Парсыша сөздік кіріспе тіл — қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Егер халқымыз «Өнер алды қызыл тіл»



бет17/23
Дата15.06.2016
өлшемі2.35 Mb.
#136673
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

нараб алфавитінің жиырма бесінші, парсы алфавитінің жиырма тоғызыншы әрпі, сандык, мағынасы 50.

на, на, нә, не. Болымсыздық («жоқ», «емес») мағынасын білдіретін (сөз алдынан жалғанатын) қосымша (намақұл, нәкес, нехош).

(п — а) наинсаф, найсап (на + инсаф, най + сап). 1. Нысапсыз, эділсіз, әділетсіз. 2. Ауыс. Ұждансыз, опасыз, арам, жексұрын. Азанға сөз қосып бүлдіріп шақырдың ғой, сен найсап!— деді Нүридден хазірет Ташмұратқа (Ш. Хұсаинов). Арғынның қалмай жүр ғой кәрі күші. Ағаңның лайық па қылған ісі? Шілбиген қол-аяғы кәпір найсап, ұқсайды дәл маймылға өңі-түсі Әріп.



набуд, набыт, науыт. Набыт болу, науыт болу; жоқ болып кеткен, өмірде жоқ, жойылған. Қатын, бала, кемпір, шалдық бұдан да жаман жылауына және елдің науыт болуына көз жетті (С. Сейфуллин). Иә, босқа қырылмайық! Набыт болмайық! Азат шынын айтсын!— деген дауыстар шықты (Ә. Тәжібаев).

напак, напақ (на + пак). 1. Лас, былғаныш. 2. Етек кір. Денсаулыққа зор кесел үйрете көрме ауызды Насыбай — напақ, шылымға! (Шораяқтың Омары)..

начар, нашар. 1. Амалсыз, шарасыз. 2. Әлсіз, осал. 3. Ауыс. Кедей, кіріптар. 4. Жаман. Шешенде тіл, шеберде мін бола ма? Нашардан шығатұғын үн бола ма? (Бақытбай Айтыс). Мұңымды жұртқа айтпаған саған шақтым, Жүрек от, көңіл — дария, халім нашар (С. Сейфуллин).

(п —к) начарлиқ, нашарлық (начар + лиқ, нашар + лық). Шарасыздық, кіріптарлық, осалдық, әлсіздік. Ол ғылым құдіретте ешбір ниһаятсыз ғылымында ғафлет құдіретінде епсіздік және нашарлық жоқ (Абай).

(п — a) нахәқ, нақақ (на + хәққ). 1. Әділетсіз, заңсыз. 2. Жалған, көпе-көрнеу өтірік, алдамыш, жасанды. Ғашығым Жәбір — жапасыз Кірлетпес жанды нақақ тат. Жоғалсын пиғыл опасыз, Жасасын таза махаббат (X. Ерғалиев). Сен мына нахақ бейшараны өлтірейін деп отырсын. Менің тілегім,— осының шыбындай жанын қи маған! (С. Мұқанов).

I — нахуш, науқас (на + хуш). Ауру сырқау. Базаралы науқасынан оңалып, қайтадан азамат қалпына келгенге қараша үйлердің үлкен-кішісі түгел қуанды (М. Әуезов). Бір бөлмеде оның жатыр апасы, Мөлдіреген дәрі-дәрмек, су қасы. Төсегінде сарғыш, кәрі денесі, Меңдеген бе «ескі досы» — науқасы? (X. Ерғалиев).

II — нахуш, неқош (на + хуш). Сүйкімсіз, ұнамсыз, жағымсыз. Бір ақбар жанабыңа жаздым, Дақа, Кезінде уақыттың неқош, көңілің қапа. Сүйер дос сүйісетін бола қойса, Бар ед көңіліңізде әр иштапта (Шораяңтың Омары). Қалада хатың келіп тиді маған. Оқуға уақытым некош, болдым наукас Сол болды кешіккені кемді күнге, «Сауалым,— депсіз,— сөзбен қайтарылмас» (Кете Жүсіп).

надан, надан (на + дан). Көргенсіз, дөрекі, білімсіз, мәдениетсіз. Ауылнай надан оқымаған адам. Жанында хатшысы — Бекен ұлы Байқадам (Б. Майлин). Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын? Халқым надан болған соң Қайда барып оңайын? (Абай).

(п — қ) надандиқ, надандық (надан + + дик, надан + дық). Кейінгіге жақсы өнеге көрсетіп, Надандықты табанымен таптаса, Шыбын жанын халқы үшін пида қып, Ата күші ана сүтін ақтаса (С. Сейфул­лин). Жауыққан жауым надандық. Өнерсіздік — өштесім, Қараңғылық — қастасым; Жігерім жегем жеңерге (I. Жансүгіров).



надорост, надұрыс (на + дорост). Дұрыс емес. Талабы қай біреудің оңғарылса, Иелік ете кетер бақ, ырысқа. Ақылдың көкірегінде көзі барлар, Шығар мас бұл секілді надұрысқа (Тұрмағамбет).

нар, нар, нәр. «Анар» сөзінің цысқа түрі (Нәргүл).

(п — а) нарази, наразы (на + рази, на + разы). Разы емес, разылың бермеген. Абай Тәкежанның сол мінезін биыл есітіп, қатты наразы боп жүретін (М. Әуезов). Бұлар бірінің кеңілін бірі таппай, іштерінен наразы болып айырылысты (3. Шашкин). .

(п —а —қ) наразилиқ, наразылық (на + рази + лиқ, на + разы + лық). Разылық білдірмеушілік, қарсылық. Хафиздің патшалар мен әмірлерді жырламауының өзі-ақ, оның оларға деген наразылығын үстем тап өкілдеріне іштей қарсылығын білдіреді (Б. Исқақов). Балуан Шолақты ұстасаң, былай да зорлықпен бағындырып отырған қазақтардың үкіметке наразылығы үдеуі, тіпті көтеріліс шығуы мүмкін—деді ол (С. Мұқанов).



нарпуст, нарпос. «Анарпостың» қысқа түрі (кептірген анардың қабығынан жасалған сары түсі бояу, онымен тон бояйды, соны нарпос дейді).

нарәсидә, нәресте (на + расидә). Піспеген, жетілмеген. 2. Кәмелетіне келмеген жас бала, сәби. Жасар едім жақсы той, Шақырар ем Ленинді. Нәрестемнің атын қой, көр дер едім жерімді (Ә. Тәжібаев). Шырылдаған нәрестені шұрқырай құшқысы келе тұра кігі кезінше маңына бара алмады жас әке (Ғ. Мұстафин).

(п — а) нариза, нариза (на + риза), Риза емес. Өлім шықса молдалар қуанады, Қаралы үйге бермейсің ешбір маза. Түрлі салық елгенге саласыңдар, Бермесе боласыңдар тағы нариза (К. Әзірбаев).



нарғил*, наргіл* (араб, нәршіл). Пальма ағашының жаңғағы (кокос).

наргилә, нәргилә, Темекі тартатын кернейше, оның төменгі жағы нәргілдің қабығынан жасалған көзе тәрізді ыдыс, соның ішіндегі су арқылы түтін сыртқа шығады, оны кейде кальян дейді, қорқор.

нарәуа, нарауа. 1. Рұқсат етілмеген, 2. Үйлеспейтін, келіспейтін, унамсыз, 3. Қолайсыз, қабыл етілмейтін. Кемеге бір күні қой кіріп келіп, ізетпен шерге сәлем берді әдейі. «Кеменің тозақ қылдың тақтасын» деп, ғаріпке етті қаһар наруайы (А. Жарасбайұлы).

наз, наз. 1. Еркелік, әлпештік. 2. Әсем, нәзік, сднділік. Қызы бардың назы бар (Мақал). Бір елес бұзып кетті сәл ұйқымды Келгендей құлағыма ән сиқырлы! Аймала жас сұлуды, наз өлеңім, жырымда жадырасын жан сүйкімді! (Қ. Бекхожин).

(п — қ) наздану, наздану (наз + дану). Еркелеу, Толықсып тұрып алтын ай Арқаның әсем түнінде, Назданып күліп сәулетай, Еркелік наз бар үнінде (С. Бегалин).



назок, нәзік. 1. Жіңішке, жұқа, жұмсақ, 2. Сыпайы, әдепті. 3. Әсем, көркем, сәнді. Береннің нәзік саусағын ауыр темірдің салмағы талдыратын секілді (Б. Майлин). Еркелі нәзік қолмен маған тиді, Ұмытпа деп айырылған жерде берді (Абай).

нашпати, нашбат. Алмұрт, алмұрттың бір түрі. Мухаммед Бабур шығармаларында араб-парсы тілдерінен енген сөздер бірсыпыра. Мысалы, нашбат (алмұрт)... (І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев).

нашта, нашта. 1. Таңертеңгі ас, азанғы шай (қарын ашта), ораза.

(п — қ) нақулай, неқолай (на + қулай, не + қолай). Қолайсыз, ыңғайсыз, жайсыз. «Мен қойдым, сен айта бер» деп едіңіз. Салмақты сабыры бар адамдай-ақ. Арттырып осы ретте жіберіпсің. Жағдайсыз жазып нама неқолай-ақ (Кете Жүсіп).



нақ, нәк. Алмурттың ірі сорты. Нәк, өрік, жүзім түрлі жемісі көп, Қай жермен салыстырса теңдескендей (А. Тоқмағамбетов).

накәс, нәкес, некес (на + кәс, нә + кес, не + кес). 1. Жексұрын, сұм, арам, жаман ниетті, опасыз. Атасы некес кәуірдің «мәстегін айдап келген ер!» («Ер Тарғын»).

нагәһән, нагаһан. Кейде, кенеттен, абайсызда.

налу, налу. Күйіну, қайғы-қасірет шегу, ренжу. Мамет шықты қару алып, Қарсы аттанып Таярларға, Машұқ үйде жатты налып, Маметті ойлап балап жанға (С. Бегалин). Келген кезде таяққа шыдай алмай «қайдан тап келді екен» деп налып жүргенде осы Күләмза туған (Б. Майлин).— Ойларыңның салмағы басыңды темен алып барады,—деді әркезде налу білмейтін Во­лодя Толстов (Ғ. Мүсірепов).

налиш, налыс. Терең дем алу, ауыр күрсіну. Бар еді сол тоғайда бір жолбарыс, Жүретін баласы өліп етіп налыс, Баласы еметұғын болмаған соң, Емшегі кетіп еді есіп қарыс (Тұрмағамбет). Құр налыс, күш жетеді, қолда бары, Бұлдырап барады әлсіз кез жанары (Ә. Сәрсенбаев).

налә, нала. Зар. Нала қылу зар жылау, зар қағу, еңіреу. Жау қамалап жеткен соң, Атынан қару кеткен соң, Базарбайдың Телегені, Тәңірге қылды наланы («Қыз Жібек»). Кейде кенілдендіріп, күлдіріп алған достарына енді келіп, аса бір ауыз наласын шағады (М. Әуезов).

нам, нам. 1. At, есім, 2. Даңқ, атақ мәшһурлік. Сізге мен кеп намынан амандастым, Керекті кісі емессіз жалғыз маған. Келеңкен Жетісуға тегіс түсіп, Артылды осы уақытта сіздің бағаң (Нұрила). Апыруз үшіншінің еді намы, Жығылам деген жаннан жоқ. Ед қамы, Мәһрануш ең кенжесі еді олардың, Сияқты сол кезінің сенбес шамы (Тұрмағамбет).

намәхрәм, намахрам (на + мәхрәм, на + ма­храм). Бөтен (семья үшін), басқа, шет.

(п —қ) наморд, намұрат. Мұратына, мақсатына жете алмаған. Секілді көк қаршыға құныс қана, Еліңе қайтамын жылыстана. Бекаль қажы асына тоқтап қара, Қайлакер Намұрат болып тыныстама (Ақан сері).

(п — а) Намұрад-шиддәт, намрат-шиддәт. 1. Қүшті қатал болғанымен мұратына жете алмаған. 2. Ескі заманда Исмен уәлаятында патша болған Шиддат мұратсыз деп аталған. Намұрат-Шиддат малғұн болған, Оларға құдай берген әр зауалды. Ғибрат ал осылардан зрың сыйлап, Менмендік меглеу еткен талайларды (Жарылқасын).

намәрд, намәрт (намәрд). 1. Пәс, қайырымсыз. 2. Қорқақ, жексұрын, сұм жауыз. Ол емес, енді бақсақ нәсіліміз: Ол ғана нәмәрт туған нас ұлыңыз. Осынау үлкен елдің үшін ұқпас Болғанбыз тосаң құлақ асылы біз (X. Ерғалиев). Мынау қалай сорлы еді езі неткен, Өз ойымен қылғанын нәмәрт еткен («Қозы Көрпеш — Баян сұлу»).

(п — а) намәғқұл, намақұл (на + мәғқұл, на + мақұл). 1. Мақұл емес, дұрыс емес, ақылға сыймайтын, 2. Сандырақ. Белгілі маған сол мен оңқайыңыз, Таба алмасам, өкпелеп, томпаймаңыз. Бұл арада намақұл болып жүрме... (Әсет). Келіспес кестесі Ретсіз сөзді кім тыңдар! Наманқұл сөздің мысалы: Аң көрмей ұшқан далаға, алмайтын құспен тең болар (Шораяқтың Омары).



(п — а) намдғлум, намағлұм (на + мәғлұм, на + мағлұм). Белгісіз, белгілі емес.

(а — п) намусхур, намысқор (намус + хур, намыс + қор). Намысшыл, ұятын сақтағыш. Мал айтып, тілеу қылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік са­ған,— дейді екен. Екінгнісі — намысқор болады екен (Абай). Физулн ешкімге көп иіле бермейтін намысқор адам болған (М. Атымов).

(а — п) намусқар, намыскер (намус + кар, намыс + кер). Ұятты, ұяты бар, арлы, ары бар, намысты, намысы бар, аршыл адам. Оның бұл әрекеті бар Мамыттың өркөкірек, намыскер жігіттері түгіл ен қажырсыз Әбайділданы да қатты ойлантты (Д. Әбілев).

(a — п) намусгуй, намысқой (намус + гуй, намыс + қой). Намысшыл; өзінің, біреудің абыройын сақтау үшін тырысушы, күресуші. Құрақпай туғаннан-ақ жарлы еді. Олдағы қолы қысқа зарлы еді. Өзі әнші, өзі батыр, өзі сері, Намысқой, ер көңілді, ар­лы еді (К. Әзірбаев).



намә, нама. Хат, кітап. 2. Шығарма, туынды. 3. Күрделі сөздерді жасауға қатысатын қосымша. Бұл жазған сұнғатым, Көңіл аглар бір наме. Менің сол рахатым, Көзіме сүрмеге (Абай). «Бұл нама өте алыста жүрген Қаңғыбайдан, үй ішіме арнап жазып отырмын» депті («Мың бір түн»).

нан, нан. 1. Қамырдан пісірілетін тағам. 2. Ау­ыс. Құнды ңорек. Енбектін наны тәтті, жалқаудың жаны төтті. (Мақал). Сөзімді тындаған жұрт қайым болды. Алдымда қант пенен нан, шайым болды (Еүлханым). Нан таппаймыз демейді, Бүлінсе елдің арасы (Абай).

(п —к) нанджидә, нанжиде. Үлкен жемісті жидә ағаш және оның жемісі.

нанханә, нанхана (нан + ханә, нан + хана). Нан жабатын, нан пісіретін орын.

нануа (й)— наубай, Булкашы, тоқаш пісіруші, күлше нан жабушы.— Бүгін болмаса ертен болар,— наубай бір теңгелік нан берді («Мың бір түн»).

нануа(й) ханә, наубайхана. Нанхана (нан пісіретін, нан жабатын орын). Пекарняны наубай­хана деп алар болсақ, әдеби тіліміз үшін мұның несі айып? (Ғ. Мүсірепов, І. Кеңесбаев).

(п —к) нануа(й)чи, наубайшы (нануа(й) + чи, наубай + шы). Нан жабушы, пісіруші. Күндерде бір күн хан жұпыны киіммен базарға келсе, қанша халық бір наубайшының нанын таласып алып жатқанын көреді («Қазақ, ертегілері»).



науә, науа. 1. Кірленше, астауша. 2. Кемеше. 3. Су ағызғыш. Құлын алтын науадан су ішіп тур екен («Қазақ ертегілері»). Науасы қазған арықтай Бетінде жоқ бедері. Көтерме жағы қырмен тең Кеңдігінің көлемі (О. Шипин).

(п — қ) наһарсыз, нәрсіз (наһар + сыз, нәр + сіз). Қорексіз. Көсілген кемекейің ақын емес, Суындай сезің нәрсіз шалшық көлдің (Шөже).



наһид, наһит. Шолпан жулдызы. Наһит парсыша Шолпан жұлдызы (М. Байділдаев).

най, най. 1. Флейта, сырнай, сыбызғы. 2. Шылым кернейшесі (трубкасы). 3. Қамыс.

нәбирә, немере, набыра. Ата-ананың, ұл-қызынан туған бала, баланың баласы. Қызынан туған Асан, Құсайынды, «Набырам» — жігер, күшін — деген менін (Тұрмағамбет). Келер, келер біздің де кун, Не көреміз немереден, Айдар бізді дүниеден (А. Пушкин).

ноқуд, ноқта. 1. Бұршақ (бұршақ түқымдас өсімдік және оның ішіндегі домалақтау дән). 2. Салмащ өлшемі (4,25 гр. тең). Мен ноқтамды тартып жіберіп, күннің сәтін байқадым («Мың бір түн»).

нәрх, нарық. 1. Баға, 2. Тақса, кесімді баға. Үйдегі көңілді базардағы нарық бұзар (Мақал). Шыққан жоқ бөтен елге сенің даңқын, Алжаспай ойлап сөйле сөздің нарқын. Пәлен деп сыртыңнан сез мен айтпайын, Зерделі сездің мәнін қыз ұғат (Серіқұл).

нәрхнамә, нарықнама (нәрх + намә, нарық + нама). Нәрселердің бағасын, товарлардың сортын көрсететін анықтама; қойылған, белгіленген баға нарықтың тізімі.

нәргәс*, нәркес* (араб, нәржис). 1. Наргисс (бақшада өсетін ақ гүлді өсімдік). 2. Ауыс. Сұлудың көзі. Қырлы мұрын көрінді Әдемі нәркес көзін-ай (М. Әуезов). Көзі нәркес, сезі кеусер, Нәзік дауысы қалтыраған, Махаббаттың тәңірісі дер Кім де болса көрген адам (Ә. Тәжібаев).

(a — п) нәшабаз, нашапаз (нәша + баз, наша + паз) Наша, апиын, гашиш тартушы, шегуші, нашақұмар адам.

(a — п) нәшахур, нашақор (нәша + хур, наша + қар). Нашашы, наша тартушы. Осы жирен биенің қазысын жеген күнгі сөзімді әнеу күні Абай ағама айтып ем. «Е, сен онда Тәшкеннің нашақоры сияқты болғаи екенсің» (М. Әусзов).



(a — п) нәшагол, нашагүл (наша + гол, наша + гул). Алтындай үлкен сары түсті гүлі бар әсімдік.

нишан, нышан, нысан, нысана, нышана, 1. Белгі, таңба, көрсеткіш. 2. Дәреже белгісі, орден. 3. Көздейтін, ойлайтын мащсат, нысана. 4. Кісі аттарында кездеседі (Нысанбек, Нышанбек, Нышанбай). Осы бір қырық нышан күнәсіз бала шағымнан-ақ сезілсе керек. Балажан әкем бауырбасқан әжемнен мені айырып аламын деп, бес жастағы мені сотқа апарыпты (Қ. Бекхожин). Ойлаиып тап жолыңды, жайма көкке қолыңды. Адамдықтан қалмай нышан, Бұзылып бітті сопыншан (Бердақ).

нәфт, нефть, небит. Отынға жағатын және тех­ника қажетіне пайдаланатын минералды сұйық жанар май, кен ңара майы, мұнай. Сыртқа теуіп шыққанша Небит-Даттың мұнайы. Теріп төгіп қанша Күн күйдіріп ұдайы (С. Мәуленбаев).

нәфтстан, нефтстан (нәфт + стан, нефт + стан). Қар. Мұнайстан, мұнайлы әлке, мұнайы мол жақ. Ол өзінің аз өмірінде ұрпағына отыздан аса кітаптар қалдырды, олардың ішінде «Жұлдыз жарығы», «Нефтстан», «Коммунизм таңында» («К. Ә. T.»).

нәм. нам. 1. Дым. ылғал. сыз. дымкылдық. 2. Шық.

нәмаз, намаз. Діндарлардың құдай алдында күніне бес уақыт өтейтін құлшылық әрекеті. Ниет қыла білмейді, Не қылады нәпілді. Намазшамның артынан Құржаң-құржаң етеді, Жер ұшық берген кісідей, Тоңқаңдай ма, не етеді. Нәпіл түгіл, намазы Бәрі желге кетеді (Абай). Молда болсаң еле бер! Ораза мен намаздың Игілігін көре бер! Енді жұртты алдамай, Ақыретке жүре бер! («Қ. Ә. Т.»).

намаздигәр, намаздыгер. Қешке таман, күн батар алдында ощылатын үшінші намаз.— Қазір енді күн кешкірді. Намаздігер уақыты болды (С. Сейфуллин).

намазшам, намазшам. Кешкі намаз уақыты. Қу қуға намазшамда кездеседі (Мақал). Намазшамның артынан Құржаң-құржаң етеді, Жер ұшық берген кісідей, тоңқаңдай ма, не етеді (Абай).

ноу, нау. «Жпңа», «жас» мағынасында сөз жасау үиіін қолданылады (наурыз, наунауша). Шөгерсің бұлт болсан біздей тауға, Бұл кезде піскен кезің анық науда (Молда Мұса).

нәуа, науа. 1. Дауыс, дыбыс. 2. Күй, мақам, ән, өлең.

нәуән, науан. «Ноу» сөзінің көпше түрі. Қөкше тау, Баянауыл жер науаны, Елінен көктей гүлдеп шығады әні («Қазақ әндері»). Елуден асып кетті жас, қашанғы науан боламын! Ағарған шашқа ылайық Аламын орнын ағанын (Ә. Тәжібаее). Науан базары да ежелгі қалпында (I. Есенберлин).

ноучә, науша. 1. Жаңа. 2. Жас жігіт, бозбала. 3. Ауыс. Бойлы, бойшаң, бой жеткен, мүсінді, сымбатты. Тақбаған жел бұйдасын науша деп ең, Наушаңыз жабу киген түйе болса, Аларсыз бізден жөнді, жеңгелерім, Қайтер ең бұрын біреу ие болса? (Ә. Тәңірбергенов). Әкеміз бір жорықта қазақты алған, Аз болып елі қарсы тұра алмаған. Сол күнде он бесте екен менін анам, Жас науша сорлы болып қолда қалған (И. Байзақов).

ноуруз, наурыз (ноу + руз, нау + рыз).1. Жаңа күн Иран календари бойынша жаңа жыл, жыл басы, ол көктемде күн мен түннің теңелген күні 21 мартта мейрамдалады. Наурызды кейбір Шығыс елдерінде солардың ішінде қазақтар да бұрын жаңа окыл басы етіп есептеген. 2. Музыкалық шығарманың, күйдің аты. Сол қыс өтіп, жаз басталатын рақымды мезгілдің басын «наурыз» деп қуаныш мейрам қылатын (С. Сейфуллин). Индия мен Пакистанда, Басқа да көптеген елдерде жаңа жыл марттан, біздердегідей Наурыздан басталады (Ә. Әлімжанов).

ноурузнәмә, наурызнама, наурыздама (ноуруз + намә, наурыз + нама, наурыз + дама). Ескіше наурыз мейрамы. Ол мейрамда (ілгеріден келе жатқан ырым бойынша әрбір үй шамасына қарай, ең кемінде жеті заттан тағам («наурыз көже», «наурыздық») пісіретін болған. Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы бслып, наурыздама қыламыз деп, топ, тамаша қылады екен (Абай).— Біздіқ «Наурыз» сняқты ол,— деді қарт,— кыс аяғына қарай қазақта «наурыздама» жасайтын. Бұл зор — мейрам боп өтетін (С. Мұқанов).

нуш, нуш. 1. Сусын. 2. Тәтті өсімдік шырыны, шәрбат (ескі грек мифологиясында құдайлардың мәңгілік тіршілік сусыны). 3. Дәмі жақсы, ұнамды, жағымды. Киюге деді: — онда мім Рахышқа, Жетеді ұмтылғанда ұшқан құсқа. Алып кел Қой — Қауыстан Нуш дарісін. Бардағы бұрылмастан ешбір тұсқа (Тұрмағамбет).

нокәр, нөкер. Қызметші, қол астындағы сол­дат. Өлеңші, жыршылардыц біз де бірі, Болуға жарамаймыз Сізге нөкер (М. Балтекейұлы). Сөйтіп, біраз ереуілдесіп, комитеттің сөзін бөліп, Сыпан болыс нөкерлерімен шықты (С. Сейфуллин). Ханның нөкерлері мұның жат жерден келген, бетен адам екенін сезді де жөн сұрайды («Қазақ ертегілері»).

нан, нұн, нон. Араб алфавитінің жиырма бесінші парсы алфавитінің жиырма тоғызынилы әрпінің аты. Нон пала ғып қайғыңмен күйдірдің көп... (Абай). «Каф» пен «уау», «әлиф» пенен — Қуа «болып», Айтылған атыңызды мақұлдатқан. Пистонсыз шүріппеге пытара қойған — Арабша «нұн» әрпіне жақын жатқан (Кете Жүсіп).

нәһар, нәр. 1. Ac, тамақ, қорек, талиіық. 2. Сусын, өмірге қажет зат. Күн көретін нәр алып, Тамырының талшығы: Ақ жауынды ала бұлт. Күннің нұры, Қар суы (С. Мәуленов). Ана тілінің мөлдір бұлағынан сусындауға, әрқашан нәр алып отыруға көңіл бөлу — барлық қаламгерлердің міндеті («К. Ә. Т.»).

нәһрә, нәһра. Май пісіп алатын мес, саба. Қарғадан тоты құстың жөні белек, «Аһ» деп наһра ұрған үні бөлек. Алтын мен сары жездің арасы алыс, Сұңқардың сауысқаннан түбі бөлек (Әріп).

Нәһәнг, нәһан, нән. 1. Кит (теңіздегі ең ірі, сүт қоректі жануар). 2. Крокодил (ыстық жақтардағы ең ірі жануар). 3. Акула (теңіздегі жалмағыш балық). Мың балықтың ішінде Сіз де бір нәһан жайынсың! (Бақтыбай). Кем ақыл сен білмесең мен айтайын, Бар екен су түбінде наһан балық (Жүсіпбек).

ниаз, нияз. 1. Керектік, қажеттік, мұқтаждық. 2. Өтініш, тілек, жалбарыну, жалыну. 3. Сый, сыйлық, тарту. От болып Албан, Бұғы ортасында, Ұлы сөз, ұлық алды болған бір жаз. Қаздайын қарға қайтқан қанын шашып, Қара ...қара кекке болған нияз (І. Жансүгіров).

нәйзә, найза. Сүңгі, ұзын сапты, өткір темір ұшы (жебесі) бар әскери Қару. Әл бермей арын кетіп бара жатса, Найза мен қылыш алып, сонда жақтас. Болмаса артық кеткен ешнәрсен, жоқ. Аузыннан құбыжық сөз шықты оқтас (М. Ұлмырзайұлы). Ақ сапты болат найзамен Шанышқызамын түйретіп, Түлегендей қашқан түлкіңді Ұстаймын қуып індетіп («Қамбар батыр»).

(п — қ) нәйзәғай, найзағай (нәйзә + ғай, найза + ғай). Жауын-шашын кезінде ауада жиналған электр зарядтарының бір-біріне қосылуынан пайда болатын күшті жарқыл, жай. Несер алдында найзағай ойнайды (Мақал). Жарқылдағаи найзағайдың, күркіреген көк долының семсеріне айналғаны да бейнелі («К. Ә. Т.»).

нәйзәгәр, найзагер. Найзашы. Қазак қызы кім едік? Байдың шұлғауы едік, Бәйбішенің тулағы едік, Мырзаның әуесі едік, Тұлпардың бәйгесі едік. Саудагердің саудасы едік, Найзагердің олжасы едік (I. Жансүгіров). Аманкелдінің бұйрық-нұсқауларын бүлжытпай іске асырушы, батырдың оң қолы — мыңбасы, жүзбасылары мен қарапайым найзагер мергендері де болған («К. Ә. Т.»).

нишалда, нишалда. Қантқа сабындықтың (өсімдіктің) тамыры мен жұмыртқаның шикі ағын қосып былғап істелген шырын тағам (көбінше ораза кезінде жасалады).

ним, ным. Жарым, жарты.

нимчариәк; нымширек (ним + чариәк, ным + ширек). Бір нәрсенің сегізден бірі, ширегі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет