Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы



Pdf көрінісі
бет17/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49
id174798

1.18. Сурет.Үстіңгі жақтың бірінші үлкен азу тісі: а — вестибулярля беті; 
б — оральді беті; в — бүйір беті; г — көлденең кесінді; д — окклюзиялық 
беті; е, ж, з — өзектердің тігінен кесіндісіндегі құрылым нұсқалары
ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ (1.19 сурет) 
Тіс сауыты 
4 нұсқалы құрылымы бар : — 1 нұсқа— тіс сауыты бірінші үлкен 
азу тіс сияқты, бірақ көлемі жағынан кішілеу. Бұл нұсқаға тән 
қасиет Карабелли төмпешіктерінің болмауы; — 2 нұсқа— тіс 
сауыты ромб пішінді болып келеді. Алдыңғы таңдайлық және 
артқы ұрттық төмпешіктердің жақынауы көрінеді; — 3нұсқа — 
алдыңғы таңдайлық және артқы ұрттық төмпешіктердің бірігуіне 
байланысты сауыт үш төмпешікті болып келеді; — 4 нұсқа — 
сауыт үшбұрыш пішіндес. Шайнау бетінде үш төмпешік бар. 
Біреуі таңдайлық , екеуі ұрттық. 
Тіс қуысы Тіс қуысы сауыт пішінін қайталайды. 
Нұсқалар Ең көп кездесетіні 1 және 4 нұсқа 
Тіс түбірі Тіс үш түбірден тұрады — бір таңдайлық екі ұрттық 
Тіс 
түбірінің 
өзегі 
Таңдай түбір өзегінің диаметрі ең үлкен. Өзектер алдыңғы артқы 
бағытта қысылған. 
Нұсқалар Түбірлердің бір түбір болып қосылуы мүмкін. Кейде тек қана ұрт 
жақ түбірлер ғана бірігеді. 


1.19. Сурет.Үстіңгі жақтың екінші үлкен азу тісі: а — вестибулярля беті; 
б — оральді беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е — тігінен 
кесінді; ж, з,и — өзектердің көлденең кесіндісіндегітүбір өзектерінің 
сағасының орналасу нұсқалары
ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ ҮШІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ (1.20 сурет) 
Тіс сауыты 
Үстіңгі жақ үшінші азу тіс азу тістер ішіндегі ең көлемі кіші тіс. 
Тіс сауытының пішіні әр түрде бейнеленеді. Көбіне көп 
окклюзиялық бетінде 3-4 төмпешік орналасады. Кешігіп 
шығуына байланысты (20–21 жаста) ақыл тіс деп аталады. 
Тіс қуысы Тіс қуысының пішіні де саут сияқты әр түрде болады және сауыт 
пішінін қайталайды. 
Нұсқалар 
Кейде сауыт көлемі бірінші азу тіс тің көлемі сияқты және 6-8 
төмпешігі болуы мүмкін. Көбіне –көп тіс қуысы сауыт пішініне 
сәйкес келмейді. 
Тіс түбірі 
Тісте басқа азу тістер сияқты үш түбір болады. Түбірлері бірігіп 
кетуі мүмкін. Көбіне –көп артқы ұрт және таңдай түбірлері 
бірігіп кетеді. 
Тіс 
түбірінің 
өзегі 
Өзек сағалары үшбұрыш тәріздене орналасқан. Таңдай өзегі ең 
кең өзек. 
Нұсқалар 
Түбірлер саны 1 ден 5 ке дейін болуы мүмкін. Түбірлердің әр 
түрлі бірігіп кетуі байқалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет