы, шұрайлы жерде орналасқан. Оның жер
қойнауында Менделеев кестесінің 105 элементінің 99 табылған. Батысында
мұнай мен газдың қорлары бар. Бұл арқылы Қазақстан әлемнің ірі мұнай
өндіретін мемлекеттерінің қатарына қосыла алады.
Достарыңызбен бөлісу: