тей алмауының салдары.
Құқықтық нормалар негізгі үш жолмен қалыптасты:
1) мононормалардың (алғашқы қауымдық əдет-ғұрыптардың)
əдет құқығының нормаларына айналуы жəне осыған байланысты
оларды мемлекеттің санкциялауы;
2) құқық нормаларынан құралған арнайы құжаттарды – норма-
тивтік актілерді – шығарудан көрініс
тапқан мемлекеттің құқық-
шығармашылық қызметі;
3) сот жəне əкімшілік органдарымен қабылданатын нақты
шешімдерден құралған жəне басқа да ұқсас істерді шешуде үлгілік
сипатты иеленетін прецеденттік құқық.
№ 17 кесте
Құқықты қалыптастырудың негізгі
жолдары
Алғашқы қауындық əдет-
ғұрыптық нормаларды
мемлекетпен санкциялау
жəне оларды əдет
құқығының нормаларына
айналдыру, оларды
мемлекет тарапынан
қорғау
Заңдық прецедент (нақты
бір іс бойынша соттық
немесе əкімшілік шешім),
оған мемлекет ұқсас істер
бойынша заңдық міндетті
күш береді
Мемлекеттік құқықтық
нормалардан тұратын
жаңа нормативтік
актілерді шығаруы