1.19. Сурет.Үстіңгі жақтың екінші үлкен азу тісі: а — вестибулярля беті;
б — оральді беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е — тігінен
кесінді; ж, з,и — өзектердің көлденең кесіндісіндегітүбір өзектерінің
сағасының
орналасу нұсқалары;
ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ ҮШІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ (1.20 сурет)
Тіс сауыты
Үстіңгі жақ үшінші азу тіс азу тістер ішіндегі ең көлемі кіші тіс.
Тіс сауытының пішіні әр түрде бейнеленеді. Көбіне көп
окклюзиялық бетінде 3-4 төмпешік орналасады. Кешігіп
шығуына байланысты (20–21 жаста) ақыл тіс деп аталады.
Тіс қуысы Тіс қуысының пішіні де саут сияқты әр түрде
болады және сауыт
пішінін қайталайды.
Нұсқалар
Кейде сауыт көлемі бірінші азу тіс тің көлемі сияқты және 6-8
төмпешігі болуы мүмкін. Көбіне –көп тіс қуысы сауыт пішініне
сәйкес келмейді.
Тіс түбірі
Тісте басқа азу тістер сияқты үш түбір болады. Түбірлері бірігіп
кетуі мүмкін. Көбіне –көп артқы ұрт және таңдай түбірлері
бірігіп кетеді.
Тіс
түбірінің
өзегі
Өзек сағалары үшбұрыш тәріздене орналасқан.
Таңдай өзегі ең
кең өзек.
Нұсқалар
Түбірлер саны 1 ден 5 ке дейін болуы мүмкін. Түбірлердің әр
түрлі бірігіп кетуі байқалады.