термоконтейнерлер, мұз салынған термос, флакондарға салынған ІҚМ
бауырының кесінділері, физиологиялық ерітінді,
антибиотиктер, фарфордан
жасалған үккіш, стерильді кварцты құм, механикалық дозаторлар мен бір рет
қолданылатын ұштамалар, центрифуга, тоңазытқыш, термостат.
Вирусологиялық зерттеу жұмыстарына патологиялық материалдан
вирусты анықтау (индикация), вирусты бөліп алу (изоляция) және вирустың
түрін анықтау (идентификация) жатады.
Патологиялық материалды ауру немесе өлген жануарлардан алынған
материал
ретінде қарастыру керек, оның құрамында аурудың қоздырғышы
(вирусы) немесе осы қоздырғышқа қарсы антиденелер болады.
Зертханаға жеткізілген патологиялық материал шартты түрде бастапқы,
яғни ол ауру немесе өлген жануарлардан тікелей алынған болып есептеледі.
Патологиялық материалға қойылатын негізгі талап – ондағы вирус
максималды концентрацияда сақталуы керек. Оған келесі ережелерді сақтау
арқылы қол жеткізіледі:
- патологиялық материалды аурудың жіті ағымындағы клиникалық
белгілері айқын байқалған, құлаған және мәжбүрлеп өлтірілген жануарлардан (
өлген немесе сойылған кезден бастап бір-екі сағаттан кешіктірмей) «уақыт
ережесі» бойынша алынады;
- патологиялық материал вирустың тропизмін ескере отыра, патологиялық
процесс дамыған мүшелерден алынады («орын ережесі»);
- патологиялық материалды алу жұмыстары асептика және антисептика
ережелерін сақтай отыра жүргізіледі:
бір реттік стерильді құралдар;
материалдың түрі және жануардың түрі немесе инвентарлық нөмірі көрсетілген
этикеткалары бар контейнерлер; кең спектрлі антибиотиктер мен
саңырауқұлақтарға қарсы препараттардың ерітінділері қолданылады.
Ауру және вирус жұқтырған деп күдіктенген жануарлардан әртүрлі
патологиялық материалдар алынады.
Мұрынның шырышты қабығынан, көз конъюнктивасынан, ауыз қуысынан,
жұтқыншақтың артқы қабырғасынан, жыныс мүшелерінен, тік ішектен,
құстардың клоакасынан шайындылар (мысалы, ірі қараның вирустық
пневмоэнтеритіне, шошқаның трансмиссивті гастроэнтеритіне,
құс тұмауына
және т.б. күдіктенген жағдайда) мақта-дәке тампонмен немесе қатты бір реттік
зондпен алынады және тасымалдауға арналған ортада (антибиотиктер қосылған
физиологиялық ерітінді, рН 7,0-7,2) бар құтыларға салынады.
Вирусты бөліп алу үшін қан (мысалы, ірі қара лейкозына күдікті
жануардан және т.б. ) бір реттік қан алуға арналған жүйелермен (мысалы,
вакуумдық жүйелер) мойын немесе құйрық көк тамырынан алынады. Қанның
құрамынан вирусты жайылған вирустық инфекция, яғни вирусемия кезеңінде
(ІҚМ обасы, шошқалардың классикалық және африкалық обасы, қойлардың
катаральды қызбасы және т.б.) анықтауға болады.
Қан сарысуының құрамындағы антиденелер
титрінің динамикасын
анықтау үшін қан сынамалары екі рет алынады: клиникалық белгілері анық
байқалған уақытында және екі аптадан кейін жануардың сауығу
реконвалесценция) кезеңінде. Екінші сынама зертханаға жеткізілгеннен кейін
тез арада зерттеу жүргізіледі.
Терінің және шырышты қабықтың зақымдалған аймақтары (мысалы,
шешекке күдіктенген жағдайда папула қабырғалары немесе қабыршықтары;
аусылда афталары; иттердің обасында папула немесе пустула қабырғалары)
пинцетпен немесе скальпельмен кесіп алынады да стерильді контейнерге
салынады.
Нәжіс
(ротавирустық
немесе
коронавирустық
инфекцияларға
күдіктенгенде және т.б.) тікелей тік ішектен
шпатель көмегімен алынып,
стерильді контейнерге салынады.
Зәрді катетермен жинап алып, стерильді контейнерге салады. Везикулярлы
сұйықтық пен сілекей шприцпен немесе Пастер пипеткасымен жиналып
алынады және стерильді контейнерге салынады.
Жұлын сұйықтығы асептикалық жағдайда стандарты әдіс бойынша
пункция арқылы алынады.
Вирус
жұқтырған
деп
күдіктенген
өлекселердің
патологиялық
материалдарынан салмағы 5-10 г аспайтын шағын сынамалар алынады.
Оларға:
- өзгерген мүшелердің ұлпалары;
- паренхиматозды мүшелердің ұлпасы (бауыр, бүйрек, көкбауыр);
- өзгеріске ұшыраған ұлпалардың жанында орналасқан регионалдық лимфа
түйіндері;
- болжамды аурудың патогенезіне сәйкес вирусты анықтауға болатын
патологиялық өзгерістері байқалмаған мүшелердің ұлпалары (мысалы, ірі қара
малдың жұқпалы ринотрахеиті кезіндегі түсік пен ұрықтың қабықшалары;
Ауески және Ньюкасл ауруларында бас миы; құтырықта бас және т.б.) жатады.
Ылғалға төзімді контейнердегі патологиялық
материалдар мұз немесе
салқындатқышы бар термосқа салынады, паренхиматозды мүшелердің ұлпа
кесінділері үшін консервациялаушы ерітіндіні (физиологиялық ерітіндідегі 50%
глицерин) қолдануға болады. Дегенмен, иммунофлуоресценция әдісімен
зерттеуге арналған паренхиматозды мүшелердің ұлпа кесінділерін мұндай
ерітіндімен консервациялау ұсынылмайды.
Патологиялық материал ілеспе құжатпен бірге алынған сәттен бастап 4
сағаттан
кешіктірілмей
зертханаға
жеткізілуі
тиіс.
Ілеспе
хатта
шаруашылықтың, ферманың немесе бөлімшенің, клиниканың атауы (заңды
мекенжайы); жануарлардың түрлері; қойылған болжамды диагнозы; сынамалар
саны; мал дәрігерінің аты-жөні мен күні; ветеринариялық зертхананың атауы
(заңды мекенжайы) көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: