147
деңгейінің жоғарылауы арқасында өнім бірлігін жасауға кететін уақыттың
азаю себебінен өндіріс деңгейінің өсуіне байланысты болады (еңбек
өнімділігінің өзі), ол құндылық өлшеудегі өнім көлемін өзгертетін және
еңбек өнімділігіне ешқандай қатынасы жоқ, яғни бағалы сипаты бар фактор-
лармен анықталады.
Орташа тізімдік бір жұмысшыға келетін өндірімді есептеу үшін құнды-
лық өлшемде бағаланған кез келген көлемдік көрсеткіші шығарылған өнім
ассортиментінің өзгеруі, өндірімсіз жұмыс уақытының шығындары, өндірім
деңгейіне еңбек өнімділігі арқылы тікелей әсер
ететін техникалық серпіліс
факторларының әсеріне ұшырайды.
Еңбек өнімділігін талдау үдерісінде келесіне анықтау қажет:
- еңбек өнімділігінің өсуімен байланысты тапсырманың орындалу
дәрежесі;
- еңбек өнімділігінің өсуімен байланысты тапсырманың қауырттығы
және осы фактор арқылы өнім көлемінің өсімі;
- еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің өзгеруіне әсер ететін факторлар;
- еңбек өнімділігінің өсу резевтері және оларды пайдалану
мүмкіншіліктері.
Еңбек өнімділігінің көрсеткіштерінің өсуіне көпсанды өзара тәуелділікте
әсер етуші факторларды келесі негізгі сипаттаушы топтарға шартты түрде
біріктіруге болады:
1) Технологиялық жүйенің техникалық деңгейін көтеру. Бұл топқа бар-
лық факторлар кіреді. Бұл замануи ғылыми
техникалық серпілістің
деңгейімен анықталады. Қорсыйымдылығы төмендегенде еңбек өнімділігі
айтарлықтай технологиялық бесінші кезеңінен кейін ғана, төртіншіден
бесінші технологиялық салтыға (укладқа) өткеннен кейін басталады. Рефор-
ма жылдары бесінші технологиялық сатының үлесі үш рет азайды. Егер
АҚШ-та бір жұмысбастыға 60,7 мың доллардың өндіріс өнімі келетін болса,
ал Ресейде АҚШ-тың деңгейіне қарағанда - 28%, Бельгияның - 31%, Ирлан-
дия, Франция және Норвегияның - 33%, Канаданың - 36%, Ұлы Британия мен
Финляндияның - 38%, Жапония мен Германияның - 40%, Грекияның 48%
құрайды [25]. Осы көрсеткіштер де Қазақстандағы
еңбек өнімділігін
сипаттайды деп ойлаймыз.
2) Ұйымдастыру деңгейін жоғарылату, яғни өндірісті ұйымдастыруды
жақсартудың, өндірімділік күшті ұтымды жайғастырудың, кәсіпорындар мен
өнеркәсіп саласын мамандандырудың, қолдағы құрал-жабдықтарды
толығымен
пайдаланудың, өндірістің ырғақтылығы және басқалардың
деңгейін жоғарылату.
3) Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, яғни нақты еңбекті пайдалануды
жақсарту (кадр біліктілігін,
жұмыскерлердің білім деңгейін, еңбек тәртібін
нығайту және еңбекақы жүйесін жетілдіру, барлық қызметкерлердің
материалдық қызығушылығын және еңбегін мөлшерлеу).
Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша еңбек өнімділігінің деңгейі
бойынша Ресей Батыс елдеріне қарағанда артта қалғаны көрініп тұр. Бірақ,
академик Д. С. Львов айтқандай: «Біздің
еңбекақымызбен болып жатқан
148
жағдайды еңбек өнімділігінің төмендігімен ақтауға болмайды. Фактілер
басқаны көрсетеді. Бір доллар еңбекақыға АҚШ-тың қызметкеріне қарағанда
ресейдің орташа статистикалық қызметкері үш есе ақырғы өнімді шығарады.
Ресейдегі сияқты қайыршылық еңбекақыға АҚШ-тың және Батыс Европаның
қызметкері жұмыс істемес еді. Біздің өндірісіміздегі орташа еңбекақымыз
бұл елдерде төлейтін жұмыссыздыққа берілетін жәрдемақыдан 5-7 есе аз.
[12].
9.4.1.кестеге ұқсас бір жұмысшыға шаққанда өнім шығару деңгейін
анықтау үшін талдамалық кесте құрылады
Достарыңызбен бөлісу: