19
Эвристикалық
әдістер (ішкі
сезімге
сүйену,
өткен
кезеңдегі тәжірибе)
2.1.1 сурет – Экономикалық ақпаратты өңдеу тәсілдерін топтау
2. Көрсеткіштердің нақты деңгейін жоспармен салыстыру. Мұндай
салыстыру жоспардың орындалу деңгейін бағалау үшін, кәсіпорынның пай-
далынылмаған резервтерін анықтау үшін қажет.
3.
Ресурстардың (материалдар, шикізаттар, жылу, энергия, су және т.б.)
бекітілген шығын мөлшерімен салыстырылуы.
Мұндай салыстырулар, тал-
дамалық жұмыстар тәжірибесінде кеңінен қолданылады және олар өнім
өндірісіндегі ресурстардың артық пайдаланылуын немесе үнемделуін
анықтау үшін, сондай-ақ өндіріс үдерісінде олардың пайдалану тиімділігін
бағалау үшін
және өзіндік құнды төмендету, өнім өндірісін арттыру
мүмкіндіктерін анықтау үшін қажет
4.
Жоғары нәтижелермен салыстыру, яғни ғылым мен техниканың
жаңа жетістіктерімен, алдыңғы қатарлы тәжірибемен, еңбектің жоғары
үлгілерімен салыстыру. Кәсіпорын ішінде
жалпы ұжыммен қол жеткізілген
көрсеткіштердің орташа деңгейі алдыңғы қатардағы бөлім, бригада, жұмыс-
шылар көрсеткіштерімен салыстырылады. Бұл алдыңғы қатарлы тәжірибені
және кәсіпорынның жаңа мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Шаруашылық аралық салыстырамалы талдаудың мәні жоғары, талдау
жасалып отырған кәсіпорын көрсеткіштері шаруашылық жағдайы бірдей же-
текші кәсіпорындардың жоғары нәтижелерімен салыстырылады.
Мұндай талдау өндірістің жаңа мүмкіндіктерін анықтауға,
алдыңғы
қатарлы тәжірибені зерттеуге бағытталған және кәсіпорын жұмысының
тиімділігін арттыру резервтерін анықтаудың маңызды құралы болып табыла-
ды. Әсіресе, талдау жасалып жатқан кәсіпорынның қызмет нәтижесін бәсеке-
лес кәсіпорындар мәліметтерімен салыстырудың мәні жоғары.
5.
Зерттеліп отырған кәсіпорын көрсеткіштерін орташа салалық
мәліметтермен, министрліктің, бірлестіктің, концерннің орташа мәлімет-
тірімен салыстыру. Мұндай салыстыру талдау жасалып отырған кәсіпорын-
ның сол саладағы басқа шаруашылық
субъектілерінің арасындағы рей-
тингісін анықтау үшін, сондай-ақ кәсіпорынның даму деңгейін толық және
шынайы бағалау үшін, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесін
анықтайтын жалпы және арнайы факторларды зерттеу үшін қажет.
6.
Параллелді және серпінді қатарды салыстыру. ШҚТ-да әр түрлі
көрсеткіштер арасындағы байланыс бағыттарын және түрлерін анықтау және
негіздеу үшін қолданылады. Осы мақсатта бір көрсеткішті сипаттайтын сан-
ды өспелі немесе кемімелі қатарда орналастырып, осыған байланысты зерт-
теу жасалып отырған басқа көрсеткіштердің қандай деңгейде өсетін немесе
кемитін өзгерісін бақылау қажет.