Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


" (Платон. Соч. в 3-х т. М., 1970, 142-



Pdf көрінісі
бет75/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   130
Философия Оқулық (3)

" (Платон. Соч. в 3-х т. М., 1970, 142-
бет). 
Құндылықтар мəселесінің XІX ғасырдың ортасына дейін философиялық 
талдаудың дербес объектісіне айналмағанын айта кетуіміз керек. Антикалық 
философияда ғана емес, онан кейінгі орта ғасырлар мен жаңа заман 
философиясында да құндылықтық сипаттамалар нақтылық, болмыстың 
шынайылығы ұғымдарына енгізілді. Классикалық философияда құндылықтар 
болмыспен тұтас күйінде қарастырылды жəне сондықтан аксиология дербес 
философиялық пəн ретінде бөлініп шыққан жоқ. Аксиология философиялық 
зерттеудің дербес аймағы ретінде болмыс ұғымы екі элементке ыдырағанда 
ғана пайда болды: нақтылық пен құндылық əртүрлі талап пен ұмтылыстардың 
объекті ретінде қарастырылғанда аксиологияның басты мақсаты болмыстың 
жалпы құрылымындағы құндылықтың мүмкіндігін жəне оның нақтылық 
айғақтарына деген қатынасын көрсету. Мəдениеттің маңызды компоненті 
ретіндегі, адамның нақтылықты рухани-практикалық игеруінің негізі жəне 
реттеушісі ретіндегі құндылықтардың теориялық талдануы философиялық ой 
тарихында əртүрлі бағыттармен сипатталады. Бұл бағыттардың арасында 
мынадай типтерді атап өтуге 
болады: натуралистік психологизм, 
трансцендентализм, мəдени-тарихи релятивизм жəне социологизм. 
Натуралистік психологизм өкілдерінің (А.Мейног, Р.Б.Перри, Дж.Дьюи 
жəне т.б.) тұжырымдауынша құндылықтың қайнар көзі индивидтің 
биопсихологиялық тұрғыдағы қажеттіліктерінде, ал құндылықтардың өздері 
құндылықтың заттай нақтылыққа орын алмасуын білдіретін қадағаланатын 
нақтылықтың ерекшелігі ретінде эмпирикалық тұрғыда көріне алады. 


216 
Аксиологиялық трансцендентализм (жаңа кантшылдар – В.Виндельбанд, 
Г.Риккерт) үшін құндылық идеалды болмыс ретінде "таза" нормативті санамен 
сəйкестендірілетін болмыстың нормасы ретінде қарастырылады. Нормалар 
мəдениеттің барлық функцияларының (қызметтерінің) жалпы жоспарын 
құрайды жəне құндылықтың əрбір жеке іске асуын анықтайды. Сонымен бірге 
болмыс нормасының тəсілі норма статусын беретін оның субъект үшін 
маңыздылығы болып табылады. Трансценденталистер құндылықтардың мəнін 
нормалар қалаптастырудың өте күрделі процесінде жасақталатын өзара 
қатынастардың өзіндік рухани концентрациясы ретінде қарастырады. Бұл 
құндылықтарға олар ақиқатты, сұлулықты, қайырымдылық пен əділеттілікті 
жатқызады. Демек, құндылықтар – бұл қоршаған нақтылықтың көріністері 
емес, 
адамзат 
санасының 
терең 
тұңғиықтарында 
қалыптасатын 
трансценденталдық нормалардың əртүрлі формалары. 
Персоналистік онтологизмнің құндылық концепциясының негізі діни 
этика принцптері болып табылады. Бұл бағыттың көрнекті өкілі М.Шелердің 
пікірінше құндылықтар əлемінің өз иерархиясы бар. Құндылықтардың бұл 
жүйесінің ең жоғарғы сатысында Құдай орналасады. Құдайға деген 
сүйіспеншілік – адамзат сезімдерінің ең жоғарғы формасы. Иерархияның онан 
кейінгі баспалдақтарында "сұлулық" жəне "таным" орналасады. Мəдени-тарихи 
релятивизм аксиологиялық имморализм идеясына, яғни тең құқықты 
құндылықтық жүйелердің көп болуы мүмкін деген идеяға сүйенеді. Бұл 
концепцияның ерекшелігі тек бір "шынайы" құндылық жүйесімен шектеліп 
қана қоймай, белгілі мəдени-тарихи кезеңдердегі құндылықтық жүйелер мен 
құндылықтық бағыттырға басымдылық береді. В.Дильтейдің көптеген 
ізбасарлары, мысалы О.Шпенглер, А.Тойнби, П.Сорокин жəне т.б. мəдениеттің 
құндылықтық мəнін түсіндіруде интуитивтік тəсіл қолданады. Мəдени-тарихи 
релятивизм өзінің пікірлері мен тұжырымдарының əлеуметтік психология мен 
əлеуметтік философияның түйісуі негізінде жариялайды. 
Құндылықтар концепциясындағы социологизмнің негізін қалаушы 
М.Вебер болып табылады. Ол жаңа кантшылдардың норма ретіндегі 
құндылықтар туралы көзқарасын қабылдап, оны əлеуметтік əрекет пен 
əлеуметтік білімді түсіндіруге қолданды. Ол құндылықты əлеуметтік субъект 
үшін маңызды норма, болмыстың тəсілі ретінде қарастырады. Онан ары қарай 
құрылымдық-функционалдық талдау мектебінде (Т.Парсон жəне өзгелері) 
"құндылық" ұғымы əлеуметтік институттардың қызмет етуі мен əлеуметтік 
байланыстарды анықтаудың құралы ретінде методологиялық мəнге ие болады.
Құндылықтар өмір сүріп қана қоймайды, сонымен қатар бір-бірімен 
салыстырыла отырып өзіндік құндылықтық қатарды, құндылықтық сатыны 
құрайды. Бізге белгілі барлық құндылықтар адамға бағытталған жəне 
шындығында, кез-келген құндылық өзінің нақты тарихи пайымдалуы мен іске 
асуында салыстармалы. Алайда мұнан тек нақты тарихи өмір сүретін адамдар 
мен əлеуметтік топтардың қажеттіліктері мен мүдделерін өтейтін игіліктер ғана 
құнды жəне барлық өзге құндылықтардың өлшемі болып табылатындай адам 
алдында категориялық талап ретінде қойылатын құндылықтар-мақсаттар жоқ 
деген пікір туындамайды.


217 
Әдебиеттерде құндылықтардың жіктелуі əдетте былайша беріледі: 
витальды (өмір, денсаулық, игілік, экология жəне т.б.); əлеуметтік (əлеуметтік 
статус, жағдай, байлық, отбасы, тəуелсіздік жəне т.б.); діни (құдай, сенім, 
ғұрып, шіркеу жəне т.б.); моральдық (қайырымдылық, достық, сүйіспеншілік, 
парыз, адалдық, əділеттілік жəне т.б.); эстетикалық (сұлулық, идеал, 
үйлесімділік жəне т.б.); саяси (заңдылық, мемлекеттілік, ата заң, азаматтық 
еркіндіктер жəне т.б.). Осылайша құндылықтар жалпы динамикамен 
сипатталатын мəдени реттеушіліктің қозғалмалы саласын білдіреді. 
Әртүрлі 
аксиологиялық 
теориялар 
адамдардың 
құндылықтық 
қатынастарының тəжірибелерін қорытындылай отырып, құндылықтардың сол 
белгілі класын қарастырады. Мысалы Г.Риккерт құндылықтардың алты саласы 
болады деп есептейді: ғылым, дін, өнер, мораль, жетілген өмір жəне
"құдіретті сүйіспеншілік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет