Парсыша сөздік кіріспе тіл — қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Егер халқымыз «Өнер алды қызыл тіл»



бет12/23
Дата15.06.2016
өлшемі2.35 Mb.
#136673
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

шараб алфавитінің он үшінші, парсы алфави-тінің он алтыншы әрпі, сандық мағынасы 300. (1, ша, ша. «Шаһхтың» қысқа түрі. Қар. шаһ.

І — Шах, шах. 1. Бұтақ. 2. Тарам, сала. 3. Құйылу, ағып келу, ағын саласы (өзеннің). 2. Мүйіз (малдың).

ІІ — Шах, шақ. Шағын, кішкентай, қысқа. Қайратым мәлім, келмейді әлім, Мақсұт алыс, өмір шақ (Абай).

шад, шат. Жайдары, ашық жүзді, көңілді, қуанышты, мәз. Сәпи де шайтан «шертіп», ол шат болған: «Іші кеуек, кіреміз,— деп,— мұны тесіп». Онан соң азғырылып жеген бидай, Әр пенде қамсыз, сірә, жүрген пісіп (Даңмұрын). Шаттық жыр ағыл-тегіл, жаз қаламым, Шат өмір шалқуыңа азба жаным! (І. Жансүгіров).

(п — қ) шад-думан, шат-думан. Мәз-мәйрам, көңілді ойын-күлкі, ойын-сауық, той-жиын. Шат-думан, көңілді күлкі күннің бір уағына дейін естіліп жатты... (Ә. Дүйсенбеков).



шад-шадман, шат-шадыман. Адамның аса көңілді, шат кезі; мәз-мейрам. Деп айтты: «бәрекелді, жарадыңдар! Сендердей, сансыз шүкір, жанарым бар! Келді күн күліп-ойнап, шат-шадыман, Баптанып бедеу аттай жарадыңдар» (Тұрмағамбет). Әйтеуір ұшқыр қиял биледі де, Шырқады ойын әннің шың-құзына. Осындай шат-шадыман күндерімде, Менің де ат ойнайды жүгенімде (Қ. Бекхожин).

шадман, шадыман. Көңілді, қуанышты, шаттық сезімге бөленген. Біз лирикалық геройдың әрбір лебізінен, әрбір сезімінен оның халыққа, күреске шыққан, құралды қауымға арқа сүйеген шадыман сенімін қабылдаймыз (Ә. Тәжібаев). Аты Тыңдай тыңда туган тұңғыштың, Жас ананың жанарыида тұрды ұшқын. Гүл бөбегі дән байлығы толықсып, Шалқиды үні шадыман әсем тұрмыстың (С. Бегалин).

шади, шады. 1. Шаттық, жайдарылық, көңіл көтеріңкілік. 2. Той. Аса көрнекті тәжік жазушысы Жалол Икрами «Шады» атты повестің авторы («Қ. Ә.»).

(қ — п) шәштәраш, шаштараз (сәртәраш сөзіне ұқсату негізінде қазақшаланған сөз). Қар. Сәртараш. Шаш — сақал алушы, қырушы. Қаладағы ілкі алды шаштараз едім, сенің дауыңнан басы ауырған жұрт маған жуымайтын болды («Мың бір түн»). Болды рас, көкегендер, қызыққандар, Барыңдар, шаштаразға, Барыңдар, шаштаразға қызықсаңдар! Дуылдар еді бетім алғашқы апта Жанымнан өткенде бір күліп шалдар (Ә. Сәрсенбаев).



шагирд, шәкірт. Үстаның, шебердің жәрдемшісі, өнер-білім үйретуші қол баласы, приказчик. Қысқасы, бұл шәкірттерім тәрт жыл ішінде, мектепті бітіргенге дейін, әжептәуір сейлеп, ол-пұлды біліп қалар деген үмітім зор (Ы. Алтынсарин). Ярославский кәрі большевик, Лениннің ең сенімді шәкірттерінің бірі (С. Мұқанов).

шал, шәл, шәлі. Жүн матадан, жүннен тоқылып жасалған бас орамал. Орамнан озып бәйге алмасақ та, Тартқандай диірмен едік талқан, жарма. Бұл күнде ешкі қойдан озган заман, Шалыға теңдегендей қап пеп дорба (Ерімбет). Қазақстанның ешкі түбіті сатылып алынып, одан «Орынбор шәлісі» тоқылды («Қазақ ССР тарихы»).

ишли, салы, шалы. Қабығынан, қауызынан та-заланбаған, түйілмеген күріш.

шам, шам. Намазшам (нэмазшам), ақшам (ақшам) тәрізді сөздердің құрамында кездеседі, мағынасы кеш, ксшкі уақыт, кешкі намаз уақыты.

І — шаһ, шаһ, шах. 1. (Үлы монарх Иран патшасының атағы). Салыстыруда бір нәрсенің артықшылығын көрсету үшің жалпы есімдіктерге қосылып айтылады.

Осы күнгі Нәсіриддин шаһ Қажардан шыққан екен (Абай).

ІІ — шаһ, шаһ, шах. Шахмат ойынындағы король және «шах» деу фигуралардың бірі мен корольға жасалған шабуыл. Әй, қалай жүресің? Пешканы қозғама, шах ашылады,—деп еңгезердей жас жігіт бас көтермей сөйледі (Қ. Тоқаев). Қиінді қапыл-құпыл Борис жылдам:—Тез Саша, кетелікші каютадан!— Шаһ! дедім, осы ойынды бітірелік!— Шаһ деген «Челюскинге» жетті мұздан (I. Жансүгіров).



шаһанәлик, шаһаналық, Шаһнаға тән патшалық. Марқайып Мәнушаһар судай тасты, Шаһналық қазынаның кілтін ашты. Мәһрабтың — құрмет қылып адамының Алдына алтын менен дүрлер шашты (Тұрмағамбет).

І — Шаһбаз, шаһбаз, шақыбаз. 1. Сұнқар. 2. Ауыс. Сұлу, көрікті, әдемі, ер, азамат, қайырымды. Сіз бір сұңқар шаһбаз, Жер жүзінен алған баж (Абай). Құрбысын жауға бермес ол шақыбаз (Ақан сері). Дос түгіл, сүйінген дұшпаны да, Тусаң ту, бәрекелді, сабаз десіп. Бағына бейнетқордың келгеп шаһбаз, Дарпға, ғайып болды қапыда ұшып (Әріп).



II — шаһбаз, сабаз. Ер-азамат. Уа, данышпан, сабазым, езілгенді теңедің (Жамбыл). Біриеше сабаздар қыршын кетті, олардың ерлігі ел құлағына жетіп те жатқан болар (Б. Момышұлы). «Естемес есіл сабаз еледі-ау» деп, Сыртынан ашынғаны қыздың жаны. Матайды маңыратпай ағытуға, Түн ауа қыздың осы келген шағы (І. Жансүгіров).

шаһджәһан, шаһжиһан. Жер жүзінің патшасы (белгілі«Бабурнаманың» авторы, Бабыр патшаның теңеуі). Күшейіп күнгейінде ұлы Монғол, Әскермсн жер қайысқан, келіп шығыр, Қайырылған қажып кейін, Шаһжиһан да, «Жалмаушы жер қыртысын — дейтін обыр» (С. Мұқанов).

шаһраһ, шаһраһ. Үлкен қара жол, тас жол. Мұхаммед Бабур шығармасында араб-парсы тілдерінен енген сөздер бірсыпыра. Мысалы, шаһраһ (І. Кеңесбаев, Мұсабаев).

шаһзад, шаһзат. Патша, шаһ тұқымы, шаһ баласы. Ұнатып ол шаһзат та біздің сөзді, Хош көріп, алтын медаль қылған сыйын. Сен соның бәрінен де артық па едің, Жай жүру керек еді болса миың (Ақан сері). Шаһзаттым, өткенге әкінген өмірді қысқартады. Өткенге жылағанша емірдің қамын ойла («Мың бір түн»).

шаһзадә, шаһзада, шаһизада. Қар. шаһзат. Патшаның, шаһтың ұлы. «Шахзада» 1911 жылы басылып шыққан Кете Жүсіп ақынның кітабының аты («Айтыс»). Аздап демалып отырғанда, теңізден тебесі көкті тірегендей бір дню, қолтығына темір сандық қысып, шаһзадалар отырғап ағаштың тап түбіне қарай келе берді («Мың бір түн»).

Шаһзәндә, шаһизәнда. 1. Тірі, өмір сүруші, мекендеуші шаһ, патша. 2. XI—XII ғасырларда пайда болған сдулет өнерінің ескерткіші. Бұл белгілі Шаһизинда ансамблі— 1220 жылы монғолдар қиратқан Самарқан қаласының көне аты «Афраснаб» қыратының түстік беткейіне салынған бір топ мавзолейлер. Олар атақты Қусама мазарының төңірегіне салынган. Халық аңызынша Қусама исаун заманның 676—677 жылдары сол жерде дүние салған, кейін Шаһи-Зинда (дәлме-дәл — «Тірі щаһ», «Тір патша») болып аталып кеткен.

шаһмат, шахмат, шаһмат. 1. Шаһты мат Қылу. 2. Ауыс. Қара ждне ақ фигуралары бар, тақта бетіне сызылған, алпыс төрт тор көзі ждне өзіне тдн ережесі бар ойын құралы ждне сол ойынның аты. Астың артынан шаһмат әкеліп: ойын білесің бе? дегендей ишарат қылды («Мың бір түн»),Шахмат тасына ұқсайды,— Деді Сергеіі көз алмай қарап келе жатып (Ғ. Мұстафин).

шаһмаран, шаһмаран. Жыландар патшасы (қиссаның аты). «Тәмәмдар» — батырдың жынмен алысуы туралы, «Шаһ-Маран»— жылан патшалығының өмірі туралы... (С. Мұқанов). Содан соң ол маған біп жетіге «Шаһымаран» қиссасын беріп, кейін ертегі ретінде түгел айтқызып шықты (Ғ. Мұстафин).

шаһморған, шаһмұрған. Құстардың патшасы. Сөзімді тыңда деді:—ей, шаһмұрған, Жұмысым менің бала мынау тұрған, Ұяңнан осы бүгін тағып алып Отырмын етейін деп жаным құрбан (Тұрмағамбет).

шаһнамә, шаһнама. Патшалар кітабы (парсының ұлы ақыны Фердоусидің Иранда бұрынғы заманда өтксн шаһтарының, патшаларының тарихы туралы дастанының аты). Қам қылды қарт ақынның күшін жиып, Қалмауға қатарынан қаламдастар. Бітіріп бердім міне «Шаһнаманы», Күдік қып күңкілдеуші ед бақталастар (Тұрмағамбет).

шаһдншаһ, шаһиншаһ, шахиншах. Үлы патша, патшалар натшасы (Иран патшаларының атағы). Шоукәт, құдрәт, шахиншах, ағзам... сияқты қара халық түсінбейтін, әдейі іріктеліп алынған сөздер бар (І. Қеңесбаев, Ғ. Мұсабасв).

I — шаһи, шаһи. 1. Патшалық, шахқа тән, пат-шалық құру. 2. Кісі аттарының құрамында кездеседі (шаһизат, Шаһизанда, Шаһигул). Есітіп шаһи Зарқұм ашуланды, Ашуланып ләшкерін жинап алды Зарқұм»). Сол нәубет ақырында сізге жеткен, Алды-артын қапырлы етсіп... Шаһи сұлтанның арамыздан сапар шеккеп (Орынбай).

II — шаһи, шаһи, шайы. 1. Жол-жол жұқа жібек мата. 2. Шайыдан істелгсн. Шымылдыктың ішіне, Мамық төсек үстіне, Шаһи көрпе жанды енді (Алпамыс). Жібектен шайы орамал кестелеген, Айнала жазуы бар «есте» деген «Егерде айтқан серттен таяр болсаң, Мейілің жырт, мейлің өрте, шеш те» деген (С. Сейфуллин).

шаһизад, шәһизат, шахизат. 1. Шаһ тұқымы, шаһ перзенті. 2. Кісі аттарында кездеседі (Шаһизат, Шәкизат, Шәкізат).

шаһигол, шаһгүл, шайгүл. 1. Шаһ гулі, патіии гулі, канна. Хат жаздым қолыма алып қалам, сия, Шәризат духтар шаһи-Гүл назия (Ақан сері).

шайан. шаян. Қадірлі, құрметті, сүйкімді, ұнамды: сыпайы, әдепті. Ажалы жоқ аштықтан құдай алмай, Шықты үйінен бір күпі шыдай алмай. Бардыдағы бір байдың есігіне, «Шаян Алла хақ»,—деді айқай сала-ай (Молда Мұса). Шаян Бегжан, мәжілісті хұзур кыл, Таитанылы тамашамыз, біздің бұл Ғиш-ғашырат, кейіф-сафа ойлалық. Күйші, жырау қайда? Аларны хазір қыл! (I. Жансугіров).

шәб, шап. Міршап (миршәб) тэрізді сөздердің құрамында кездеседі, магынасы «кеш», «кешкі тұрым».

шәбан, шопақ. Қойшы, бақташы, шабан.

шәтал, шотал. 1. Әр турлі құмар ойындардан аңша утқан адамнан уй иесі қызмсті ушін алатын улсс. 2. Ауыс. Жуу пұлы, пайда, олжа.

(а —п) шәрабханә, шарапхана (шәраб + хан, шарап + хана). Шарап жасайтын, иіарап ішетін орын, жай. Туғанбек һараттың «Ферузабад» қақпасына қарай баратын үлкен жолдағы шарапханаға кірді (Айбек).— Баланың өзі қалай? Адам болып па? Енді ойлаіі ма екен сірә? Әлде шарапханадан шықпай сары езу боп, шүйке басқа ілесіп кете ме екен?!—дсп, сұрады Доскей Жаңыл бәйбішесінен (Д. Досжанов).

(а — п) шдрабхур, шарапқор (шәраб + қур).

1. Шарап ішуші, шарап қүмар, шарап ішкіш адам. 2. Маскүнем. Мейлі олар көңілдерін көтерсінші, он салсын, Шарапқордың жазығы не, Қустәналар керігеді? Мүлойімсіп отыратын анау қара ниеттен Ары таза маскүнемнің өзі қайда жепдірек (Қожа Хафиз).

(а — п) шәртнамә, шартнама (шдрт + намд, шарт + нама). Жазулы, жазба келісім. Рүстем риза болып төгіп жасын,—Өзің-ақ көр патшаның тамашасын. Себебі: шаһы Жомшпт бабамыздың, Бұзуға болмас қылған шартнамасын (Тұрмағамбет). Осыған сіз мөріңізді басып, шартнама жазып беріңіз («Мың бір түн»).



шәрмәніә, шерменде, шарманда. 1. Ұятқа қалған, ұшыраған, мс: қараланған. 2. Ауыс. Жасқаниіақ, ұялшақ. Қудың сырын біле алмай, шерменде болыпотырған жалғыз, Боздақ би емес, бәрі де солай (Ғ. Мүсірепов). «Ойын арзан, күлкі қымбат». Сол қымбатқа қолы жетпеген шерменделердің бірімін,—деді келіншек (Ғ. Мұстафин).

шәғал, шағал. Қасқыр тектес өлексемен, өлім-тікпен қоректенетін жыртқыш аң. Заманда бұрынғы өткен, «шағал» деген Тоғайда жүреді екен бір хайуанат. Түн болса, шаһар ішін кезіп жүріп, Тағам жеп өтеді екен әр дәмді ауқат (Нақып қожа).

(а — п) шифаханә, шипахана (шифа + ханә, шипа + хана). Емхана, аурухана, сауықтанатын орын (санаторий сияқты).

(а — п) шифагдр, шипагер (шифа + гәр, шипа + гер). Емші, дәрігер, доктор, тәуіп.

шәфтәлу, шапталы, шабдал. Жылы жақта өсетін жеміс ағашы ждне оның сарғыш-қызыл түсті үлпілдек қабықты жұмсақ дәмді жемісі. Олардың құлпырған түсіне керік беретін, қаны тамған анар, уылжыған шапталы, сары алтындай беһе, түрлі түсті алмалар өскен еді («Мың бір түн»). Колхоз жері кек көрпесін жамылып, шабдалы, бадам, шие ағаштары ақ, қызғылт гүлдерге бөленді (Ю. Акабиров).

шекәр, шекер, секер. 1. Шақпақ қант. Құм шекер. 3. Кісі аттарында кездеседі (Шекергүл, Балшекер). Қыздарменен шай келді, Шыны шекер бал келді («Алпамыс»). Ақ екен ақ інжудей отыз тісі, Болғанда маңдай жазық қызыл жүзі. Татиды шекер-балдай айтқан сөзі, Жігіттің тұла бойын балқытады, Қараса жаудыраған қара көзі (М. Сералин).

(п — қ) шекер-бал, шекер-бал. Шекер және бал, шекердей тдтті бал. Тыныштық күнде сөнлесем, Төгілген тілден шекер-бал. Қатерлі күнде тсбіренсем. Сәзімде менің қаһар бар (Жамбыл). Осы гүл күнде түлеп, шешек жарған, Сапырған, жаралғандаіі сүт пеп қаннан, Әкенін сүюімен иіскеуіне тәттірек тәрізденді шекер-балдан (С. Мұқанов).



шәкәрләп, шекерлеп, шикәрләп. Шскср ерін (поэт.). Шын шикәрләп есіме түскен санын, Сат, сабырым қалмады мен не әйләйін. Зат, зайғ өмірім өтті менің бекер, Тый, талаптан әйтеуір құр қалмайын (Абай).

шекдст, шікас. Жеңіліс, ұтылыс, жығылу, құлау. «Қой, інім!» десең сөзбеп сұлусымақ, Лайық ағалыққа айтсаң кеңес, Мен, сопшд, інің емес туған ақымак, Шатақ сөз шақпақ тілмен, беріп шікас (Қаңлы Жүсіп).

шелтә, шілте. Кінә, сөгіс, ұрыс, ұялту, бетіне басу. Әлде бір шілте, әлде пба тізгіні кесірлікке жібермей тұрған секілді (Ғ. Сланов).

шәлғәм, шалған, шалқан. Түбірі үлкен пияз тәріздес бір жылдық бақша өсімдігі. Шалқан өте үлкен, дөп-дөңгелек, сап-сары болып өсті (А. Байтанаев).

шәллаки, салдақы. 1. Салақ, ұқыпсыз, бос белбеу (эйел). 2. Ауыс. Бетбақ, шатақ, жүзі қара, қар, бұзық бдлелі (әйел). Қу салдақы қыларын қылып ап бекінген екен ғой!—деп ойлаған Шоңайна басына көтере, Құптайды тілдеді де дыбыс бермеуіне ызалана түсті, ендігі өшін ерінен алу ниетімен ордаға жүгірді (С. Мұқанов).

Шәлуар, шалбар. Ұзын балақты бұтқа киетін киім. Қалай-қалай сөйлейсің бес кісідей, Бетің жаман шалбардың ескісіндей (Ұлбай қыз).

Шәмшад, шамшит. 1. Тұп-тура өсетін ұзын (жылтыр сұр қабықты қатты) ағаш, бүк; пальма. 2. Ауыс. Сұлудың сымбатты бойы.

шдмшир, семсер. Екі жағында бірдей өткір Щгзі бар қылыш тдрізді қол қаруы. Беліне семсер іледі, Ақ сауытын киеді («Қобыланды»). Батыр бол балаларым бәріңдағы, Тап берген дұспан иттің сынсын сағы. Семсерін Аманкелді тот баспасын, Ел қорға ұлы күннің тұса шағы (Жамбыл).

(п – к) шәмширли, семсерлі (иідмшир + ли, семсер+лі). Семсері бар, Сарбаздар саңлақ мінген, шогырланған, Жасақтар жалаң каққан жауға арналған! Семсері сері, талай найзагерлер. Болаттар тыс, тілуге ожарланған (I. Жансүгіров).

(а — п) шәмғ-чирағ, шам-шырақ. Жарық, сәуле көзі. Шам-шырақ деген тас жатыр, Теңіздің терең түбінде. Сүңгіп ада.м соны алар Шам қылуға түнінде, Май құйған шам сөнсе де, Шам-шырақ сөнбес емірдё (Жамбыл). Бұл күнде біздің тулар шың басыпда, Қадалған асқақ өмір нұр тасына. Таралган жер жүзіне мол шұғыласы, Шам-шырақ адамзаттың ортасына (Н. Баймұратов).

(а — п) шәмғдан, шамдан, шамдал (шәмғ + + дан, шам + дан, шам + дал). Шамды қоятын ыдыс, шамның сирағы. Қараңғы түнде қасқарып, Алғандай шамдал қолына (С. Бегалин). Залдардың сәулетті паркеті, әлпеті сәнімен сақталған, шамдалдар, шамғалдар — қандалдар, қызылды-жасылды бақталған (Тоқмағамбетов).



шдн, шан. Гүлшан (голшдн) тдрізді сөздерді жа-сауға қатысады, сол заттың көптігін, молдығын білдіреді.

шәнбә, сенбі. Жұма мен жексенбі аралығындағы күн аты, жаңа календарь бойынша 6-күн. Қазақтағы жеті күннің алтауының аты парсыдан алынған, оның бесеуі біріккен сөздер. Сенбі — парсыша «шәнбә», «күн» деген сез әркешева). Еврейлердің дүкені жабық болды, өйткені күн сенбі еді, сенбі күні олардың мейрамы болады ғой («Мың бір түн»).

(п —қ) шәнбәлик, сенбілік әнбд + лик, сенбі + лік). Қоғамның пайдасына сенбі күні бос уақытты' пайдаланып ықтиярымен істелетін коллективті ақысыз жүмыс. Коммуннстік сенбіліктер, коммунизмнің факт жүзінде басталуы ретінде, аса бағалы... Бұл бастамадан шығатын зор маңызды ирактикалық сабақтардың бәрін игеріп алу үшін, «коммунистік сенбіліктердің мәнін жақсылап ойлану керек» (В. И. Ленин).

(п — қ) шупханә, шөпхана. Шөп, пішен сақтайтын жай, шөп сарайы.



шудгар, сүдігер. Биыл айдалып, келесі көктсмге дейін қалдырылған егістік жер, зябь. Қырбық қардың әр жерінен сүдігердің қара кесектері қылтиды (Бек). Қыстаулыққа жақсы емес, Қыстыгүні қары қалың болатын, панасы жоқ, сүдігер жайсыз еді (М. Әуезов).

I — шур* сор.* Сортаң, тұзды (жер). Су қаймағы мұз, сор қаймағы — тұз (Мақал). Бура жайлаудағы бір сордың маңында ащылап жатқан түйелсрдің ішінде жүр екен (С. Мұқанов).

П — иіур, сор. Бақытсыздық, қырсық, бдле. Түлкінің қызылдығы өзіне сор (Мақал). Бұзау, қозы соңында, Маңдайымнан арылмаған сорым да. Күл шығарыи, тезек теріп, су тасып, Жауыз байдың күңі болдың қолында (Ш. Иманбаев).

(п — а) шур-ғәзаб, сор-азап. Кайғы, қасірет,әбігерлік. Бірдемені сол қазақ Бітіргелі жүр ме екен, Әлде түзде сор-азап, соны күтіп тұр ма екен (X. Ерғалиев).

(п —к) шурли, сорлы (шур + ли, сор + лы). Бақытсыз, бдлеге ұшыраушы. Атқанша таң, Батқанша күн, Бас алмайтын ұйқыдан. Ұйықтап мәңгі ойсыз қалған, Кейбір мисыз сорлы жан. (Ә. Тәжібаев). Еңбек емген мұжық қалай байымас. Ермек емген сорлы қазақ жарым аш. Орыстың тек осы мінезі жұқса біздің қазақ мелтек атар еді-ау! (Г. Мұстафин).

(а —п) шәуқ-сәйран, сауық-сайран. Ойын-сауық, тамаша, той-думан. Кездесерміз жігіттергс, Жүрген жері — сауық-сайран (С. Мдуленов). Сауық-сайран қызып жатты күлкі мен он (Ә. Тәжібаев). Тамаша сауық-сайран барсам қайда, Сұлу ән, маржандай жыр жанға майда («Халық ақындары»).



Шәуіә, шәуле. Сұйықтау күріш ботқа.

(а — п) шәһаддтнамд, шаһадатнама (шәһәдәт + намд, шаһадат + нама). 1. Куәлік, аттестат, диплом. 2. Жазулы куә сөз. Ғылым өнер оқысын жастарыцыз, Берейік молдамызға жеті жаста... Шаһадатнама берген сон учительдер, мұнан соң қайда барса қалмас әсте (Мақыш).



шдһр, шаһар, шәһәр. Қала, үлкен қа.іа. Қараңыз мынау тілден Камчатка арал, Дейтін ай камшат құндыз осында бар, Қаласы қиыр шығыс мынау тұрған, Кеңестен шығыстағы шеткі шаһар (І. Жансүгіров). Осы жұрт Ескендірді біле ме скен? Македония шаһары оған мекен. Филипп патша баласы, ер көңілді, Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен (Абай).

(к — п) шибарханә, шеберхана (шибар + ханә, шебер + хана). Шеберлік, ұсталық үйрететін жай, ұстахана. Алматыда музыкалық ұлт аспаптарын жөндейтін шеберхана бар («Қ. Ә.»). Қазақ ССР халық суретшісі Айша Ғалымбаева өз шеберханасында («Қ. Ә.»).



ишд, шит. Жамшит (джамшид) ұқсас сөздср құрамында ксздеседі, мағынасы: нұр, шұғыла, сэуле, кун, куннің көзі.

I — шир, шер, сер. 1. Арыстан (Әзірет Әлінің теңеуі). 2. Топ жұлдыздың аты (Иранның күн, жыл есебінің 5-ші айына тура келетін белгісі). 3. Ауыс. Батыл, батыр, ер. 4. Кісі аттарында кездеседі (Әлішер, Серәлі. Шерәлі, Шернияз). Кемеге бір күні қой кіріп келіп, Ізетпен шерге сәлем берді әдейі. «Кеменің тозақ қылдың тақтасын» деп, Ғаріпке етті қаһар паруаны (А. Жарасбайұлы). Тартысты табандасып әрі-бері, Егесіп елден асқан екі шері. Төгіліп шаңын басты сол алқаптың Булығып бойларынан аққан тері (Тұрмағамбет).

П — шир, сыр, шір. Сүт. Қар. сыршай (ширч + 'пһіі сыр куріш (ширкуриш).

ишрази, ширази. 1. Бақыт, ырыс, қуаныш, сүйінші. 2. Кісі аттарында кездеседі (Ширази, Сағди Ширази).

(п — қыт.) ширчай, сыршай, шіршай. Сүт, иіай, сүт қосқан иіаіі. Келесі күп тағы да қуанышты басталды. Мені бір бақытты шақ күтіп тұрғандай төсектен қуана ояндым. Жақсы дайындалған шіршайға түтас бір таба нанды турап жеп алып, гаражға тарттым (Акобиров).

(п—а) ширдор, шердар. 1. Арыстанның үйі. 2. Ауыс. Шерэлінің үйі (Әзірет Әлі үйінің теңеуі). Ауланың бір жағында Үлықбек медресесі, екінші жағында — Ширдар, үшінші жағынан Тиллякари зоулім үйлері қоршалап, апалы-сіңілідегі шоғырласып, орта ғасырдың аскан ансамбліп жасап түр (Ж. Арыстанов). Оның ортасында өзара жарасымды үйлестік, үндестік тапқан % Шердар мен Тілләкәрі (Б. Алдамжаров).

(п — қ) ширкуриш, шіркүріш. Сүтке пісірген куріш ботқа.



Иіирә, шыра, шіре. Сок, сөл (жемістсн істелгсн). Жүзімнің хисабы жоқ, шіресі ағып пісіп тұр екен («Мың бір түн»). Дүнненің сафа асылы, сарасы — біз, Мақсаты, майса гүлі, санасы — біз. Бұл жаһан дөп-дөңгелек жүзім болса, Жауһардай жанған соның шырасы — біз (Омар Хэйям).

ширин, шырын. 1. Тәтті, дәмді. 2. Ауыс. Сүйкімді, ұнамды, жағымды. 3. Кісі аттарында кездеседі (Шырын, Шырынбск, Шырынгүл). Мен бұрын молім емес бір өсімдік сортын әкелдім, өзінен шырын шығады (С. Шаймерденов). Өмірде өлең мұқтаж, жыр бағалы, Шырын сөз жанның шөлін суарады (Қ. Бекхожин). Оқу мен өнер жайлы айтқан сөзі Көсемім Лениннің шырын еді (Тұрмағамбет).

(п — қ) ширинди, шырынды (ишрин + ди, шырын + ды). Дәмді, сөкті, маңызды. Егер жайым оты көктесін: шырынды болса, сонда ғана бір рет суаруға болады (М. Ермеков).



шишә, шиша. 1. Әйнек. 2. Шөлмскше, шиша. Бір тәуір жері — теңіз жағасында обырлана тамақ соғып, немесе арақ ішіп, шиша сындырып бүлдіріп жатқан ешкім көрінбейді (Р. Бердібаев). Келе-келе, кісінің жаны шишаға айналып, ішіндегісі түгел көрініп түрады деуші еді. Мыналарын шиша емес, нағыз, ала құйын ғой,— деді Мақұлбек (Д. Досжанов).

(қ — п) шиғиндар, шығындар (ишғин + + дар, шығын + дар). Шығынға ұшыраған (адам). Әксме амалсыз шығындар болуға тура келді (С. Үлықзаде).



шим, сым. Шалбар (ер адамның сыртқы киімі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет