8.2 АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КӨЗДЕРІ Айналым
капиталын
қалыптастыру
жүйесі
оның
айналым
жылдамдығына және пайдалану тиімділігіне әсер етеді.
Айналым капиталының артықтығы ұйым қаражаттарының бір бөлігі
дұрыс пайдаланбай табыс әкелмейді дегенді білдіреді. Сонымен бірге
айналым капиталының жетіспеуі ұйым қаражаттарының шаруашылық
айналымын баяулата отырып, өндіріс үдерісін тежейтін болады.
Айналым капиталын қалыптастыру көздері туралы сұрақ тағы бір
тұғырдан қарағанда маңызды болып келеді. Нарық жағдаяты әр кезде өзгеріп
отырады, сондықтан да ұйымның айналым капиталына деген қажеттілігі
тұрақты болмайды. Осы қажеттілікті тек өзінің меншікті капитал көзімен
толық қамтамасыз ету мүмкін болмайды. Сондықтан да айналым капиталын
қалыптастыру үдерісінде басқару – бұл несиеге алған қаражаттардың
тиімділігін қамтамасыз ету.
Айналым капиталын қалыптастыру көздері ретінде меншікті, несиелік,
қосымша тартылған капиталдар түрінде кездеседі.
Айналым капиталын қалыптастыру көздерінің құрамы мен құрылымы
8.1.3-кестеде келтірілген.
Көбінесе ұйымның айналым капиталына деген ең аз көлемдегі
қажеттілік пайда, жарғылық және резерв капиталы көлемінде қамтамасыз
етіледі. Бірақта белгілі бір себептердің (инфляция, өндіріс көлемінің өсуі,
қызметкерлерге еңбекақыны кешіктіру және т.б.) әсерінен ұйымда уақытша
айналым капиталына деген қосымша қажеттілік пайда болады. Бұл жағдайда
шаруашылық іс-әрекетті қаржымен қамтамасыз ету тек банктік және
коммерциялық несиелер, қарыздар, инвестициялық салықтық несие арқылы
жүзеге асуы мүмкін.
8.1.3 кесте -Айналым капиталын қалыптастыру көздері Меншікті Несиелік Қосымша тартылғандар Жарғылық капи-
талы.
Қосылған
капитал.
Резервті
капитал.
Ұзақ
мерзімді
банктің
несиесі.
Ұзақ мерзімді қарыздар.
Қысқа мерзімді банктің
несиелері.
Қысқа мерзімді қарыздар.
Кредиторлық берешектер:
- жеткізушілер мен мердігерлерге;
- еңбекақы бойынша персоналға;
- салықтар бойынша;
- басқа жа кредитор- ларға;
- құрылтайшыларға дивиденд
122
Бөлінбеген пайда. Коммерциялық несиелер.
Инвестициялық салықтық
несие.
Қызметкерлердің
инвестициялық жарнасы.
бойынша.
-алдағы жұмсалымдар мен төлем-
дердің резерві.
- күмәнді қарыздар бойынша ре-
зервтер.