3 тақырып. ВИРУСТАРДЫҢ ТІРШІЛІК ЕТУ ФОРМАЛАРЫ.
ВИРУСТАРДЫ ВИРИОНДАРЫ ЖӘНЕ ЖАСУША ІШІЛІК
ДЕНЕШІКТЕРІ БОЙЫНША АНЫҚТАУ
Сабақтың мақсаты: жануарлар организмінде вирустардың тіршілік ету
формаларын зерттеу; вирустарды вириондары мен жасушаішілік денешіктері
бойынша анықтау әдісімен танысу.
Сабақтың материалдық қамтамасыз етілуі: көгершіндердің шешек
вирусының вакциналық штамымен жұқтырылған
тауық эмбриондарының
хориоаллантойсты қабықшасы; майсыздандырылған зат шынылары; аинцеттер,
спирт шамдары, Петри табақшалары; № 1, 2, 3 реактивтер; иммерсионды май,
дистильденген су; жарық бергіші бар микроскоптар.
Вирустар макроорганизм денесінде жасушасынан тысқары немесе жасуша
ішінде орналасуы мүмкін. Бірінші жағдайда жасушадан тыс, екіншісінде
жасуша ішілік деп аталады.
Вирустардың жасушадан тыс түрлері
вирион, сонымен қатар
элементарлы
денешіктер,
вирустық бөлшектер деп аталады және олардың пішіндері
сфералы, кубты, оқ тәрізі, т.б. болып келеді.
Бұлар жетілген, бірақ белсенді
емес, яғни репродукцияланбаған вирустық денешіктер. Бұл түрдегі вирустар
жасушадан тыс орналасып, өздерінің инфекциялық белсенділігін сақтайды
және жасушадан жасушаға, сондай-ақ бір организмнен екіншісіне өтеді.
Вирустардың вириондары электронды микроскопия арқылы анықталады.
Алайда ең ірі вирустардың (
Poxviridae тұқымдасы) вириондары үшін жарық
микроскопия әдісі де қолданылады. Электронды микроскопия әдісі вирионның
ультрақұрылымын анықтауға және вирустың
кейбір ерекшеліктерін ғана
сипаттауға мүмкіндік береді. Мысалы, вирионның пішіні, оның мөлшері,
симметрия түрі, пепломерлері (өскіндері) бар пеплостың (суперкапсидтің)
болуы, капсомерлердің саны сияқты көрсеткіштерін айқындауға. Ол үшін
микрофотосуреттер жасайды.
Электронды микроскопия жүргізілер алдында арнайы препараттар
дайындалады. Осы мақсатта құрамында вирусы бар материал суспензияланып,
электрондарды нашар сіңіретін коллодий немесе таза көміртектен жасалған
төсеніші бар арнайы тордың беткейіне біркелкі жағылады. Препараттың
электронды тығыздығын арттыру үшін оны осмий оксиді буымен өңдейді.
Сонымен қатар препаратқа ауыр металдарды (алтын, палладий және т.б.) бүрку
әдістері
қолданылады, олар вирустық бөлшектердің пішінін жақсы көрінуіне
ерекше әсер етеді, өйткені олар вирионның беткейлік құрылымдарына терең
енеді. Препаратқа ерітінді құйылған жағдайда вириондардың конфигурациясы
пластмассадан жасалған матрица-репликаларға нақты басып шығарылады.
Вириондардағы ақуыз суббірліктерінің симметриясы мен таралуы рентгендік
құрылымдық талдау арқылы зерттеледі. Кейбір
вирустар вириондарының
электронды микрофотографиялары А қосымшасында келтірілген.
Электронды микроскопия әдісімен ауру (өлімге ұшыраған) жануарлардан
алынған материалдардың құрамынан вирус вириондарының айқындалуы
вирусты идентификациялауға және нақты диагноз қоюға мүмкіндік бермейді,
өйткені бір тұқымдасқа жататын әртүрлі вирус вириондарының морфологиялық
ерекшеліктері ұқсас болып келеді. Сонымен қатар, бұл әдіс технологиялық
жағынан күрделі және қымбат болып қала беретіндіктен
оны жануарлардың
вирустық ауруларын диагностикасында кеңінен қолдануға мүмкіндік бермейді.
Электронды микроскопия әдісімен ауру (өлімге ұшыраған) жануарлардан
алынған материалдардың құрамынан вирус вириондарының айқындалуы
вирусты идентификациялауға және нақты диагноз қоюға мүмкіндік бермейді,
өйткені бір тұқымдасқа жататын әртүрлі вирус вириондарының морфологиялық
ерекшеліктері ұқсас болып келеді. Сонымен қатар, бұл әдіс технологиялық
жағынан күрделі және қымбат болып қала беретіндіктен оны жануарлардың
вирустық ауруларын диагностикасында кеңінен қолдануға мүмкіндік бермейді.
Жарық микроскопия әдісі тек шешек вирусының вириондарын анықтауда
ғана қолданылады,
өйткені олар ең ірі вирустар, мөлшерлері 300-450 нм
аралығында болады 1-суретте ХАҚ дайындалып, М.А. Морозов
әдісімен боялған жағындыдағы құс шешегі вирусының вириондары
көрсетілген. Шешек ауруының белгілері бар (папула немесе везикула
сатысында) тері немесе кілегейлі қабықша аймақтарынан зат шыныларының
беткейіне жағынды – таңба дайындап, М.А. Морозов әдісімен бояйды.
Достарыңызбен бөлісу: