К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы



Pdf көрінісі
бет17/62
Дата29.05.2024
өлшемі0.99 Mb.
#502066
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62
ҚАЗАҚ ТІЛІ оқулығы

Тапсырмалар:
7.1.Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз: қоңыржай белдеу, 
ұлыс, құрмет, маңыз, айналым, басқару нысаны, өкілді орган, өкілеттік, 
тағайындайды, сот төрелігі, шұрайлы, мұнайлы, кең байтақ, жер 
қойнауы.
7.2.Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құраңыздар. Сөйлесімде қолданыңыздар. 
7.3.Мәтінді тыңдаңыздар, оқыңыздар, түсініңіздер. 
7.4.Өлке сөзінің синонимдерін жазып алыңыз. Сөйлесімде қолданыңыз. Өлке 
– аймақ, өңір, атырап, маң. 
7.5.Жалпы және жалқы зат есімдерді, деректі және дерексіз ұғымдарды еске 
түсіріңіздер. Мәтіннен аталған түрлерге мысалдар келтіріңіздер.
7.6.Мәтіндегі жеті абзацтың ішінен қалаған біреуін толықтырып, қосымша 
ақпарат қосып әңгімелеңіз. 
7.7.Тақырып бойынша сұхбаттасыңыздар. Өз өлкелеріңіз туралы пікір 
алмасыңыздар. Үлгіні қолданыңыздар. Үлгі: 
Алматы - ең әдемі қала. Ол – 1854 жылы бұрынғы «Алмалық» деген 
қазақ қыстағының орнына салынған Верный бекінісі. Ал 1867 жылы 
Верный қаласы деп аталады. 1921 жылы Алматы қаласы деп аталды. 
1998 жылға дейін Қазақстан мемлекетінің астанасы болып саналды.
 . . .  
7.8.Тақырып бойынша әңгімелеңіз. 
Жер-Ананы аяла 
 
«Жер» деген сөздің көп мағынасы бар. Жер дегеніміз – ел, Отан, 
халық. Адамдар үшін жерде жұмыс істеуден, өз жерін қорғаудан маңызды 
ештеңе болмаған.
Көпке дейін адамдар табиғатты, жерді өзңне бағындырғысы, 
табындырғысы келді. Жауды бағындырады, ал адамзаттың тіршілік көзі 
болған Жер-Ананыбағындыра алмайды! Шындыққа тура қарайтын кез 
келді, Жер-Ана жаралы.
Ядролық жарылыстар – жер үшін ең қорқынышты қауіп-қатер
Семейде ең алғаш жарылыс 1949 жылдың 29 тамызында жасалыпты. Ал 
соңғысы 1989 жылдың 19 қыркүйегінде болды. Осы 40 жыл ішінде 
470ьядролық жарылыс жасалған. Олардың 90-ы әуеде, 26-сы жер бетінде, 
қалғаны жерастында өткізілген.


21 
Ойлап қараңызшы, Байқоңыр да сынақ алаңы. Бұған Арал қасіретін 
қосыңыз.
Қазақстанның барлық аймағы көмекке зәру. Емдейтін, қорғайтын 
уақыт келді. Осы тұңғиықтан шығуға бола ма? Бүгінгі ұрпақ, бұл сіздердің 
азаматтық көзқарастарыңызға байланысты.
Сөздік: 
бағындыру, табындыру – властвование, укрощение 
тіршілік көзі – источник жизни 
қауіп-қатер – опассность, тревога 
ядролық жарылыстар – ядерные испытания 
зардап шегу – нанести убыток 
сынақ алаңы – испытательная зона, полигон 
Арал қасіреті – трагедия Арала 
көмекке зәру – нуждается в помощи 
азаматтық көзқарас – гражданская позиция 
7.9. Мәтін бойынша ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз. 
1. Қазақстанның табиғаты қандай? 
2. Қазақстанда табиғаты әсем жерлер бар ма? 
3. Экологиялық апат, экологиялық дағдарыс туралы не айтасыз? 
4. Экологиялық аймақ, елдер туралы не білесіз? 
7.10.Төмендегі пікірмен келісесіз бе? Әлде қарсы пікір айтасыз ба? 
1. Қазіргі кезде экология туралы көп айтады, жазады, бірақ нәтиже жоқ. 
2. Экологиялық апат адамдардың әрекетіне байланысты емес. 
3. Жерде табиғат ресурстары шектеусіз. 
4. Адамдар табиғат берген байлықты тиімді, үнемдеп пайдаланады. 
5. Экологиялық қасірет – экологиялық апат болған жердегі адамдардығ 
қасіреті. 
6. Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері қоршаған ортаға тек қана 
зиян әкеледі. 
7. Жер шарын экологиялық апаттардан құтқару үшін адамдар 
табиғатпен тіл табысуы керек.
8. Жерді Ана деп айта алмаймын. 
9. Көшпенділіктің жерге пайдасы мол. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет