з — араб алфавитінің тоғызыншы, парсы алфавитінің он бірінші әрпі, сандық мағынасы — 700.
р — араб алфавитінің оныншы, парсы алфавитінің он екінші дрпі, сандық мағынасы — 200.
раст, рас. 1. Шын (өтірік емес), ақиқат. 2. Дұрыс, тура, оң. Қөп айтса көптің сөзі рас (А. Хангелдин). Татулық екі жақтан деген рас (Ерімбет). Наданға арам ақылды құлаққа ілмек, Бұл сөзден ертегіні тез үйренбек, рас сөздің кім білер қасиетін? Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек (Абай).
растгу (й), растгөй. Әділ, шыншыл. Шәкей сал қыздың атын, Мамық қойып, Алдың ба растгөйім ептегенмен? Қыз жолдас болмас саған, қызулы ерім, Ағаңнан шалғай тартып шеттегенмен. Таба алсақ үлгілі сөз, қалсын артта, Болғандай халыққа— «белгілі бектегеннен» (Даңмұрын).
I ран, ран. Үкімран тдрізді сөздердің құрамында (іс-дрекет иесін көрсететін) кездесетін морфема.
раһ, раһ, ре (һ) «жол» деген мағынада раһ бар, Әміре ұқсас сөздердің құрамында кездеседі.
раһбәр, раһбар. Жол көрсстуші, бастаушы, околбасшы, көсем.
роба, роба. 1. Таңдандыру, таң қалдыру. 2. Тарту (қаз.), еліктіру, қызықтыру. 3. Кейбір құрама сөздерде кездеседі. Қар. Кәһроба.
рәджә, ереже. 1. Ұсталардың белгі салу үшін пайдаланылатын бау, жіп, сызғыш. 2. Құрылысшылардың қаланған тастың, қыштың тегістігін, тіктігін текссретін түзеткіш аспап. 3. Тәртіп, жол-жоба, қағида, заң. Берген ат, берген түйе тоғыз айып, Ежелден ереже бар қойған салып (Қ. Әзірбаев).
рох, рох. Ладия, тура (шахмат фигураларының бірі). Оң жақтан рох пен ферзіңізді алам. Сол жақтан атыңызды алам. Оны ала алмасам, жеңілгенім болады,— Деді қыз («Мың бір түн»).
рәхш, рахыш. 1. Сәуле, жарқыл, нұр шұғыласы. 2. Қемпірқосақ, найзағай. 3. Рүстемнің тұлпарының аты. Рахыш — биіктігі 60 аршын, ас пісірімде айлық жерге апаратын елге аңыз боп тараған Рүстемнің таңдап мінген тұлпары (аты). Түріне қарағанда қылшық жүні алтындай жарқырап мың құбылып тұратын болғандықтан Рахыш деп атақ берілген (М. Байділдаев).
Ростәм-дастан, «Рүстем-дастан». Фердауси «Шахнамасының» ізімен жырлаған халық ақыны Тұрмағамбет Ізтілеуовтың шығармасының аты. Тұлпармын Көрұғлының Ғирратындай, Алдына жүгірсе мал салмайтын. Рүстем-дастандаймын дәл өнерге, Меңгеріп кісі билеп алмайтұғын (Біржан). «Рүстем-Дастан» революциядан бұрын айтылып, кейіннен совет дәуірінде қайтадан өңделіп, толықтырылған («Қ. Ә. Т».).
рәстә, ресте. 1. Топ, категория, сала, тарам, 2. Кәсіп түрі, әскер түрі.
рәсидә, ресте. 1. Піскен. 2. Жетілген. 3. Бой жеткен, ер жеткен, балағатқа толған.
росуа, рәсуа, рәсуа. Масқараланған, қорланған, жәбірленген, абыройынан айырылған, күлкі болған. Тоқаш мосыға көз қырын тастап: көтере алмай құлап кетіп, тағам рәсуа боп жүрмей ме? (3. Шашкин). Ушаков өзінің сыйластары Рязанов және Зотов деген көпестермен бірге бұл бай кендерді рәсуа етіп пайдаланды («Қазақ ССР тарихы»). Темір жолшылар тер төгіп салған парктің жағдайы қалай? Иә, бұл иесіздікке ұшырап рәсуасы шығып тұр (Ә. Бдкиров).
рәшк, раш. 1. Кызғаныш, күншілдік, Кызған-шақтық, іші тарлық. 2. Бақталастық, күндестік. Аянбай, әзілді шын айтқанменен, қырсықсыз бір-біріне, құтты ліпес. Нұрмақан маған да айтты небір сезді, Пердесін бетіне орап тозған раш (Шораяқтың Омары).
рәг, рекі. «Нәсіл, тұқым, тек» мағынасында дө-рекі сөзінің құрамында кездеседі. Кар. Дөрекі.
рәгей, регей. Қар. Рәг, рекі. Бұл сөз дүрегей құрамында кездеседі. Қар. Дурәгәй, дүрегей.
рәмәзан, рамазан (араб. рамадан). 1. Мұсылман календарының 9-айының аты, діни ораза айы (мүбәрәк-рамазанның теңеуі). 2. Кісі аттарында кездеседі (Рамазан). Құдірет байлап бізді қойды тас қып: Босау жоқ жұлқынсақ та қарғып шапшып (Келді де рамазан болдық мұндай). Бұл айда адам саспас бізден апшып (С. Дөнентаев).
рәндж, реніш. Көңіл қалудан туған кейіс, өкпе, абыржу, маза кету, рснжу, қынжылу. Ойламаған жерден тосын қойған бұл сұрақ Нұржанның ренішін бұрынғыдан да ауырлатқандай (Ә. Нұрпейісов). Рахат мені тастап қоймадың тыныш, Ғашық жар, ағайын, дос — бәрі алдағыш. Жастық құмар, үміттің нұры қайтып, Күңгірт тартты бәрінің аяғы реніш (Абай).
(п — қ) рәнәжу, ренжу (рәнәж + у, ренж+у). Көңілі қалу, кею. Қазыларда үш түрлі мінез болса, қазы бола алмайды. Бірі — ел сүймейтін кісіні құрмет етсе, екінші — сондай кісілерді мақтаса, үшінші — өзінен тө-менгі кісіні ренжітсе («Мың бір түн»). Амантайдың жауабын естігеннен бастысы Бүркітбай болып ренжіді (С. Мұқанов).
(п—қ) рәнджти, ренішті (рәндж + ти, реніш + ті). Ренжіген, көңлі қалған. Сұлтанмахмұт берік отыр... Жақыпбектің алғашқы сөз саптауынан көңілге ренішті сырлар түйген іш әлемі әлі қатыгез еді (Д. Әбілев). Мадиярдан халық қамын ойлайтын сөз естілмей, ренішті көңілмен тысқа шыққан Асқар, Жаңбырбайдікіне келсе, Сарыбас театрдан қайтып, тамағын ішіп, жатқалы ыңғайласып жүр екен (С. Мұқанов).
рәнг, рең, реңк. 1. Түс, түр, ажар. 2. Бояу, сыр. Жаңа ғана кәзінде ойнаған күлкінің ізі де осы минутта жоқ болып, реңі байсалдылықты аңғартты (X. Есенжолов). Жаңа емірдің жарығы, ақылдың кені Ленин Бақытты заман орнатып, Қіргіздің елдің реңін (К. Жапсарбаев).
(п — қ) рәнгди, реңді (рәнг + ді, рең + ді). 1. Түсті, түрі жақсы, ажарлы. 2. Бояулы, сырлы. Әбдірахман Дмитриевтің шаршаған реңді қой көздерінде ұшқындаған бір от барын байқап қалды (X. Есенжанов).
ру, руй, рой. «Бет, жүз» мағынасында орамал (румал) абырой (обруй) тәрізді сөздердің құрамында кездеседі.
рдуа, рауа. 1. Рұқсат етілген, қолайлы. 2. Сыпайылық, әдептілік. Өзіне халық аузын қаратқан ер, Тіріге өлсе қадірі кетеді екен. Өлгенді қадір етсек, қанға рауау Рухын құрмет етсең кетеді екен! (Шәңгерей). Ол кәпір Асқардың қатынын жасырса — деді Құзғынбай үрейленіп,— не қылса да рауа (С. Мұқанов).
рәуабану, Рауабану. Тұрмағамбеттің бір поэмасының аты «Рауа бану» оқиғасын Тұрмағамбет «Тоты-нама» кітабынан алып, оны поэмаға өзек етіп, әр өлкеде айтылып жүретін үлгілі жырға айналдырған. «Рауа бану» бейнесін Тұрмағамбет қазақ әйелдеріне үлгі етіп ұсынады. Рауа махаббаты — шын махаббат («Қ. Ә. Т.»).
рәуан, рауан. Жүру, қозғалу, жылжу. Егізбай мен Сегізбай Қос тұлпармен женелді, Қиген сауыт береді Рауан жолға кенелді (І. Шынтасұлы).
рәуан, рауан. 1. Жан, рух, өмір. 2. Ауыс. Сәулелі, нұр, жарық. Ертеңгі барлық жаһанның ортақ заңындай, Алдағы жарқын ғасырдың рауан таңындай, Қарасаң бүгін ғажайып менің Отаным — адамның досы данышпан Ленин Отаны (X. Ерғалиев).
(п— қ) рәуандау, рауандау (рәуан + дау, рауан + дау). Нұрлану, жарқырау, сәулелену. Сөйткенше талауратып таң көрінді, Рауандап атқан аппақ сам кәрінді. Серпіліп қара түннің көлеңкесі, Бозарып ала төбе маң көрінді (С. Сейфуллин). Атқанша рауандап таң ағарып, Сөнбейді бір бөлмеден түнде жарық (Д. Әбілев).
рупид, рупия, рупий. Үнділік күміс ақша (64 тиын шамасы). Үлкен пілдің құны аз емес, ол 3— 4 мың рупий тұрады (М. Әуезов). Екі жүз рупия беруші едің, ізіне ондай ердің еруші едің, Тартуға діллә менеп гауһар алып, Жыл сайын сәлем бере келуші едің (Тұрмағамбет).
руз, рыз, руз, күндізгі уақыт; мезгіл, шақ мағынасында, наурыз (ноуруз), рузнама (рузнамд) тдрізді сөздердің құрамында кездеседі.
рузнамд, рузнама. 1. Күнделік, календарь. 2. Журнал, газет.
рузз, ораза. Мұсылман дінінше құдай үшін отыз күн ораза тұту, күндіз тамаққа сабырлық ету. Жылына отыз күн ораза тұту нслам дінінің жаңалығы емес. Ораза ұстау әр дінде әр түрлі белгіленеді (X. Ақназаров). Күн ұзын, әрі ыстық, сарша тамыз, Соғып тұр аңызғақ жел, жылы нағыз. Шаршадық жұмыс қылып, күні бойы, Үстіне оның тағы оразамыз (С. Мұқанов).
рузи. Күндік қорек, күндік несібе, сыбаға, тамақ. 2. Тағдыр, жазмыш. Жем амалың қандай ақ рузи маған, Хахалалдың таппадым, жаным, сәнан (Абай).
рәуәш, реуіш. 1. Бейне, әрекет, тәсіл түрі, әдіс, үлгі. 2. Қадам, қадым, жүріс, аяқ алысы, желіс.
(п — қ) рәуәшти, рәуішті (рәуәш + ті). Бейнелі, іспетті. Қараса сурет реуішті емес, әйтеуір ез білімінше сызған сызық (Ы. Алтынсарин).
рәушән, раушан. 1. Жарық, шұғылалы, анық, жарқын, нұрлы. 2. Көрікті. Нұр сеуіп күн мейірімін қанғызуда, Шешегін гүл раушан жарғызуда (Т. Жароков). Деңінен надандықтың асам дедік, Иілетке раушан нұр шашам дедік. Үйреніп әрбір түрлі өнер-ғылым, Теңізден дария болып, тасам дедік (С. Торайғыров).
(п — қ) рдушдндану, раушандану (рәушән + дану, раушан + дану). Нұр шашу, жарқырау. Асқар тау құшақ жайып қалыңды иіп, Еңбектің емірендің бетін сүйіп, Немерең етек басып ер жеткен соң, Шат көңіл раушанданып тұрсын күліп (С. Керімбаев).
(п — а) румал, орамал. Сүлгі, бет сүрткіш. Мейрам мен Щербаков жеткенде бастарына орамал байлаған екі қыз қарап тұр еді (Ғ. Мұстафин). Қақпадан лақтырды бір орамал, Сыйым осы, есерім, мынаны ал! Ішінде бір нәрсе бар ақыл берер, Апардағы ойланын, көзіңді сал! (Абай).
үрей. 1. Бет, жүз, түр (адамның). 2. Ауыс. Өң, түс. Үрейі қашу. Корқу, сұры қашу. Сөйткенше би, болыстар елге жетті, Заһары жұртқа үрей сап, малды үркітті. Писерін, старшынын, шабарманын, Топ қылып, осы ауылға ертіп кепті (К. Әзірбаев). Ішім өлген, қүр денем сау, Босқа үрейім жүр менін, Жарамайды бекер алдау, Теңің емес мен сенің (Абай).
риг, рег. Майда тас, қиыршық тас, ірі құм. Қар. Регистан (Ригистан).
Ригстан, Регистан (риг + стан, реги + стан).
1. Тас алаң, тасты тұрғын жай. 2. Самарқан қаласындағы тас төселген белгілі тарихи алаңның аты. Онда үш ғасыр бойы салынған Регистан алаңы бар (Ж. Арыстанов). Самарқанның қақ жүрегінің тұсынан орын алған қасиетті Регистан мынау тұр (Б. Алдамжаров).
з — араб алфавитінің он бірінші эрпі, парсы алфавитінің он үшінші әрпі, сандық мағынасы — 7.
зад, зат, зад, заты, зады. 1. Шығу тегі, тұқымы. 2. Ұл-қызы, баласы. 3. Төл, балапан. Адамзат — Адам баласы. Перизат — пері тектес. Зады башқұрт болғанымен, тілінде қазақтан айырмасы жоқ (С. Мұқанов). Келінім қандай! Заты орыс дегені болмаса, тамаша адам (Д. Әбілев).
зәде, зада. Қар. зад, зат. Асылзада — тегі, тұқымы асыл; бекзада — бек тұқымы, арамзада — тегі арам, түбі жаман (адам). Біздегі әдет бойынша әмекі задалар (нағашылы-жиендер) жас кезімізде құда болыпты («Мың бір түн»). Патшазада, сұлтан, төре, хандарың, Жан алушы жандарал мен жандарм, Тіске жұмсақ бұқараны жем қылып, Айдаһардай азу біткен заңдарың (Б. Күлеев).
І — Зар, зар. Кайғы, қасірет, мұң, шер. Зар жылау, зар қақсау, зар илеу — қайғыру, еңіреу. Жапанда жалғыз жүрген бұл неткен жан? Жалғызынан айырылып, зар шеккен ана болар ма? (С. Омаров). Арпа жемес арғымақ Ақселеу отқа зар болар (Махамбет).
II — Зар, зар. Белгілі бір заттың мол, бітік өсетін орнын білдіретін сөз жасаушы жұрнақ; гүлзар, алмазар, мақтазар.
(п —қ) зарджақ, заржақ (зар + джақ, зар + жақ). 1. Көңліндегі қайғы-шерін айтып зарлайтын (кісі). 2. Ауыс. Мазасыз, тынымсыз. Октябрьден бұрын мен Кеуіп қалған арна едім, Зарлаған заржақ шал едім. Шашыма ақ кіргенде Бақыт көрдім көрмеген, Бастауымен Лениннің (Жамбыл). Дүлей боран, заржақ боран гуілдеп, ашына ұлып тұр (Б. Мұқаев).
зар-зар, зар-зар: зар-зар жылау — ұдайы еңіреп жылау.— Ағаекем кеше көр — десіп кеп зар-зар етеді. Көздерінен шын өкініш жастары ағыл-тегіл шығады (М. Әуезов).
(п — а) зарзәман, зарзаман (зар+зәман, зар+заман). Қайғылы, қасіретті, қиын уақыт. Соғысты болдырмас үшін тек аллаға құлшылық еткен жән, онысыз ақыр заман жақын,— деп пессимизмге түсіп түңілу зарзаман күйін шертуден басқа жол қалмаған болып шығады (Ә. Тәжібаев).
(п — а) зарғәзаб, заразап, зәрезеп, (зар + + ғәзаб, зар + азап, зэр + езеп). Заразап, зәрезеп болу — зарлы азапқа түсу, қорлық көру. Қасірет шегіп зарлану. Менің көргенімді жан адамның басына бермесін — деп Қаламқұл зәрезеп болды (К. Қасымбеков). Алты атарың құрысын! Ағайын бізден шошиды-ау. Зәрезеп болған ел еді, Бір шошыса жосиды-ау! (І. Жансүгіров).
зағ, ұзақ. Қарға тектес құс, ұзақ қарға. Таралды күймелі арба, жайдақ арба, Аспанда топ-топ ұшып ұзақ қарға (І. Жансүгіров).
зағарә, зағара. Жүгері мен бидайдың ұнынаи жасалған нан.
зал, зал. 1. Карт (шал, кемпір). 2. Зал — Фердаусидің «Шахнама» дастанының басты қаһарманы — Рүстемнің әкесінің аты (ол іштен қартайып, шашы ағарып туыпты дейді кейбір аңыздарда). Манучахрдың әскеріндегі бас батыр Самнан көпке дейін бала болмай жүріп, ақыры Зал деген ақ шашты ұл туады (М. Қаратаев). Болған соң тілге шешен, білімге бай, Бас уәзір өтіп Залды, өзіне сай Билігін Мәнушаһар беріп қойды, Қылған соң жұмысының бәрін де жай (Тұрмағамбет).
заузад> заузат, зәузат (Үрім-бұтақ, ұрпақ, нәсіл, әулет, жұрағат, тұқым. Құдай сені қарғасын, Үрім-бұтақ, заузатың, мендей болып зарласын («Қыз Жібек»). Ит қатын! үніңді өшір! Би атаның Төгерсің қасиет, ұят-арын, үй-отаның (X. Ерғалиев).
зәбәр, зәбар. 1. Жоғары, жоғары жақта, үстінде, шың, төбе. 2. Парсы алфавитінен де жазудың үстіне қысқа (ә) әрпінің орнына қойылатын белгінің (сызықша) атауы.
зәбәрдәст, зәбардас (зәбәр + даст, здбар + + дас). Биік қол, басқарушы, әкімін жүргізуші. Арзумын айтқандар ақпар сормақ, Болған соң жұрт жүйрігі ұлы зәбардас (Қаңлы Жүсіп). Тұратын адалдықпен қызмет етіп, Бас қоссам құмырысқа бел, қолаң шашқа. Рақат бұл дүниеде сол емес пе, Қошрой жүпылансам зәбардасқа (Шегебай).
зәхм, зақым. Жара, жарақат. Болмағай іске душар Арқалығым, Жүрекке қайғы екен бір зақым салған («Дотан батыр»). Орымсыз асығыстық жұмысшыға зақым келтіруі мүмкін екенін ескертті (М. Ғабдуллин). Зеңбіректі ашып тазаламаса, қандай зақым болғанын айыру қиын (Ә. Нұрпейісов). Әй, қорқады жүрегім, Соған бір зақым болмасын (Ә. Сәрсенбаев).
зәр, зер. 1. Алтын. 2. Қымбат бұйымдар жасауына пайдаланылатын сары түсті асыл металл. 3. Ақша. 4. Ауыс. Алтын, күміс, басқа қымбат жіптермен тіккен кесте, оқа. Зер қадырын зергер біледі (Мақал). Дауысым шықты жұртқа әне сондай, Бүгінде бенделерде тазалық жоқ, ішіне алтын зердің мыс қосқандай (Ділда).
зәрбафт, зербап (зәр + бафт, зер + бап). Алтыннан тоқылған, зерлі мата, парша. Астына жайып жібек текеметті, Матадан зарбап деген кебін етті. Шаштырып гауыд, ғәнбәр, мүшкі, капур, Байлатып бас-аяғын бекем етті (Тұрмағамбет).
зәртошт, зороастризм. Иран ждне Таяу Шығыс халықтарының арабтар жаулап алғанға дейінгі ескі діні. Оның негізгі мәні — әлем жақсылық пен жамандық күресінен басталады-мыс. Зороастризм дініндегілер отқа сыйынады, олар құрбандыққа қарсы, өлікті жерлемейді (оны биік қорғанның ішіне қойып, етін қарақұстарға талатады). О дүниеге сенеді, ақыр заманда өлгендер қайта тіріледі деп ұғады. Зороастризмнің қазіргі түрі — парсизм, бұл діннің қалдығы кейбір жерлерде сақталған.
зәрд, зард. «Сары» деген мағынада зард тәрізді сөздерде бір нәрсенің түсін көрсетеді.
зәрдаб, зәрдаб, зардап (зәрд + аб, зард + аб). 1. Сарысу өт. 2. Ауыс. Зиянды жер салдар. Құрғақшылық жағдай ауыл шаруашылығына елеулі зардабын тигізді (Кәкімжанов). Түнгі суықтан кейін (қойлардың) денесі қалтырайды, соның зардабынан суық тиеді (М. Ермеков).
зәрдошт, зәрдәшт. Қияли пайғамбар оған көне аңызда зороастризм дінінің негізгі «керемет» кітаптары — «Зәнд» пен «Ауаста» («Авеста»)-ны жатқызады. Зәрдәшт (Зороастр) кейде маздеизм деп те аталады — ертедегі иран діні — зороастризмнің негізін салушы пайғамбар, «Зәнда», «Үста», («Авеста») деген діни кітап жазған ғалым (М. Байділдаев). Бұларға берді Зәрдәшт «Зәнда», «Ұста» — деп: «мұның екеуі де көктен түсті. Сөздерін ішіндегі оқып, жаттап, Етіңдер бүған тура ендігі істі» (Тұрмағамбет).
зәрдә, зәрде. 1. Жұмыртқаның сарысы. 2. Сарғыш, сары ауру. 3. Өт. Себебі Байбол енді жұртқа нанбас, Нанбақ тұрсын сезіне құлақ салмас. Алдыңғы партиядан зәрде болған, Жұрт әкеп басшылықты берсе де алмас (С. Торайғыров).
Зәрғалдақ, сарғалдақ. Торғай тектес сың-ғырлы үнді, эншіл кішкене құс.
зәргәр, зергер. 1. Алтын істерінің ұстасы, шебері (зерден, күмістен, асыл тастардан ойып әр түрлі нәр-се жасайтын уста, шебер). 2. Ауыс. Шебер, уста. Сөз зергері — сөзге ұста. Зер қадырын зергер біледі (Мақал). Құрметті, екі Жүсіп, бектеріме, Қөңіл дос, ғайып ана тектеріме! Әр сөздің алтынынан іреу ашқан, Зейінді сөз иесі Зергеріме! (Балтакейулы).
(п — қ) зәрли, зәрлі (зәр + ли, зәр+лі). Зері бар, алтынды. Тамақ пісті. Алтын зәрлі дастархан жайылды («Мың бір түн»). Онда зәрлі тақиядай тұнық көк, Соның қиын құпиясын біліп көп, Өзі жерде, ойы аспан терінде, Қатты ұйқыда қатып қалған Ұлықбек (С. Мәуленов).
I — зәрәнг, зерең (үйеңкі ағашынан ойып істеген сырлы тостаған, табақ). Сырлы зерең аяқпен, бал ұрттаған ер едім (Махамбет). Доскей Сая ұсынған зерең толы қымыранды алды, бапты ашытылған, салқын екен, сіміріп салды (Д. Досжанов).
ІІ — зәрәнг, зерең. 1. Қар. Зерең, 2. Ауыс. Дөңгелек. Жасы қырықтан жаңа ғана асқан дөңгелек зерең жүзді, шоқша сақалды ефрейтор ертеден бері малдасын құрып, баппен отыр еді (Ә. Нүрпейісов).
золф, зұлпы. Бұйра шаш. Жігітке жиырма бес жас үлкен зейнет, Мағшұқтың маржан таққан зұлпындай-ақ (Шораяқтың Омары). Ираннан келді сұлу қыз зұлпы шашты, алма жүз, Оймақ ауыз, қалам қас, Меруерт тісті, қара көз, Елік мойын, шыбық бел, Тал бойында бір мінсіз («Мың бір түн»).
(а — п) зәманә, замана (зәман + ә, заман + а). 1. Ғасыр, дәуір. 2. Тағдыр, жазмыш. Жамбыл әдеттегі халықтың суырып салып айтқыштық дәстүріне сүйене отырып, поэзияға жаңа жанрлық түрлер әкелді. «Замана ағымы» дастаны мұның мысалы бола алады («Қ. Ә. Т»). Қазақтың данышпан ұлы әл-Фарабидың еңбектері мын жылдық заманалар сыннан өтті (Ә. Әлімжанов).
зомморд> зәмруд, зұмурт, изумруд. Көкжасыл түсті асыл тас. Он батпан берем зәмруд, зүбәржаттан, Қашаннан қолдан-қолға келе жатқан. Екі жүз лағыл, якут және беріп, Інжуден етем сыйлау отыз батпан (Тұрмағамбет). Ертең күн шыға осы жерге жемісіңді алып келсең, ыдысыңды толтырып зұмұрт, лағыл, якұт, гауһар берем («Мың бір түн»).
зәмәстан, зымыстан. 1. Қыс. 2. Ауыс. Түнек, қара түнек, қорлық. Қоян деген зымыстан жұт боп еді, Жаным-ау, елің қалай! Биыл қыстан (Доскей). Зымыстан көрмеген жаздың қадірін білмес (Мақал). Жайраңдап жаз келгенде зымыстан суықтан күйлі шыққан мал сүтті мол да, құнарлы да бере бастаған кез (Көпбаев).
(а — п) зәакар, зинакар, зінакар (зина + + кар, зина + кар, зіна + кар). Неке бузар, бузық, тұақсыз, жарға опасыз.
збурә, зеңбірек. Алысқа атылатын ең үлкен соғыс құралы. Шаруашылық соғысында кәсіп, өнер бәсекесі қанды соғыстағы зеңбірек, мылтықтан да бетер адам баласын қырады (М. Сералин). Алыста зеңбіректер зіркілдей түсіп, үрейлі дауыс естіледі (Қ. Оразалин).
зәмбил, зембіл. Жүк тасу үшін (кәрзіңке сияқты тоқылған екі сапты қурал — носилка). Жұмыс басталып кетті. Бірнеше адам қапқа салынған тыңайтқышты вагоннан түсіріп тұрды да, қалғандары екі-екіден зембілге жегіліп станция басындағы колхоз қоймасына тасып әкетіп жатыр (Ю. Акобиров). Ақ киім киген адамдар оны зембілге салып ала женелді (Ж. Арыстанов).
зәжир, шынжыр. Бір-біріне жалғастырылып істелген темір тізбек. Қақпаны ашса екі қара арғымақ шынжырмен байлаулы тұр екен (И. Байзаков). Үш адам шынжыр матаған Түбінде тұрды арбаның. Тағы да кімдер жасаған, Қалдырмақ артқа арманын? (Ә. Сәрсенбаев).
зәд, зәнд. Ауастаның (Авестаның) кейбір та-Руларының пәһлауы (орта парсы) тіліне аудармасы жэне түсінігі (тәпсірі). Қоштасып табынды отқа, дінін тастап, «Құдай» деп отыр отты көзін жастап. «Зәнда», «Ұста» деген екі кітапты алып: Сол қарттан сабақ алып жатыр бастап (Тұрмағамбет).
і зәндан, зындан. Жерден терең етіп қазылған абақты. Түспес түрде зынданына Оққа ұшпас елдің бәрі. Большевиктер тұрғанында Қайтарылар ердің қаны (С. Мәуленов) Қараңғы, суық зынданды, Жатақ қылды тәніміз. Қылыштың, мылтықтың Аузында болды жанымыз (С. Сейфуллин).
іі зиндд, занда, занда. Тірі тұрушы, өмір сүруші, «мекендеуші» деген мағынада шаһ — зиндә тәрізді сөздерде кездеседі.
зәнг, зең. Тат, тот, көк тат. Ағаш қауға зең басып көтеріп кетіпті (Полевой). Үйіне келген соң Тажыл-Мүлік Ғазизге:—Досым, бір өлең айтшы... Зең басқандай болып тұрған, кеңіл ашылсын,— деді («Мың бір түн»).
зәңги, зәңгі. 1. Негр, қара түсті. 2. Ауыс. Үлкен қара дәу. Дейтұғын бір құлы бар Қасым атты, Қара сұрлау пішіні, зәңгі затты. Отты қара көзі бар, ұзын бойлы Тәкаббар, тәуекелшіл бек қайратты (Мағауия). Саудагерлер кеменің желкемін жазып, тағы бірнеше күн жүрді. Олар жиектегі шоғырды көріп, сауда істейтін ел екен деп жақындаса, адам етін жейтін зәңгілер болып шықты («Мың бір түн»).
зәнһар, зінһар. 1. Сақтан, сақ бол! Абай бол. 2. Қамқорлық, аяушылық, есіркеу. Соның ішіпде уайымсыз, салғырт деген бір нәрсе бар, зінһар, жаным соған сақ бол! (Абай). Шұғбан, мұнша неге жаттың жайға, Сабақты сатқаның ба ет пен шайга. Зинаһар, жаным кешікпей тез қайта көр, Кейінгі оздырарсың келген тайға (Әріһ).
Достарыңызбен бөлісу: |