Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


(Общечеловеческие и национальные ценности в



Pdf көрінісі
бет77/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   130
Философия Оқулық (3)

(Общечеловеческие и национальные ценности в 
изменяющемся обществе. Алматы 1997, 131-132 бб.). 
1. Өмірдің тұрақты жəне қалыпты деңгейі, республикадағы бейбітшілік 
пен тыныштық, отбасындағы береке, денсаулық, жеке жəне отбасы қауіпсіздігі, 
жақсы төленетін жұмыс, ұлтаралық келісім. 
2. Азаматтардың құқығы мен еркіндігінің кепілі, экономикалық 
қауіпсіздік, жеке тəуелсіздік. 
3. Қос азаматтылық, Қазақстанның тəуелсіздігі, кəсіпкерлік үшін 
жағдайдың жасалуы, қызметтік карьера. 
Қазақстанда респонденттердің 2/3 демократияны тұлғаның құқығы жəне 
абыройымен, азаматтық еркіндікпен, құқықтық мемлекетпен байланыстырады. 
Кейбір респонденттер ғана демократияның кеңестік түсінігін ұстанады – 
ертеңгі күнге деген сенім, өмірдің жоғары материалдық деңгейі. 
Қоғамдық дамудың құндылықтық негіздерін іздеу, құндылықтардың 
белгілі бір жүйесін таңдау қарама-қайшылықты, бірақ табиғи процесс. 
Әлеуметтік реттеудің жоғары деңгейіне негізделген құндылықтардың белгілі 
бір иерархиясы мен арнайы жүйесінсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Бұл 
қоғамдық институттар мен адамдардың (индивидуалды болсын, ұжымды 
болсын) мақсатты əрекеттерінің нормативті бақылауының нақты жəне арнайы 
жүйелерін жасауға мүмкіндік беретін өлшемдердің құндылықтар жүйесінде 
бекітілуімен сипатталады. Сонымен қатар бұл қоғамда белгілі бір тəртіпті 
қамтамасыз етеді жəне əр алуан қоғамдық субъектілердің "құндылықтық 
ынтымақтастығын" қалыптастырады.
ХХ ғасырда ең алдыңғы орында əдетте прагматикалық деп аталатын 
кəсіпкерліктің "насихаттарына" негізделген құндылық бағдарлар шығады. 
Бұрынғы КСРО тұрғындарының бұқаралық санасында бұл насихаттар кешегі 
күнге дейін теріске шығарылып келді. Алайда, бұл моральдық көңіл-күймен 
шабыттана отрып, біз прагматизм туралы көп нəрсені аңғара бермейміз. 
Прагматизмде адамның өз алдына мақсат қоя білу қабілетімен, оны іске 
асыруымен, жағдайға ықпал етуімен, өзгелерімен бірлесе отырып нақтылықты 
өзгертулермен өмірдің қоятын міндеттерін шешумен сипатталатын жалпы 
белсенді, əрекетшіл жан ретінде адамға қойылатын талаптар универсалданады 
жəне біріктіріледі. 
Кейде пайда мен табысқа бағдар ұстанатын сананың типін "реалистік" деп 
атайды. Мұндай адамда белсенділік, инициативтілік, дербестік сияқты 
қасиеттер болады. Кəсіпкерлік пен бəсекелестікте тұлғаның автономиясы, оның 
мақсатқа ұмтылушылығы мен еркіндігі бұқаралық құбылысқа айналады. "Өзге 
үшін емес, өзім үшін өмір сүргім келеді" деген формула прагматикалық 
дүниетанымды сипаттайды. Алайда мұны бірден эгоистік сананың дəріптелуі 
деп есептеуге болмайды. Бұл ойды былайша да жеткізуге болады. "Біреуге 
қызмет етіп, тəуелді болғым келмейді, өзіме-өзім қожа болғым келеді". Егер 
шығыс данышпанының тəуелсіздігі өз-өзінен бас тартуға негізделсе, ал 
бизнесменнің тəуелсіздігі қоғамдық күштің көрінісі ретінде байқалатын 
байлыққа ие болу мен оны көбейтуге негізделеді. Бұл капиталдың (ақшаның) 


219 
барлық нəрсеге айнала алу қабілетінің арқасында мүмкіндік болады: тауарға да, 
тауар емес нəрсеге де. 
Әрине, прагматизмнің құндылықтарын абсолюттендіруге болмайды. 
Прагматик ертеңгі күннің игілігі үшін кейбір нəрселерден бас тартуға дайын. 
Алайда, келешекке бағдар ұстау, əлеуметтік жаңашылдық, ойлаудың ептілігі, 
мұның бəрі прагматикте бір нəрсеге- қалып қоймау, пайда түсіруге бағынады, 
онсыз ол прагматик, яғни "іс жасайтын" адам емес. Пайдакүнемділік адамда ең 
басты нəрседен – сүйе білу қабілетінен айырады. Сүю, ұнату - өзіңді беруді, 
жомарттықты білдіреді, ал пайдакүнем өзін фаустық үлгі бойынша, яғни жанын 
əзəзілге беру арқылы сақтауға қабілетті. 
Қазіргі 
қоғамның 
құндылықтарын 
талдау 
адамдардың 
негізгі
құндылықтық бағдарларын қарастырмасақ жеткіліксіз болар еді. Мысалы, 
қазіргі замандағы көрнекті психоаналитик жəне этиктердің бірі Э.Фромм 
жемісті емес жəне жемісті бағдарларды бөліп көрсетеді. Бұл жерде берілген 
ұғымдардың белгілі бір индивидтің мінезін сипаттау емес, "идеалды типтер" 
екендігін ескеруі қажет. Әдетте əрбір тұлғаның мінезі бұл бағдарлардың 
барлығын немесе кейбірін білдіреді, бірақ оның біреуі басымдылыққа ие 
болады. 
Жемісті емес бағдарлар рецептивті, қаналушы, сараңдық жəне нарықтық 
бағдарларға бөлінеді. Рецептивті бағдарда адам барлық игіліктердің көзі сыртта 
жатыр, қалаған нəрсеңді алудың жалғыз тəсілі – мейлі ол материалдық болсын, 
сүйіспеншілік, білім, лəззат алу болсын, оны тек осы сыртқы көзден алу деп 
есептейді. Ең бастысы  өзің сүю емес, сүйікті болу. Олар тек беделді адамға, 
қамқоршыларға ғана емес қандай да болсын көмек көрсетуге қабілетті 
адамдардың барлығына да бағынышты. Олар бизнес саласында əлсіздеу, 
өйткені олар тəуелсіз емес жəне жасқаншақ. Жалпы алғанда алушы бағдардағы 
адамдардың дүниетанымы оптимистік жəне ашық-жарқын болып келеді, 
олардың өмірге жəне оның сыйына деген сенімділіктері бар, бірақ күнкөріс 
көзін жоғалту қаупі туғанда олар тынышсызданып, беймаза күй кешеді. 
Қанаушы бағдардың рецептивтілікпен ұқсастығы, олар үшін де барлық 
игіліктің көзі өзінен тыс орналасады деп есептеуде. Ал айырмашылығы, 
қанушы тип бір нəрсені өзгелерден сыйға аламын деп үміттенбейді, қалаған 
нəрсесін олардан күшпен немесе қулықпен тартып алады. Интеллектуалдық 
əрекетте ол сұғанақтықпен (плагиаттық) айналысады. Өзгелерден тартып алған 
нəрсе оған үнемі өзінікінен жақсы көрінеді де тұрады. Олардың құндылықтық
қондырғысы дұшпандықтың жəне манипуляцияның (жұмсаушылықтың) 
қойыртпағымен боялған жəне олар кекесінге құмар болып келеді. Әрбір адам 
қанаудың объекті ретінде қарастырылады жəне пайдалылығы бойынша 
бағаланады. 
Сараңдық бағдардағы адамдар сыртқы дүниеден қандай да болсын жаңа 
нəрсе аламын дегенге сенбейді; олардың қауіпсіздігі сараңдық пен үнемдеуге 
негізделеді, ал шығынды қатер ретінде қабылдайды. Олар өздерін қорғанмен 
қоршап алады жəне олардың басты мақсаты - өзінің қоймасына барынша көп 
əкеліп, мейлінше аз беру. Олар өмірлік субстанциялардың өзін-өзі толтыру 
функциясы бар екенін, белсенділік пен күш жұмсаудың энергияны арттырып


220 
ал баяулықтың оны жоятынын түсінбейді. Шығармашылық акті – олардың өмір 
бақи сенбейтін құбылысы. Олардың девиздері: "Күннің астында жаңа ешнəрсе 
жоқ", "Менікі – бұл менікі, ал сенікі – бұл сенікі". 
Нарықтық бағдар тек қазіргі заманда ғана басымдылыққа ие болды. 
Нарықтық қатынастар қазіргі қоғам дамуы мен қызмет етуінің негізі болып 
табылады. Сондықтан нарықтық құндылықтық бағдарды "нарықтың" 
экономикалық ұғымымен шатастыруға болмайды. Құндылықтың нарықтық 
ұғымы, айырбас құндылғының пайдалылықтан үстемдігі адамдар арасындағы, 
адам өзіне деген қатынастарда құндылықтың осы ұғымын қалыптастырды. Өзін 
тауар ретінде, ал жеке құндылығын айырбас ретінде қабылдауға негізделген 
мінездің бағдарын нарықтық бағдар деп атайды.
Соңғы онжылдықтарда "тұлғалық нарық" деп аталатын бағдар қалыптасты. 
Ондағы жəне тауар нарығындағы бағалаулардың принциптері бірдей: 
біріншісінде тұлға сатуға ұсынылса, екіншісінде – тауар . Табыс көбіне 
адамның өзін рынокта қаншалықты жақсы сата алуына, оның "қорабының" 
қаншалықты тартымдылығына, оның қаншалықты сергек, берік, жіті жəне 
сенімділігіне, оның отбасылық жағдайына, қандай клубқа жататындығына, 
керек адамдармен таныстылығына байланысты. Адам өзінің өмірі мен бақыты 
туралы ойланбайды, қалай өтімді тауарға айналуын ойлайды. Ұтымды тауар 
сияқты адам да тұлға рыногында сəнді болуы тиіс, ал сəнді болу үшін тұлғаның 
қандай түрінің сұранысқа ие екендігін білуі тиіс. Мұндай үлгілердің 
картинасын жарнама, газеттер, журналдар, кино, теледидар, радио береді.
Қазіргі адам өзін базардағы сатушы ретінде де, тауар ретінде де 
қабылдағандықтан оның өзін-өзі бағалауды өзінен тыс жағдайларға 
бағынышты. Егер ол үлгеріп отырса - құны бар, ал олай болмаса – ол құнынан 
айырылады. Ол өзінің күш-жігерімен біртұтас емес, өйткені оны қолдану 
процесіндегі өзін көрсету емес, оларды сату процесіндегі оның табысы 
маңыздырақ. 
Ойлаудың мұндай типі қазіргі білім беру жүйесінде де өзінің терең 
ықпалын тигізеді. Оқытудың мақсаты ең алдымен нарық үшін пайдалы 
ақпаратты барынша көп жинақтауға келіп тіреледі. Студенттерге өте көп 
нəрсені білу керек, тіпті олардың ойлануға да күші мен уақыты жетпей 
қалады... 
Барлық бағдарлардың да өмірде өз үлестері бар, ал олардың қайсысының 
болмасын басымдылығы индивидтің өмір сүретін мəдени отрасының 
ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, қанаушы бағдар табиғи жəне адами 
ресурстарын тек өз елінде ғана емес, шамасы жеткен өзге елдерде де 
пайдаланып қалуға тырысқан авторитарлы жүйелерде үстемдік етті. Олар 
күштің құқын жариялап, оны күштінің тірі қалуын мəжбүрлейтін табиғат 
заңымен байланыстырды. Сүйіспеншілік пен тəртіптілік əлсіздік деп 
аталынып, ал ой толғау – қорқақтардың айналысатын ісі деп саналады.
Жемісті құндылықтық бағдар – бұл адам бойындағы мүмкіншіліктерді іске 
асыру мен күштерді пайдалану қабілеті. Жемістілік адамның өзін жаратушы 
жəне иесі ретінде қабылдауын білдіреді. Жемістілік көркем шығармашылыққа 


221 
ғана сəйкес емес. Жемістіліктің классикалық үлгісін Гете Фауст бейнесі
арқылы береді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет