Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


 Құқық пен моральдың арақатынасы



Pdf көрінісі
бет39/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

2. Құқық пен моральдың арақатынасы. Мораль – бұл адам-
дардың жүріс-тұрысын жақсылық пен жамандық, əділеттілік пен 
əділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың 


жүйесі. Құқық – бұл мемлекетпен орнықтырылған жəне қамтамы-
сыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жал-
пыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқық пен моральдың ортақ белгілері: 
1) əлеуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең кеңінен 
таралған, кешенді нормалар болып табылады; 
2)олардың реттеу объектісі біреу – қоғамдық қатынастар; 
3) олар түп негізінде қоғамның өзінен туындайды.
Құқық пен моральдың арасындағы айырмашылықтар төмен-
дегідей: 
1) пайда болуы бойынша: егер мораль қоғаммен бірге пайда 
болса, құқық мемлекетпен бірге пайда болады; 
2) көріну нысаны бойынша: мораль қоғамдық қатынастардан 
көрініс тапса, құқық жазбаша нысандағы арнайы нормативтік 
актілерден көрініс табады; 
3) əрекет ету саласы бойынша: мораль барлық қоғамдық 
қатынастарды реттей алады, ал құқық аса маңызды жəне өзі рет-
тей алатын қоғамдық қатынастарды ғана реттейді
4) күшіне ену мерзімі бойынша: моральдық нормалар олардың 
түсіну барысында күшіне енсе, құқықтық нормалар нақты анық-
талған мерзімде күшіне енеді; 
5) қамтамасыз ету тəсілі бойынша: моральдық нормалар қоғам-
дық əсер ету шараларымен қамтамасыз етілсе, құқықтық нормалар 
мемлекеттік əсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі; 
6) бағалау негізі бойынша: моральдық нормалар қоғамдық қа-
тынастарды жақсылық пен жамандық, əділеттілік пен əділетсіздік 
тұрғысынан реттесе, құқықтық нормалар оларды заңдылық пен 
заңсыздық, құқыққа сəйкестік пен құқыққа қайшылық тұрғысынан 
реттейді.
3. Құқық жəне діни нормалар. Діни нормалар деп əртүрлі 
діндермен орнықтырлған жəне осы дінге сенуші тұлғаларға мін-
детті болып табылатын ережелерді атайды. Олар əртүрлі діни 
кітаптарда көрініс тапқан: Құранда, Інжілде, Тəуратта, буддистер-
дің діни кітаптарында жəне т.б. Бұл нормалар діни бірлестіктердің 
ұйымдастырылуының жəне қызмет етунің тəртібін анықтайды, 
діни рəсімдерді орындау, шіркеулік қызмет тəртіптерін реттейді.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бірқатар дəуірлерде діни норма-
лар заңды сипатты иеленіп, кейбір мемлекеттік, саяси, азамттық-
құқықтық, отбасы-некелік жəне т.б. қатынастарды реттеген. Қа-
зіргі кездегі бірқатар ислам мемлекеттерінде Құран мен Сүннет 
мұсылмандардың өмірінің барлық салаларын реттейтін діни


құқықтық жəне моральдық нормалардың негізі болып табылады.
Діни ұйымдар орнықтырған нормалар бірқатар қатынастарда 
қолданыстағы құқықпен тығыз байланысқа түседі. Мысалы, 
Конституция əрбір адамға ар-ождан бостандығын, кез-келген дінге 
еркін түрде сену құқығын кепілдей отырып, діни ұйымдардың 
қызметінің құқықтық негізін бекітеді. Діни бірлестіктерге заңды 
тұлға мəртебесі берілуі мүмкін. Олар шіркеулерге, оқу орында-
рына иелік етуге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет