Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы



Pdf көрінісі
бет32/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

14 тақырып.
ҚҰҚЫҚТЫ ТҮСІНУДЕГІ ҚАЗІРГІ КЕЗГІ БАҒЫТТАР 
1. Нормативистік бағыт. 
2. Құқықтың табиғи-құқықтық теориясы. 
3. Құқықтың діни теориясы.
4. Құқықтың тарихи мектебі. 
5. Психологиялық бағыт. 
6. Социологиялық бағыт. 
7. Марксистік бағыт. 
8. Интегративтік бағыт. 
1. Нормативистік бағыт. Оны жақтаушылар (Штаммлер, Но-
вогородцев, Кельзен жəне т.б.) құқыққа мемлекетпен қорғалатын 
нормалар жиынтығы ретінде анықтама береді. Нақты айтқанда, 
Кельзеннің концепциясына сəйкес, құқық нормалар жүйесі (пира-
мидасы) ретінде түсіндіріледі, оның ең басында заңшығарушы 
қабылдаған негізгі (егеменді) норма тұрады, жəне бұл жердегі 
əрбір төменгі норма өз заңдылығын заңды күші жоғары нормадан 
алады. Құқық туралы нормативистік бағыттың мазмұны ақиқатқа 
мемлекет қабылдаған нормативтік актілер негізінде қарау арқылы 
анықталады. 
2. Құқықтың табиғи-құқықтық теориясы. Бұл құқық Тео-
риясын жақтаушылар (Т.Гоббс, Д.Локк, А.Радищев жəне т.б.) 
мемлекет орнықтыратын құқыққа қоса адамға тумысынан 
берілетін табиғи құқық та болады деп санаған. Бұл – өмір сүруге, 
бостандыққа, теңдікке, меншікке жəне т.б. құқық. Яғни, табиғи 
құқық (адамның табиғи, мəңгі, өзгермейтін құқықтарының жиын-
тығы) – қолданыстағы құқыққа (заңдар, прецеденттер) қарағанда 
жоғары құқық, бұл өз бойына сана мен мəңгілік əділеттілікті 
сіңіре білген құқық. Бұл теорияның шеңберінде құқық пен заң 
бөліп қарастырылады, яғни, позитивтік құқықпен (мемлекет 
қабылдаған заңдармен) қатар адамға туған сəтінен тиесілі жоғары, 
шынайы, табиғи құқық та болады.
3. Құқықтың діни теориясы құқықты түсіндіруде құдай 
кітаптарына, ең алдымен, Інжілге негізделеді. Бұл теорияның 
өкілдері (Аристотель, Фома Аквинский жəне т.б.) егер адамға 
табиғи құқықтар туған сəтінен берілсе, оларды Құдай беруі 
мүмкін деп санаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет