Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы



Pdf көрінісі
бет29/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

13 тақырып.
ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖƏНЕ МƏНІ 
1. Құқықтың түсінігі жəне белгілері. 
2. Құқықтың мақсаты. 
3. Құқықтың құндылығы. 
4. Құқықтың мəні. 
5. Құқықтың объективтік жəне субъективтік мағынадағы тү-
сінігі. Табиғи құқық. Позитивтік құқық. Бұқаралық жəне жеке құ-
қық.
6. Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші 
ретінде. 
1. Құқықтың түсінігі жəне белгілері. Құқық – бұл қоғамдық 
қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтыры-
латын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды 
анықталған заң нормаларының жүйесі. 
Құқықтың белгілері: 
1) еріктілік сипаты; 
2) жалпыға міндеттілігі; 
3) нормативтілігі; 
4) мемлекетпен байланысы; 
5) формальды анықталғандығы; 
6) жүйелілігі. 
2. Құқықтың мақсаты. Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты 
қоғамдағы бостандықты нормативтік тəртіпте қамтамасыз етуінен 
жəне кепілдеуінен, əділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық 
өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді жоя отырып, 
қоғамдағы экономикалық жəне рухани факторлардың əрекет 
етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.
3. Құқықтың құндылығы – бұл құқықтың азаматтардың жəне 
жалпы қоғамның əлеуметтік əділетті қажеттіктері мен мүдделерін 
қамтамасыз ету құралы мен мақсаты ретінде қызмет ете алу 
қабілеті. Құқықтың əлеуметтік құндылығының төмендегідей 
негізгі көріністерін атап өтуге болады: 
1) құқық адамдардың əрекеттеріне ұйымдастырушылықты, 
тұрақтылықты, үйлесімділікті дарыта отырып, олардың бақы-
лануын қамтамасыз етеді, осы арқылы ол қоғамдық қатынастарға 
реттеушілік элементін енгізе отырып, оларды өркениетті құбы-
лысқа айналдырады; 


2) құқық тұлғалардың ерекше мүдделерін үйлестіру арқылы 
олардың жүріс-тұрысы мен қызметіне əсерін тигізеді, яғни, құқық 
жеке мүдделерді басып-жаншымайды, керісінше, оны қоғамдық 
мүддемен үйлестіреді; 
3) құқық тұлғаның қоғамдағы бостандығын көрсетуші жəне 
анықтаушы болып табылады жəне осы бостандықтың шегін, 
шамасын анықтайды; 
4) құқық əділеттілік идеясын көрсету қабілетіне ие, яғни, құқық 
материалдық игіліктердің дұрыс жəне əділетті бөлінуінің талап-
тарын орнықтырады, барлық азаматтардың заң алдындағы теңді-
гін бекітеді; 
5) құқық қоғамдық дамудың тарихи кезектілігіне сəйкес қоғам-
ның жаңаруының қайнар көзі болып табылады; əсіресе, оның 
құндылығы тоталитарлық режимдердің құлауы мен жаңа нарық-
тық механизмдердің бекітілуі жағдайларында өсе түседі; 
6) құқықтық тəсілдер халықаралық жəне ұлтаралық сипаттағы 
мəселелерді шешудің негізі жəне жалғыз құралы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет