Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


М. Морозов бойынша бояу әдісі



Pdf көрінісі
бет75/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   146
вирус

М. Морозов бойынша бояу әдісі 
І. № 1, 2, 3 реактивтер бояр алдында 
дайындалады. 
№ 1 реактив – Руге сұйықтығы: 1,0 мл 
сірке қышқылы, 2,0 мл формальдегидтің 40 
%-ды ерітіндісі, 100,0 мл дистильденген су 
бір ыдыста араластырылады; 
№ 2 реактив – улағыш (өңдеуші): 5,0 г 
танинді 100,0 мл дистильденген суда 
араластырып, 1,0 мл карбол қышқылын 
(фенол) қосады. Қоспаға 5,0 мл эфир 
қосылады. Қоспа бір сағат аралығында 
лайланбауы қажет; 
№ 3 реактив – күміс аммиак ерітіндісі. 
5,0 г кристалды азотқышқылды күмісті 100,0 
мл дистильденген суда ерітеді. Оның үстіне 
аммиактың 20%-ды ерітіндісі опалесцирлеуші 
(бұлыңғыр) ерітіндіге айналғанға дейін 
тамшылата отыра қосылады. Пайда болған ерітінді дистилденген сумен 1:10 
қатынасында сұйылтылады. Дайын болған ерітінді қараңғы жерде, қақпағы 
жабық шыны ыдыста сақталады. 
ІІ. Бояу.
1 Препаратты № 1 ерітіндімен 3-5 минут бойы өңдегеннен кейін 
дистильденген сумен шаяды; 
2 Препаратты № 2 ерітіндіге салады және бір мезгілде 1-2 минут бойы 
қыздырады (бу пайда болғанша), сосын дистильденген сумен шаяды;
3 № 3 реактивті енгізеді де, қою қоңыр түсті рең пайда болғанша 
1-сурет. М. Морозов әдісімен 
боялған жағындыдағы 
шешек вирусының 
вириондары 
(Третякова И.В., 2022) 


қыздырады (1-2 минут). Содан кейін дистильденген сумен жақсылап шайып, 
ауада кептіреді. 
ІІІ. Жарық микроскопия. 
Дайын жағынды беткейіне иммерсионды май тамызады да ең үлкен 
ұлғайтымда қарайды. 
Нәтижесі: жеке шоғырлар немесе жағынды беткейіне жайылған сары түсті 
фонда ұсақ қою қоңыр түсті дөңгелек-сопақша пішінді дақтар түрінде көрінеді. 
Бұл дақтар элементарлы денешіктер (шешек вирусының вириондары) деп 
аталады. 
Шешек вирусын жарық микроскопия көмегімен зерттеу әдісі қарапайым 
және қол жетімді. Алайда, бұл әдістің кемшіліктері болып Poxviridae 
тұқымдасына жататын вирустардың түрлерін бір-бірінен ажырата алмайды
сонымен қатар вириондарды жасушаның өзінің вирионға ұқсас элементтерінен 
ажыратуға әрдайым мүмкіндік бола бермейді.
Жасуша ісінде вирустар (жасуша ішілік форма) репродукцияның кез 
келген сатысында – репродукцияланып жатқан белсенді вегетативті вирустық 
бөлшек, провирус және ақаулы (дефектілі) интерфирирлеуші вирус (АИ-
бөлшектері немесе АИБ) түрлерінде бола беруі мүмкін.
Провирус – бұл жасуша геномына (жасушалық ДНҚ) интеграцияланған 
вирустық нуклеин қышқылы (ДНҚ). Бұл формадағы вирус иесінің 
жасушасында (персистенция) ұзақ уақыт бойы сақталуы және вертикальды 
тәсілмен жұқтыру барысында ұрпақтан ұрпаққа берілуі мүмкін. Вирустың 
репродукциясына белгілі бір қолайлы жағдай туындағанда (мысалы, иесінің 
иммундық қорғанысы әлсірегенде, т.б.) провирустан вирус компоненттерінің 
транскрипция, трансляция және репликация үдерістері іске қосылып, 
вирионның құрастырылуымен және инфекциялық-белсенді формада жасушадан 
шығуымен аяқталады.
Ақаулы интерфирирлеуші вирустарға РНҚ немесе ДНҚ геномында ақауы 
бар вирустар жатады. Алайда олардың құрылымдық ақуыздары ата-ана 
вирусындағы сияқты қала береді. 
Инфекциялық белсенділігі жойылған АИ-бөлшектерінің (геномында ақауы 
бар) репликациясы ата-ана вириондарысыз жүрмейді. Алайда, жасушаларды 
АИ-бөлшектер мен толыққұнды вириондарды бірге жұқтырған жағдайда, 
соңғысы көмекші-вирустар немесе хелперлер болып табылады. АИ-бөлшектер 
өздерінің өндірісі үшін көмекші-вирустың гендік өнімдерін пайдаланады. 
Өзінің репликациясында хелпердің генінің өнімдерін пайдалана отыра АИ-
бөлшектер көмекші-вирустың репродукциясын басады (тежейді), бұл жағдайды 
вирусологияда интерференция деп атайды (лат. «inter» – өзара, «ferio» – басу), 
осыдан барып «ақаулы интерфирирлеуші бөлшектер» деген атау пайда болады. 
Көптеген вирустардың репродукциясы кезінде жасушада жасушаішілік 
құрылымдар, яғни денешіктер-қосылыстардың пайда болуы мүмкін. Олар 
жасушалардың ядросында немесе цитоплазмасында орналасып, ядролық немесе 
цитоплазмалық денешіктер-қосылыстар деп аталады. Негізінен олар вирустық 
нуклеопротеидтердің немесе вириондардың жеке компоненттерінің (мысалы, 
вирустық ақуыздардың) жиынтығы, сондай-ақ олардың комбинациясы болып 
табылады. Бұл «вирустық денешіктер-қосылыстар» деп аталады. Басқа 


жағдайларда бұл вирустардың репродукциясы нәтижесінде өзгеріске ұшыраған 
жасушалардың өз элементтерінің жиыналуы мүмкін, бұл «жасушалық 
денешіктер-қосылыстар» деп аталады. Соңында вирустық және жасушалық 
копоненттердің – аралас денешіктер-қосылыстардың жиналуы мүмкін. 
Денешіктер-қоспалардың өлшемдері жарық микроскопта әрең көрінетін 
мөлшерден жасуша ядросының өлшеміне дейінгі аралықта, ал олардың бір 
жасушадағы саны 1-ден 12-ге дейін болады. Кейбір вирустардың 
репродукциясы кезінде жасушаларда түзілетін денешіктер-қосылыстардың 
арнайы атаулары болады (алғаш сипаттама жасаған автордың тегімен). 
Мысалы, құтырық вирусының репродукциясы кезінде жүйке жасушаларының 
цитоплазмасында «Бабеш-Негри» денешіктері анықталады (2-сурет); сүт 
қоректілердің оба вирусында – эпителий жасушаларының цитоплазмасында 
«Гварниери» денешігі (3-сурет); құстардың оба вирусында – тері мен эпителий 
жасушаларының 
цитоплазмасында 
«Боллингер» 
денешігі 
(4-сурет); 
етқоректілер оба вирусында – көптеген жасушалардың цитоплазмасында 
«Лентц» денешігі; тауықтардың инфекциялық ларинготрахеитінде – 
эпителиалды жасуша ядросында «Зейфред» денешігі және т.б. айқындалады.
Жиі 
жағдайда 
РНҚ-геномдық 
вирустардың 
репродукциясы 
кезінде 
цитоплазмалық, ал ДНҚ-геномдық вирустардың репродукциясында ядролық 
денешіктер-қосылыстар 
анықталады. 
Алайда, 
қызылша 
вирусының 
репродукциясында денешіктер-қосылыстар жасуша ядросында да және 
цитоплазмасында да түзіледі (қос типті).
Вирусы бар материалдардың құрамынан жасушаішілік денешіктер-
қосылыстарды жарық микроскопия әдісімен көруге болады, бірақ бұл әдіс 
вирустарды идентификациялауға және түрлерін ажыратуға мүмкіндік бермейді, 
сондықтан бұл әдіс зертханалық зерттеудің көмекші әдісі ғана болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет