х — араб алфавитінің жетінші әрпі, парсы алфавитінің тоғызыншы әрпі, сандық мағынасы — 600.
ха, қа. Қап (хаб) сөзінің қысқа түрі, қамқа (кәм-ка) тәрізді сөздердің құрамында кездеседі.
хаб, қап. Қымқап (кәмхаб) тәрізді сөздердің құрамында тұрып «түк, үлпе түкті» деген мағынаны білдіреді.
хадә, қада. Сырғауыл, сырық. Бітіріп бергеннен соң бұлар тақты. Астыңгы төрт бұрышына қада қақты. Оларға байлап бүркіт балаларын, Жетідей жегізбей жем және бақты (Тұрмағамбет). Міне, мына қорғанның ішіне кірсең, ішінде қара тастан қадалған қада тұр («Мың бір түн»).
хашәк, қашек, кәшек. Шөп-шар, шөп-шалам, оюапырақ, бұтақтың сабағы, жоңқа, басқа да қоқым-соқым.
хақ, хақ (хаки). 1. Тозаң, шаң, 2. Жер, топырақ, құм, 3. Ел, жұрт.
хал, қал. Мең (адамның денесінде болатын кішірек келген қоңырқай таңба, белгі). Үлытау мидай кең даланың бетіндегі қалы бар сияқты (Ж. Арыстанов). Екі қасының ортасында ноқаттай қалы бар жас бала («Мың бір түн»).
хам, қам. 1. Шикі, піспеген. 2. Ауыс. Шала, ысылмаған. Алғаның жаман жолықса, Үйіңнің іші шаң болар, ісінің бәрі қам болар (Майлықожа). Патша:— жоқ,— деді енді,— саған сезім, Таныдың тапжылмастан көрмей көзің. Қанды ішіп, қам етті жеп қарғадайдан, Білімді айтшы қалай болдың өзің? (Тұрмағамбет).
хамәк, қамек. 1. Жас бұтақтар, 2. Ауыс. Піспеген, жетілмеген көк түйіншек (түстік облыстарда піспеген шикі қауынды қамек қауын деп айтады).
хан, хан. 1. Түркі-монғол халықтарының патша-сұлтандарының атағы (титулы). 2. Кісі аттарының құрамында қолданылады (Ханғали, Ханзада, Ханкелді, Аманхан, Жеңісхан, Исахан). Қазақ — қазақ болғалы, Көрдік қой талай хандарды... Өткіздік қой біз бастап, Азапты ауыр заңдарды (Жамбыл). Хан баласы—лаң, қара шұбар жылан, құйрығын бастың, басын ез. Шап! Шаппасаң шабыласың (Махамбет).
ханзадә, ханзада (хан + задә, хан + зада). Хан тұқымы, хан баласы. Ақсүйек ханзаданың баласы едің, Кембағал үй артына келді көдек (Бақтыбай). Өткен ғасырдың екінші жартысында ханзада (наследник) кезінде Александр-ІІІ аталатын патша біздің арадағы қазақ-орыс (казачество) станицаларын басып Сібірге өтіпті (С. Мұқанов).
ханә, хана. 1. Үй, пәтер-үй, бөлме, ғимарат. 2. Біріккен сөздің құрамында жаңа сөз жасауға қосымша ретінде қолданылады (атхана, асхана, шайхана, ұстахана, сырахана, кітапхана). Тілімізге иран тілдерінен ауысқан хана жұрнағы арқылы жаңа сәз тудыру амалы оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі (Ш. Сарыбаев). Жап құрбан дос қалпында тұрған болса, Аз үміт егер көңілін бұрған болса, Шәһәрді шеттен келіп жау алмайды, Айнала атрабында қорған болса, Шайқалып, бір төгілмей кетпейді еш, Ханадан асып егер толған болса (Назым).
(а— п) хәбәрдар, хабардар (хәбәр + дар, хабар + дар). Хабарланған, хабары бар, мәліметті. Жолдасы Аристотель ақылы мол, Лақтырған сүйекті алады сол. Ханға айтты: «қасиет бар бұл сүйекте, Қөзіңе көрсетейін, хабардар бол» (Абай). «Тлқта, сені бір істен хабардар етіп жіберейін»—деді қыз («Мың бір түн»),
(а — п) хәбәрнамә, хабарлама (хәбәр + намә, хабар + лама). Хабарлау, мәлімет жинағының тізімі (ведомость). Осы орайда пленумда әдебиеттің партиялығы мен халықтығының лениндік принципі мәселелерін сез еткен тоғыз хабарлама тыңдалды (М. Қаратаев).
хипчд, қыпша*. 1. Әсем, көркем. 2. Жұқа, жіңішке. 3. Ауыс. Нәзік, сәнді, сыпайы. Ол қыздың түк міні жоқ бір басында, Қыпша бел, әдемі-ақ тұлғасы да! Әм жане бір ауылнай елдің малы, Тағылған құлағына сырғасы да («Айтыс»).
(а—п) хәтмкар, хатымкер, қатымкер (хәтм + кар, қатым + кер). Өлген кісіге қатым, дұға, құран оқуды кәсіп етуші діндар.— Біріншісі,— деді Сұлтан Махмұт,— медреседе қанша жыл жатып хашия мен мантық шайнап, керілдесіп жату, хатмкер атын алып, түсінбегенін, мылжыңын елге апарып сату (Д. Әбілев).
(а — п) хәтмкардан, хатымкәрдан (хәтмкар + дан, хатымкәр + дан). Көп оқыған, мағлұматты; оқуды бітірген. Ол — он екі пәнді тәмәм қылған хатымкәрдан. Хажының медресесін бітіргеинен кейін біздің Шокіжан үлкен молда болады... (С. Мұқанов).
хода, құда (ход + а, құд + а). «Құдай» сөзінің қысқаша айтылуы. Құданың бізге бұйырғаны, біз осыны қылсақ, мұсылмаидық кәміл болады деп ойлайды (Абай). Манат қыз, пазарың сал хатқа мына, Кеденге жұпты болған Дуқтариша. Малы жоқ, патша қызын көрбан алған, Тиерсің мендей шалға жазса құда (Молда Мұса).
ходауәндә, құдауанда (хода + уәндә, құда + уанда). 0, құдай! Құдай-ай. Хұдауәндә! Бүгін жаңа қоранын іргесі көтеріліп жатқанда Абай неге болмады? (М. Әуезов). Совнарсот көзін салсын жылағаиға, Бермесем тартып алды сұрағанда. Әділдігім осы деп ақырады, Енді қайда барамыз, құдауанда! Құдауанда, осы күнгі қалаға барған қулар аузы-басын шие жегендей қып-қызыл қып, қарақшыдай төбе шашы қалқиып, жетін келеді де тұрады («Л. Ж.»).
ходауәнәгар, құдауандкер (ходауәнә + гар, құда + уанә + кер). Құдай, жаратқан, тәңірі, әмірші, билеуші.
ходаи, құдайы. 1. Құдайылық, құдайға тән. 2. Ауыс. Құдай үшін қайыр, садақа беру. Бірінші қопақ—құдайы қопақ (Мақал). Көк есекті әулие дейтін ссбебі: үстінен шыққан жиынды жерде, жұма оқыған мешіт маңында, ас айтқан алқалы топта құдайы дсп берген қайыр-садақаны сол жерден шықпай жатып пақыр-міскінге үлестірді (X. Есенжанов).
(а—п) хидмәткар, қызметкер (хидмәт + кар, қызмет + кер). Қызметші, қызмет етуші. Біз емес, құрғақ сөзбен таласатып, Кім жеңіп, кім қалды деп сапасатын. Қызметкер біз халықтың ақынымыз, Жырлаущы партияның саясатын (Әріп). Субан адвокат оқушыларды жіберген соң қызметкер әйеліне рұқсат етіп, далада тұрған адамдарды өзіне шақыртты (I. Жансүгіров).
(а — п — қ) хидмәткарлик, қызметкерлік (хидмәткар + лиқ, қызметкер + лік). Қызмет етушілік, қызметтік.
хәрбәччә, қарбаша (хәр + бәччә, қар + баша). Есектің баласы, қодық.
I—хдрбозд, қарбыз. Бүзднің қысқа түрі. Қар. Қәрбузд (қарбыз).
II — хдрбузд, қарбыз, дарбыз. Тәтті, дәмді, домалақ бақша өсімдігі. Парсы тілінде хәрбозд — қауын. Қепеде тұратындар: қарбыз, қауын, қабақ, қияр, сәбіз... сияқты овощтарды өсіріп, піскеннен кейін қасындағы — Ақмешітке сатады екен (С. Мұқанов). Тудырған түрлі әңгіме ігелер аңыз. Сыр бойын сіз де бірге аралаңыз. Бақшада бадырайып тартады көз, Теңкиген торлы қауын, ала қарбыз (Ғ. Орманов).
хорсәнд, құрсант. Ризашылық, қатты қуаныш. Төрт ауыз қоса мәшкүл келді жұмбақ, Таппасқа тастан ауыр қымбат пұлы. Сұраған сырттан жәрдем ақуалыңа, Ашты иіс көңіл құрсант бақтың гүлі (Қаңлы Жүсін).— Жаным маған бұйырса Сөз шалайын ақырын. Тілек еткен сазымды, Болсып құрсант бақырым («Мың бір түн»).
Хоррәм, құррам. Шат-шадыман, шаттық, Бек, Жүсіп, жанабыңа жолданды хат. Уақытында душарласқан құррамушат. Есіміңе сырттан анық хабардармын, Болғанмен қоныс бөлек, «көрмеген — жат» (Кете Жүсіп).
хорма, құрма. Ыстық жақта өсетін жемісті ағаш және оның тәтті жемісі. Жәрдемің «ұлу» жылғы ойымда бар, Аштықта ұмытылмас жеген құрма (Тұрмағамбет). Хабарсыз сонда уәзір келе жатса, Тұс-тұстан тұрады әркім кұрма шашып (Күзен). Орман ішінде қарағай, қызыл ағаш әр түрлі құрма ағаштары, қырық құлақтар өсіп тұр (А. Машанов).
хирмдн, қырман. Астық бастыратын, астық тазалайтын, жиналатын алаң. Прасоловтың қырманына жалданған Әбеннің кіші баласы мен келіні кездері адырайып, жүдеді (Ж. Арыстанов). Күлкі де бар, ән де бар, Қырман басы көңілді, Көргің келсе, сонда бар, Қайнап жатқан өмірді (С. Мәуленов).
(п — қ) хирмәндау, қырмандау (хирмән + дау, қырман + дау). Астықты төбелеп үю. Сусын жұтып, Қырманды жаңалап шешеді. Қырмандап қыдыр диханшы, Диханшы қызыл көшеді (І. Жансүгіров).
қораз. Әтеш (тауықтың еркегі). 2. Ауыс. Тентек, сотқар. Тап әлгі әуенді әңгімеден кейін мына үн шырт үйқыда тыныштыққа бала қораздың шақырғанындай естілді, ыңғайсыз болды (Д. Досжанов). Үнсіз жатқан апа мен қасірет сезгеп жас қыздар таңғы қораздың алғашқы қышқыруын да есітті (М. Әуезов).
(п—қ) хорустану, қораздану (хорус + тану, қораз + дану). Қоразға ұқсап қоқайлану. Кейінгі сезді қоразданып айтты Жанбота (Ғ. Мұстафин).
хәрид, қарид, қард. Қаридар тәрізді сөздердің құрамында «сатып алу, сауда ісі» деген мағынаны білдіреді.
хдридар, қаридар, қардар (хәрид + дар, қарид + дар, қард + дар). 1. Сатып алушы, 2. Ауыс. Бас июші, зәру болушы, ынтық болушы. Даңқты бай қызға қаридар әуесқор көп болады (Айбек). Менсіз маңызды мәселелерді шеше алмайды гой, әлбетте. Ақылыма қардар Мұхит шақырған екен (Ғ. Сланов).
Хәзан, қазан. 1. Күз, айдың аты. 2. Жапырақ сарғайып, суық түскен уақыт. Жаз өтіп, жапырақ солып, күз де бопты, Қуартып жасыл жерді, қазан соқты. Күй-киіп Көкшетаулар күпі киіп, Жайлауда тышқан аңдып, түлкі жортты (I. Жансүгіров). Інім едің Нығмет төрде отырған, Кол жетпейтіп алмадай өрде отырған. Қазан желі ұрғапдай жерге түстің, Оқ тигендей аққуға көлде отырған (Қ. Әзірбаев).
хастә, қасте, қаста. Қаста болу. Шаршау-шалдығу, болдыру, қажу, әлсіреу. Бір күні сол баласы қаста болды, Дос-жары қапаланды, жұрт-жамағат. Лхинады тәуіптерді шамадағы. Ұлының науқасына етпей тағат (Қаңлы Жүсіп).
(п — қ) хәстәлик, қастелік (хәстә + лик, қасте + лік). 1. Қажығандық, әлсірегендік, 2. Аурулық, сырқаттық. Ғазиз жаным тілейді Қастеліктен сауды артық... (Н. Наушабаев).
хишт, қыш. Кірпіш (иленген балшықтан қалыпқа салып, төрт қырлы етіп жасалатын құрылыс материалы). Кей шатырлар оқта-текте қызыл қыш черепицамен жабылған (М. Әуезов). Іргелерге кендір жіп Тартып түзу сымдай ғып, дәнекері қызыл қыш Қатарлаймыз жымдай ғып (С. Сейфуллин).
хизр. қызыр (араб тілінде қидр: араб тіліндегі «да» әрпінің иран тілдерінде «зад» болып оқылуына байланысты парсыша бұл сөз хезр түрінде айтылады. Қазақ тілінде қызыр, қыдыр болын айтылады). Тәңір ашқап бағыңды, Қыдыр баққан малыңды. Жүйрігің тек жұлдызың, Жорғаң судың құндызы (Жамбыл).
хофтән, құптан. 1. Ұйықтау, жату. 2. Бес уақыт намаздың ең соңғы түнде оқылатыны. Намазшамнан өткенде, Құптан мезгіл жеткенде, Құлағына батырдың Бір дауыс келіп шулайды (Қобыланды). Тұранның кеткеннен соң бәрі қашып, Тұмандай тарқады ашу қалған басын. Күн батып, көз байланып, құнан болып, Ас-суды уақыт еді жатқан асып (Тұрмағамбет).
хәфә, қапа. Ішқұста, ішінен тынушылық. Кілтіңді алтын сандық ашқым келді. Көңілді қапаланған басқым келді. Ақ төсің Қаптауының құпясындай, Өрмелеп сол қиядан асқым келді (Ақан сері). Көз бұнау, көңіл қапа, Ұнқысыз өмір өңсіз кетті шыдам (Ж. Саин).
хәфәлану. қапалану (хәфәлану, қапа + лану). Қана болу, ішқұста болу. Елегізер жел де жоқ, елең етер үн де жоқ, айналаң қапа, тым-тырыс, тыныштық (Ғ. Мүсірепов). Қолдағы бар дүние сенікі. Аш қалып, жалаңаш қалады екемін деп қапа болма («Мың бір түн»).
хәмбә, қамба. Астық құятын үлкен өрген себет, астық қоймасы. «Біздің атайға бар, астық қамбасының аузын ашсын» деген де соның өзі — деді Зарқұм бет-аузы шылп етпей (Ж. Арыстанов). Күздің қоңыр бір күні май тоңғысыз жып-жылы қырман жиын болғанда, колхоз «Талап» қамбасы лық-лық етіп әрқайсы, Астыққа шып толғанда (I. Жансүгіров).
хәмр, хәмір. Шарап. Бар іс қой әуелден-ақ ел салтында, Орыс, неміс болса да қай халқың да. Пайда деп тән саулыққа ішетұғын, миуадан тартқан хәмір ас артында (Абай).
хомрә, құмыра. Шарап ішетін үлкен қыш ыдыс. Поповтың алдында алтын жалатқан іші жез құмыра тұр (А. Машанов).
(а — п) хәмирторш, қамыртұрыс (хәмир + торш, қамыр + тұрыс). Ашытқы (қамырдың ұйытқысы).
хәнәжар, қанжар. Екі жүзі бірдей өткір шанышпалы қысқа қылыш. Тоқаш қанжарын суырып ап, телефон сымын қиды (3. Шашкин). Көрген түсім көз алдыма келді. Онда жоқта қолында қанжары бар алпамса.
хонок, құнық. 1. Салқын, үскірік. 2. Көңілсіз, Жексұрын жүлік. Тоймайды құнық. Еңбексіз жалқау, дан екі жігіт тап берді,— деді Алтан (Гумеров). салғын. 3. Жаман, оңбаған. 4. Ұсқынсыз, көріксіз. Қайда деп аңқау, Ыңғайлы епті Доктардан өтті, Табылды сылтау, Қағазға — сырқау, Құмары құрту, Қалтаны тінту, Киімі таза, Бермейді маза, Мекені қала, Жапқаны жала. Түскені қалта, Ермегі карта (К. Әзірбаев).
хар, қар. Жексұрын адам, жаман ниетті. Мына да қарлар не дейді? Жақсыдан жаман көбейді. Ескінің асыл кәзі еді. Ұрлап та көмдің Бөжейді (М. Әуезов).
хан, хан, қан. Дастархан тәрізді сөздерде кездеседі.
хаһ, хаһ, қа. Датқа тәрізді сөздерде «тілеу, қалау, талап ету» мағынасында кездеседі.
хуб, құп, хұп. Қайырлы, мейірімді. 2. Сұлу, шырайлы. 3. Құп алу, мақұлдау, ұнату. Қарындас қара жерге тыға алмай жүр, Бірінің бір сөзін хұп алман жүр (Абай). Хұп алдым ықыласыңды, замандасым, Белгілі сенен жақсы таба алмадым (С. Торайғыров).
худжә, хожа, қожа. 1. Бас, басшы, бастық. 2. Ұстаз, тәрбиеші, дін иелері. 3. Діни ұғым бойынша Мұхамбет пайғамбардан кейінгі төрт халипалардан (Әбубәкір, Омар, Осчан, Әлилерден) тараған ұрпақтарының атағы (мұсылман дінінің уәкілдері болын есептеледі). 4. Кісі аттарында кездеседі, құрметтеу мағынасын білдіреді. Қожа, молда елді аздырады, қурай, құмай жерді аздырады (Мақал). Азғап елдің қожасы, Қыдырып келер есікке, балаларын бастырып, Қатындарын састырып, Тамақ үшін қылқынып (Ы. Алтынсарин).
(п — а) худжә-молда, қожа-молда. Діндарлар, молда және қожалар. Басқа жерді қайдам,— деді Мырқымбай қарт,— осы кезде біздің елде жалпы саны бес үйге бір молдадан айналады,— Қәдімгі қожа-молдалар ма,— дедім құлағым елең етіп («Қ. Ә.»). Дін деген қараңгылық, көз боягап, Пейіш бар, тозақ бар деп елді алдаған. Құдай бір құрап шын деп, пайғамбар қақ, Поп пенен қожа-молда елді арбаған (Қ. Әзірбаев).
худди, құдды. Дәл өзі. Қіжінсе құдды кірпідей мұрты, Бетінде ызғар — бекіген аяз,— Айуаи деп, аң деп даланың жұртын Ортада қатты зекіген ояз (X. Ерғалиев). Құдды бір мұз жарғандай күтірлетіп, Қарпиды темір келі — шойын тісті (Қ. Бекхожин).
I — хәр, қор. Пәс, жаман, бейшара, нашар. Көшпелі елдің зоры болғанша, егінші елдің — қоры бол (Мақал). Жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді біріміз аңдып өтеміз (Абай.)
II — хәр, қор. «Ішуші, жеуші» деген мағынада бір шама күрделі сөздерді жасауға қатысады: шай — шайқор, пара — парақор, қам — қамқор, мал — малқор, сүт — сүтқор, наша — нашақор.
хурәк, қорек (хур + әк, қор + ек). Тамақ, ас, азық-түлік. Қандай дақыл болмасын, бойы өсіп, жапырақ жайған сайын суды да, басқа қоректі де көбірек тілейді (С. Бақбергенов). Әркімнің таянатын қызығы бар, Қорек қылар өзіпе азығы бар, Тәуекелдінің тірегі — коммунизм, Сондықтан жатқа жақпас жазығы бар (С. Мұқанов).
(п — қ) хураксиз, қорексіз. Тамақсыз, ассыз, азық-түліксіз. Қорексіз жан болмайды, еңбексіз соп болмайды (Мақал).
хурджин, қоржын. Жүннен, мақтадан, тоқылған екі бөлімді қаншық, теңдеме. Абай өзінің артына бөктерген ұлқсы қоржынының екі басы әбден сықай толған соң... асқан нәрселерді Ізғұттының қойны-қоншына тыққызып қойды (М. Әуезов). Өрмек деп аталатын қарапайым станокпен жүпнен алаша, қап, қоржын, шекпен, құр, басқұр тоқылады («Халық мұғалімі»).
(п —қ) хурлау, қорлау (хур+лау, қор + лау). Зәбірлеу, менсінбеу, кеміту. Патшаға сенуге болмайды. Ол иіні келген жерде халық біткеннің бәрін де қорлаудан, сатудан, құртудан тайынбайды...— дейді Деев (М. Қаратаев).
(п — қ) хурлик, қорлық (хур + лик, қор + лық). Зәбір-жапа, азап, қиыншылық. Сұлу жүзді өт көңілді нар жігітті осыншалық бағы көшкендей қорлық түсте көру Абайға аяныш та намыс болды (М. Әуезов). Қарашы, көз сал, байқашы, Кедейдің мынау жайыпа, Өмірде көрген қорлығы, Келетін емес ойына (І. Жансүгіров).
(п – қ) хурлиқ-зурлиқ, қорлық-зорлық. Зорлық-зомбылық, қорлап, аяқ асты етушілік. Он-ақ жыл! Абақты, аштық, қорлық-зорлық, ауру, азап ақынды аямай титықтатқан (Ә. Әлімжанов). Коммунистер нұрлы болашақты жақындатып, ескі дүниені революциялық жолмен қайта құру үшін адам айтқысыз қиыншылықтарды бастан кешірді. Патша түрмелеріне қамалып, сибирьге жер айдалды. Қорлық-зорлықтан көз ашпады (Ә. Жұмабаев).
Хуш, хош, қош, құш. 1. Сүйкімді, ұнамды, жағымды. 2. Шатты, көңілді, қуанышты. 3. Жарқын, жақсы. Сары алтын, саны меруерт қарағым-ай, Көргенде жамалыңды көңілім қош (Ақан сері). Шырағым, хош келдіңіз, төрге озыңыз,— деді атай (М. Әуезов).
(п — а) хуш-әман, хош-аман, хош-амандық, хош есендік, аманшылық, жақсылық, тыныштық, шаттық (айырылысқанда айтатын қоштасу). Оныңды сен маған бір бөлмедің, Тез келмедіц. Мені іздеп, ішіңде ыстық қан жоқ, Тас бауыр жар, бол қош-аман! (Абай). Арқаныц ойландырды егін бағы, Кеудемнен кеткендей бір көңіл дағы. Поезға міндім келіп қуанышпен — Сарыарқа қош-аман бол — дедім-дағы (К. Әзірбаев).
хушамәд, қошемет. 1. Мадақтау, қолпаштау. 2. Жағыну. Ақ самаурын алдында Тәтті шайы бұрқырап, Анда-санда жырлатып, Көрсеткендей қошемет. Қояды бізге тіл қатып (Жамбыл). Өткен күннің бәрі ұмыт, Қолдан келер қайрат жоқ. Бағанағы байғұс шал Ауылда тұрып келеді, Қошемет қылып қарқылдап (Абай).
(п— қ) хушамәдтау, қошеметтеу (хушамдд + тау, қошемет+теу). Сый-құрмет көрсету, жалпақтау. «Аспанпап киіз жауса да, сорлыға ұлтарақ тимейді» дегеи бар емес пе? Бұл сөзді айтқан қазіретке риза болысып, қошеметтеп қарқылдап бір күлісіп алды (Ғ. Сланов). Абай екінші қолымеп келіпшегін құшақтап, қошеметтеп торғын шәлісінің сыртынан құрметтеп сипады (М. Әуезов).
(п — қ) хуштасу, қоштасу (хуш + тасу, қош + тасу). Қош айтысу. Жан жолдас ұмытылмас қоштасқан жер, Сөздерің емес тіпті естен кетер. Көзіңе жас кеп толып, сұрың қашып, Мен келіп «қош» дегенде «қолыңды бер» (С. Сейфуллин). Ербол келгенде, күліп келгені сияқты, кетерінде де күле қоштасып айырылды. Абай мұның сол көңілділігіне қызыға қарап қалды (М. Әуезов).
(п — қ) хуштау, қоштау (хуш + тау, хош + тау). Жақсылық тілеу, қолдау, мақұлдау, құптау. Ақын дегеп бір бұлақ, Көмілер көзім ашпаса, Көзін ашар кепшілік, Сүйсіпе тыңдап қоштаса (Жамбыл).— Ие ашып айту керек шындықты, айтқаннан ешкімнің де өті жарылмаса керек!—деп, қоштай жөнелді Әзіз (С. Бақбергенов).
хуштәр, құштар. 1. Ынтық, ынтызар, құмар, әуес, өліп-өшу. 2. Ауыс, ғашықтық, сүйіспеншілік. Ұнады маған ұшқыр дауысың да, Қосылған қырдың сонау алысыпда. Менің де көңіл құсым құштар еді, Ән сүйген сол жүрекпен табысуға (К. Бекхожин). Әйтеуір қатты ағыны Бойында нәрлі бір күш бар. Сарқылып әбден сабыры Болады оған гүл құштар (С. Мәуленов).
(п — а) хушхәт, құшхат (хуш + хәт, құш + хат). Көркем жазу, калиграф. Қара көзді, қалам қасты, Сұлу бала болмас ащы. Жас уәзірдің інісі екен... Білімі мол, қолы құшхат («Мың бір түн»).
хушруй, қошрой. Сұлу, сымбатты, әдемі, шырайлы. Тұратып адалдықпеп қызмет етіп, Бас қоссам, құмырысқа бел, қолаң шашқа. Рақат бұл дүниеде сол емес пе, Қошрой жұптылансам зәбардасқа (Шегебай — «Айтыс»).
хушнуд, қошнот. Риза, көңілді, қуанышты. Айтысқан Кеңесбай меп Жарылқап та, Естіген сөз өнерін жиын-жаршы. Оларға сәлем айтып қошнот болдым, Рақмет бізгс абырой бергеп қаржы (Керейіт).
(п — а) хушнур, құшнұр. Көзі ашық, оқыған. Емші біткен жиналып, ем таба алмады. Ақырында, патша бірнеше жиһанкездерін ел-елге таратып, ғалым құшнұрларға жіберді («Мың бір түн»).
(п — а) хушуәк хошуақ, хошуақыт (хуш + уәхт, хош + уақыт). Көңілді, қуанышты, бақытты кез, уақыты шат. Жолдайды жайабыңа бұл ылтимас, Қөненің асылына кәмәлаттас. Есітіп хошуақ болдым, есендігің, Қадырдан ғайып-ана, ей, замандас! (Кете Жүсіп).
хук, құқ. Шошқа, доңыз (айыр тұяқты, сүт қоректі, ірі денелі, қысқа сирақты хайуан). Аудатшап кісі келіпті, Жиылыс болыпты. Сен «құқ» бопсың.— Аласалау келген, апыл-қапыл сөйлейтін күйгелек Қаратайдың қоян көзі, ошақ болғап сиырдай, айналып кетті (І. Жансүгіров).
хун, құн. 1. Қан (жандылардың организмін қоректендіру үшін алмасатын қызыл сұйықтық). 2. Ауыс. Төлем — өлтірілген кісі үшін төленетін айып. 3. Ауыс. Товар өндіруге жұмсалатын еңбектің мөлшері. Ердің құны — пардың пұлы емес (Мақал). Билер сотының үш сатысының үшеуінде небәрі 17815 іс қаралып, оның басым көпшілігі кісі өлтіргеннен құн алу, барымта, ұрлық, т. б. қылмыстарына байланысты болған («Қазақ ССР тарихы»).
хунәгар, құндыкер. Өлімге айыпты, ол үшін құн төлеуші (адам, ел, жұрт). Бір қыс етті, Әке кегі жоқтаусыз барады. Осы жайды ойлап жүрген игі жақсы бар ма екен, соны байқамақ болды Есқара... Бес шектінің бетке ұстар бар жақсысы былтырдан бері қарап жүрмепті. Қанды мойын құндыкер де табылған. Ол төсекте басы, төскенде малы қосылып отырған көрші ел табыи. Шектінің билері құн сұрап жүр екен (3. Шүкіров).
(п — қ) хундилиқ, құндылық (хун + дилиқ, құн + дылық). 1. Бағалылық, қымбаттылық. 2. Сапалылық. Шығармаға кірген деректердің көптігі мен құндылығын айтсақ та және сол деректерді автордың белгілі бір хронологиялық ізбен бұра тартпай дұрыс баяндағаныи айтсақ та — «Бабырнама» өз тұсында туған тарихи еңбектердің көбінен-ақ ілгері тұрады (Б. Уахатов).
хунгәр, құныкер. Қар. Құндыкер. Парсы тілінде құн (хун) деген сөз «қан» дегенді білдірген болса, қазақ тіліне енген соң қан деген ұғымын біржолата жоғалтты да басында елгеп кісіге құныкер болған жақтың төлентін төлем ақысы ұғымында антылды. Сонымен бұл сөз нарық, баға деген сөздердің синонимі ретінде жұмсалды (Э. Болғанбаев). Ұлы жүз өлтіріп, құныкер болыл отырған бала — өзімнің бел балам еді!—деп жалғыз-ақ ауыз сөз айтсаңыз... (С. Талжанов).
хиар, қияр. Сопақтау келген, көк қабықты овощ. Капуста, қияр, сәбіз, сарымсақ сияқты тағамдар өсімдіктердің атауы болып, қалыптасып бара жатыр (І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев). Байғұс балаға, малға берер шөбін айт, қияры ма, сәбізі ме — көгін айт! (X. Ерғалиев). Жол жүріп үйренген Степан... қалашып, тұзды қиярмен сарымсағың стол үстіне тәртіппен жайып салып, қожасынан енді бір иек қимылын, көз қиығын күтіп тұр (Ғ. Мүсірепов).
(а — п) хианәтхур, қиянатқор (хианәт + хур, қиянат + қор). 1. Опасыз, сатқын. 2. Қиянатшыл, қылмысты, кінэлі.
хили, қилы. 1. Өте, аса. 2. Қөп, жиі. 3. Ауыс. Түрлі, әр түрлі, неше алуан. Шықты үйінен байдың ұлы, Бір легенге ас салып неше қилы. Еркек емес, суреті қыз сияқты, Бай ұлына көрінді ол бір қилы (Молда Мұса). Ризамыз ескі жылға болды игі, Қиянды қиып түстік пеше қилы (Қ. Аманжолов).
хили-хили, қилы-қилы. Неше алуан, әр түрлі. Әлем тапырық замапға шейін алдымыздан ел, аузымыздан сөз кетпеп еді. Амал бар ма, қилы-қилы заман болды, қарағай басын шортан шалды (I. Жансүгіров). Қилы-қилы жол тартып, Үміт алға мұнартып, Медеу болған көңілге Жалғыз, жансар сәулеге, Жеткенімше құмартып,— Бір ғасырды жасадым (Жамбыл).
Достарыңызбен бөлісу: |