Парсыша сөздік кіріспе тіл — қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Егер халқымыз «Өнер алды қызыл тіл»



бет2/23
Дата15.06.2016
өлшемі2.35 Mb.
#136673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Сөздік
Әлиф, әліпараб және парсы алфавитінің бірінші әрпі, сандық мағынасында— 1. ...Бұрынғы білетін «әбжет» пен «әліп», «секун — әнді» ұмытып қалыпты (С. То-райғыров).

аб, аб, әб, ап, әп. «Су» мағынасында: аброй, апжылан, мұрап, сынап тәрізді сөздерде кездеседі.

абад, абат. 1. Халық орналасқан, қоныстанған (қала, ел). 2. Айдалған, гүлденген (жер). Кішік бол, қылыштан тез, қылдан нәзік, Ақымақтың желісіне көгенделме! Шығанға шығып суы абат қылмақ; Ақылға ғылым-дария бөленгенде (Шораяқтың Омары).

(п — а) абүл хәйат, әбілхаят (аб+ үл + хдйат, әб + іл + хаят). Өмір суы, өмір бұлағы (аңыз бойынша алыстағы Мұхиттың қараңғы иірімінде өмір бұлағы бар-мыс. Одан су ішкен адам мәңгі өмір сүреді, өлмейді-міс). Қыз тұлғасын қарасаң,— Айдынды елдің туындай. Айтқан сәздің шербеті — Абылхаят суындай (I. Жансүгіров). Низами—«Іскәндернаманың» «Даңқ кітабы» деген тарауында Ескендірдің мәңгі жасар әбілхаят суын іздеп түнде ел кезіп кеткені жырланады. Бірақ мәңгі суды таба алмайды (Е. Ысмайылов).

(п — қ) абжилан*, абжылан*, әбжылан, абыжылан, (аб + жилан, аб + жылан). Су жылан.

Ысқырып өрмелеген тау мен тастан, Мен көргем абжыланды сұры қашқан (Жамбыл). Албасты Арқадағы Абыжылан — Молда отыр ысқырып оқып құран: Атты арібап, атан жұтып жатыр молда, Құранмен жем түсіріп жуан-жуан (І. Жансүгіров).



Абдан, әбден. Барынша, мейлінше, вте, аса, толық. Жиренше Әйгерімнің ез көңілін де өз аузынан әбден білді (М. Әуезов). Мұндайға әбден әккі болып алған қу қағаздың жарты бетін оңай сыздырып келеді (Ғ. Мүсірепов).

абддстә, әбдесте (аб + дәстә, әб + десте). Қол суы, қол жуатын, дәрет алатын жіңішке мойын, ұзын шүмекті құмған. Әбдестесі қолында, Орамалы қарында («Қобыланды батыр»).

абруй, абырой (аб + руй, аб + рой). 1. Беттің суы. 2. Ауыс, ар, намыс, сый, құрмет. Коммунистік партия — біздің заманымыздың ақыл-ойы, абыройы және ар-намысы (В. И. Ленин). Малды жақсы баққаның, өзіңе абырой тапқаның (Мақал). Абырой, атақ сол жанда, Кімді көп жұрт мақтаса, Ол мақтаудан не пайда, Көп көңіліп таппаса (Абай).

(п — қ) абруйлы, абыройлы (аб + руй+лы, абы + рой + лы). Ар-намысты, құрметті. Жаудікі — кек, құр мазақ, Сенің орның бір бөлек Қазақстан ізінде, Біздің кәрі большевик Абыройлы бір қазақ! (І. Жансүгіров). Фашисті бұл батырлар қырып-жойды, Азамат болды, істері — абыройлы, Құрметпен сондықтан да, Бауыржанға Жатырмыз елу жаста жасап тойды (С. Мұқанов).



әбзәл, әбзел. 1. Ер-тоқым, ат-сайман. 2. Жегу сайман-құралдары. Нұржан үлкен шабдарды тез ағытты. Әбзелді қораға кіргізді (Ж. Молдағалиев). Әбзелдердің бәрі асылдан, Шағылысты күн нұрымен. Ауыздығың ақ болаттан, Жібек тізгін, күміс жүген (Д. Әбілев).

Т (п — а) абзәмзәм, әпзәмзем (аб + зәм + зәм, әп+зәмзем). Зәмзем суы. Сейлеген сөзі мазалы әпзәмземнің суындай Қыз Жібек»).



аби, аби, әби, (аб + и). 1. Су түсті, 2. Көгілдір, көк, ақшыл көк. Шарбаттан әби ләззат сілекейін, Ақ меруерт — отыз тісің қырлап жонған. Кірпігің патшалардың әскеріндей, Жігітке көздің тасы сағым қонған (Әріп).

(п—а) аби-кәусәр, абикәусар (аби + кәусар). Кәусар суы, жаннат бүлағының суы. Міне хұр, міне, шарап — аби-кәусар... Хұр құйған кәусар суын тойғанынша іш! («Мың бір түн»). Алдашбай үгіт айтса, олай жазбас, ұқсатар абы гаусар суындай-ақ. (Кете Шегебай).



әпирай, апырай, апырау. 0, пірім-ай! О, тәңірі-ай! Апырау, шын-ақ қалғып кеткенім бе? Қыз қайда, қайда лезде болды ғайып!... (Ә. Сәрсенбаев). Апырай, жолы болса игі еді, мына Шыңғыстың! «Хан ордасының бар ырысы осы шаңырақта» десетін еді, сол ырысты тастап кетті-ау мынау!—десті (С. Мұқанов). Апырай, мен танымаймын ғой бұл үнді (X. Ерғалиев).

әпирмәй, апырым-ай, апырмай, апырымау (я + пир + ім + ай, я + пір + ім + ау). Таң атып, күн де шықты, жер көрініп, Жан-жақтан мұнарланып ел көрініп, «Апырым-ай — қожайыпға не айтам» деп, Келемін үйге қарап сүмірейіп (Қ. Әзірбаев).

әпиунхур*, апиынқор* (әпиун+хур, апиын + қор). Апиыншы, апиын шегетін, апиын ішуге құмар адам. Түскі асқа жиналған төртеуі білген-көргендерін ортаға сап, кеңесе бергенде апиынқор шеріктер кісендерін сылдыратқан тұтқын тіленшілерді шайханаға айдап келді (Ж. Арыстанов).

(қ—п) атбаз, атпаз. (Ат + баз, ат + паз). Атқа құмар, аттың бабын білетін адам.

(қ—п) атханә, атхана (ат+ханә, ат+хана). Ат байлайтын ат күтетін орын. Оңтүстік аймақтарда күшхана, атхана, ұстахана сияқты сөздер жиі айтылады (Ш. Сарыбаев).

аташ, аташ. От, шоқ. Аташ арба от арба; аташ күрек темір күрекше (от, шоқ, ыстық көмір алатын), қалақша; аташгер от қысқаш (ыстық көмірді алатын қысқаш).

әхтар, ахтар. 1. Жұлдыз, жұлдыз шоғы. 2. Нышан, ырым (күні бүрын білінген белгі). Соның бірі — манжам бұрын жеке жүргенде, ғылымның бұл саласынаи хабары жоқ кісілердің алдында аспанды алдына құмалақтай жайып қойып: «Ай алшысынан туды. Ахтар жұлдызы оң жаққа арқан бойы жылжыды. Зүһра жұлдызы зұлматтан арылды. Арзаншылық болады» деп соғатын еді («Мың бір түн»).

ахтә, ақта. Кестірілген, тарттырылған, пішілген, піштірілген. Айналайын тарланым... Алты жаста ақтаттым, Аттай мұрның танаттым. Алаштаттым, ойнаттым, Арпа бидай асаттым! («Ер тарғын»). Арқан майлы мойыннан босап, ақта өгіздің мойнындай қылқиған арық күзетшінің жіңішке мойнына түсті («Мың бір түн»).

әхур, ақыр. Атханада, атқорада атқа жем-шөп беретін орын. Жүгіре. басып Құртқа да ақырда тұрған Бурылды Шығарып ептеп алады... («Қобыланды батыр»). Ат байлаған ақыр тас, Арқама біткен қолаңшаш («Қыз Жібек»). Ат байладым тақырға, Жем сап қойдым ақырға. Қанша сұлу болсаң да, Бері таман жақында («Халық әңі»).

ахунд, ахун, ахон. 1. Мұсылман дін иесі. 2. Жетекші, ұстаз. Сезімді тыңда Нұрмұрат ахун, Көресің бәрінен құлқыныңды жақын. Кедейдің алдап кеп жейсін хақын, Сенен қайта ала қарға жақсырақ (Бердақ). Мүптилікті қоя тұру керектігін және не екенін түсінбегендігін Ақмолаға ахон сайлауы көрсетті (С. Сейфуллин).

II — ахунд, ақын. 1. Мұсылман дін иесі. 2. Діни ұстаз. 3. Суырыпсалма, өлең шығарушы. Қазақша ақын парсының дхунд деген сөзінен дейді Л. Будагов. Ақынның аты, ғалымның хаты өлмейді (Мақал). Онда (отарда) менің ең жақын досымның бірі, атақты халық ақыны Кенен Әзірбаев тұрады (С. Мұқанов).

(п—қ) ахунддиқ, ақындық, (ахунд + диқ, ақын + дық). Шайырлық. Ойшылдық пен ақындық ұштасып келу — шын кемеңгерліктің белгісі (Е. Ысмайылов).

(а—п) әда-джода, ада-жұда, (әда-джода, ада-жуда) үзілді-кесілді. Омар һәйям ада-жұда атеист болды деп үзілді-кесілді айтсақ, бұл жаңсақ пікір болар еді (Қ. Шаңғытбаев).

(а—п—қ) адәмгәршилик, адамгершілік (адәм + гәр + шилик, адам + гер + шілік). Адамшылық, шыншылдық, әділеттілік. Дастандар мен голғауларда, лирикада, әи текстерінде көсемге деген махаббат, оның алуан түрлі қасиеті, адамгершілік сипаты жырланады (Ғ. Қайырбеков). Адам деген ұлы атақты адамгершілік алдында ақтау міндетін түсіндіріп отырады СӨ. Есназаров).

аддмизад, адамзат (адам + и + зад, адам + зат) адамның нәсілі, адамның баласы, адам қауымы. Адамзат қайда жүрмес, айдаса тұз. Талпынды әр тарапқа көңіліміз. Адамзат — бүгін адам, ертең топырақ (Абай). Бұл міпе ең ақырғы Шын майдан Шын қайрат, Интернациоиалмен Көркейер адамзат Интернационал»). Адамзаттың алыбы, Батыры сенсің — Ленин! (Жамбыл).

арам, арам. 1. Тыныштық. 2. Күрделі сөздің құрамында кездесуі мүмкін: діларам жан рахаты, жай-барақаттық.

арай, арай. 1. Әдемілік, зейнет, ажар, әсем. 2. Таң шапағы. Алыстан жалтылдаған алтын арай, Оянған ұйқысынан тау мен тоғай. Орманға күн шашқанда күмістерін Соларға шал да күйін тартқан талай (Қ. Бекхожин). Толықсып Тоғысқандай Шолпан мен ай, Шашқандай таң шапағын қызыл арай, Ақша бет, алма мойын қос ханыша, Ай таңсық, ару Баяп — Қос Құралай (С. Бегалин).

(п—қ) арайлы, арайлы. Әдемі дсем, ажарлы, нұрлы, сәулелі (арай + ли, арай + лы). Шатырына күн қонғызған арайлы, Мынау біздің мән-нәренлі Мәдениет сарайы (Қ Ыдырысов).

І арчә, арша. Түстік жақтағы тауларда өсетін хош иісті, мәңгі көк жапырақты ағаштыц бір түрі. Туған жерден кетерде, Алдым қызыл аршаны. Болды оным бекерге, бәрібір жан аңсады (С. Мәуленов). Арша таң қаларлықтай мығым және ұзақ жасайды. Қарындаш, қалам ағашына арша пайдаланылады, ал аршаның майы аса бағалы фармакологиялық шикізат (Н. Қонстантинов).

(қ — п) ардагәр, ардагер (арда + гәр, арда + гер). Қемеңгер, ардақты, аяулы. Ардагер Тоқаштың кешегі бейнесі, жалын атқан жүрегі, мәңгі өлмейтін айбарлы істері керуендей тізбектеліп, көз алдынан өтіп жатады (Ж. Арыстанов). Ақыным, ардагерім, Ағжан шырақ, Қарадан хан боп туған сен шамшырақ. (Ә. Тәжібаев).



әрзан, арзан. Төмен бағалы, құнсыз. Жасаулы деп, малды деп байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарланба. Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, Ата-ананың қызынан ғапыл қалма (Абай). Мен емес жалған сөйлеп ант беретін, Арзан бақ, оңай даңққа жалт беретін (Ә. Тәжібаев).

арзу. Тілек, арман, мақсат, талаптану; тәтті-қиял. Аз ба, көп пе білсем екен, Көрсем екен деген арзу (Абай). Деді де бір хат жазды мазмұны бұл: «Бар екен бағыңызда бір иісті гүл. Кей-Қауыс соған арзу болып отыр, Көп сөздің керегі жоқ мархабат қылы (Тұрмағамбет).

арзуи (арзу + и). Тілеуші. һәуа һәуастан әрбір арзуи нәпсіден суынып, ғадәлет, мархабат махаббатына бір қарар болар ма екен деген үмітпен болса керек (Абай).

арман, арман. 1. Тілек, мақсат, ықылас, 2. Өкі-ніш, опық; қайғы, уайым. Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман, Шошимын кейінгі жас балалардан, Терін сатпай, Телміріп көзін сатып, Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман (Абай). Білімнен күшті құрал жоқ. Адам жақсыны арман етсе, өмірде бәрі жақсы болады (М. Горький).

(п—қ) армандау, армандау. Арман, мақсат ету. Армандаймын орқашан, ұзақты күн — таңның атысынан күннің батысына дейін, тіпті түнде де арман қуамын. Арман мен үшін ең тамаша шабыт күш... Аккумулятордан от алғандай, арманнан от аламыи... (Н. Островский).

(а —п) Ирәмбағ, Иранбақ (Ирәм + бағ, Иран + бақ). Шығыс ертектеріндегі жаннат бағы. Өз басым ұрғашының қара тілі, Иранбақ бет бітісім — қызыл гүлі (Сара). Кәп жүріп жаһан кешіп Сейпүлмәлік, Жамалға, Иранбаққа іздеп барған (Ақан сері).

әррә, әре, ара. Ирек тісті ағаш кесетін әісұқа темір аспап. Имек-имек тақтайлар араның тісі сияқты (А. Машанов). Көзілдірік кезінде, Қолда аспап жарағы, Үстінде тон, отыр шал Қайрап ескі араны (Қ. Аманжолов).

азад, азат. Еркін, ерікті. Азат құсындай ұшып жет, сахараңа сәлем апар (М. Әуезов). Адамның азат басы дәулет екен, Өзінде ердің еркі — сәулет екен (І. Жансүгіров).

(п —қ) азадтик, азаттық (азад + тик, азат+тық). Бостандық, еріктік, ырықтық, ықтиярлық. Ұлы өткелден етуге, Азаттық, бақыт табуға, Тағы да алға басқап күп (Қ. Аманжолов). Кемдіктің кесіп бұғауын, Енді азаттық құсы боп. Халқым кірді берекең! (Жамбыл).



азадгар, азаткер (азад + гар, азат+кер). Азат етуші, азаттық үшін, бостандық үшін күресуші. Ақырында азаткер армияның қатарында Полына, Чехословакия жерлерін араладым (Қ. Бекхожин).

азар, азар. 1. Жәбір, қоряық, азап. 2. Қайғы, уайым, қасірет, қапа, реніш. Ағайынның азары болса да безері болмайды (Мақал). Еш азар өзімдағы бергенім жоқ, Бұзып түс, түніп қабақ, тісім қайрап (Тұрмағамбет).

Азардә-бизар, азарда-безер (азар + дәбизар, азар + да-безер). Беймаза, тиышсыз, безердеа хал. Сәләмәт апайдың бетіне бір қарап, Гәуһар сумканың тұтқасынан алды,— Жоқ, жоқ! — дейді әйел, азарда-безер болып (Т. Пулатов). Дәл Байжігіт секілді оқыған ағаның, осындай өрісі көрініп тұрған жаңалықтан азарда-безер болатынына қайранмын, — деді Баршагүл (Ғ. Сланов).

(қ —п) аз-кәм, аз-кем, (аз + кәм, аз + кем). Болар-болмас, жоқ-бар, аз-маз, біраз. Ертеңгі емес, күндік мұң, Тыңайсаң аз-кем, нәр алып... (Ә. Сәрсенбаев). Бунафша менің ұсынысыма қалай қарарын білмей, аз-кем ойланып қалған сыңай танытты (Ю. Акобиров).



әждәһа, аждаһа, аждаһар, айдаһар. Ертегіде ажал нышаны ретіное көрсетілетін қорқынышты алып жылан. Жасауға үйде жиған көз байланды, Жібекке алтын, күміс көз майланды. Қыдырып күйші көзі түскен кезде, Айдаһар алдындағы қызға айналды (І. Жансүгіров). Кектенген Европаның ұл-қыздары, Күтіндер, жетеміз біз құтқарғалы. Көмеміз қазып терең аждаһаны, Болса да бір басында мың бір жаны (Ә. Тәжібаев).

оста, ұста. Шебер (Қ. Юдахин ұста «шебер» мағынасындағы иран сезі десе, Л. Будагов үстаның мағна-сын парсы тіліндегі остад, устад «ұстаз» бен байланысты деп қарайды). Ұстадан дат, молдадан хат қалады (Мақал). Ұста болсаң, озасың, ұры болсаң азасың (Мақал).

остахана, ұстахана (оста + ханд, ұста+хана). Шеберхана, үста дүкені. Бастығы өзі болып, ұстаха-надағылар, бір қызу жұмыс істеп жатыр екен (Ж. Арыстанов). Оцтүстік аудандарда наубайхана, малхана, ұстахана сияқты сөздер жиі айтылады (Ш. Сарыбаев).

остад, ұстад. Ұстаз, жетекші. Етемін кезге сүрме, хакифайым, Бәймен Шайқы, Әлмұхамет, әлбетте ұстад.

Олар кім, сен өзің кім, білемісің? Жібек пен жүн пар болмас, ойла лайқат (Қаңлы Жүсіп).



остаз, ұстаз. 1. Мұғалім, ақылшы, жетекіиі. 2. Үста, шебер. Ерінбес үйретуден, ұстаз болған, «Қойшы» деп қыңырайып, мойның бұрма! Сөзіңе сөз теңгеріп қайтаруға, Білімнің кекіректе кілті тұр ма? (Тұрмағамбет). Әкем де ақын екен, шешем — әнші, Солардың көрмегенін көріп, Жамбыл мен Шашубайды ұстаз қылдым, Балуан Шолақ әніне еліктегем (К. Әзірбаев).

(п—қ) остаздық, ұстаздық (остаз + диқ, ұстаз + дық). 1. Мұғалімдік, жетекшілік, тэрбие берушілік. 2. Ұсталық, шеберлік. Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға (Абай). Я, сенің ұстаздыққа берілгендігің бар,— деді Ажар (С. Бақбергенов).

(п — қ) осталық, ұсталық (оста + лық, ұста + лық). Шеберлік. Мәдбет өзін ұстаздық ісіне баулып жүрген Михайлов қасына келгенде ұстазы алдындағы шәкірт сияқты болады, буындарын бекітіп, балғаны берік ұстап, төстегі темірді дәл ұруға тырысады (І. Жансүгіров).

астана, астана. 1. Босаға. 2. Патша тұратын қала, байтақ. 3. Ауыс. Орталық. Қой, жұрт, астана, көп жамандама (Мәтел). Еңбектің — кені астана. Бақыттың — кені астана (Жамбыл). Астананың өмірі ерекше бір сәулетпен құлпыра берді («Қ. Ә.»).

астәр, астар. 1. Киімнің, көрпенің ішкі қабаты. 2. Ауыс. Сыр, мән. Жаңартпай жұртты бұлар қояды ма? Болған соң біреуі тыс, біреуі астар (Тұрмағамбет). «Кестенің де бар екен деп астары», Оның сырын ұқты талай жас-кәрі. Не сыр бар мына қараста! Аңғартсаң еді астарын. Айшық па қалған қабақта, Жәбірлер оның жас жанын (Ә. Сэрсенбаев).

(п—қ) астәрли, астарлы (астәр + ли, астар + лы). 1. Ішкі қабатты. 2. Ауыс. сырлы, мэнді. Ақынның ойы — майдан, тілі — қанжар, Тіл жаныр ой тербетіп ұшқыр жан бар. Оқ, отты түтіндеткен суретінде Ақындық бар, астарлы үлкен мән бар. (І. Жансүгіров). Қалжын сөзбен астарлы, Алыс жолға ұзатып; Жаңа жауған жас қарды лақтырады қыз атып (С. Мәуленов).



осторә, ұстара. Шаш алатын өткір аспап (пышақ). Жалын от жүректен шыққан қайнап, жүзіндей ұстараның қойған қайрап. Келеді әлі күнге бір жасымай, Болған соц өмір өзі оған қайрақ (І. Есенберлин).— Ұстара деп менің ұстарамды айт, лыпыған алмас қой!—деп мақтай берген соң, көршісі келіп бір шаштаразға шашып алдырыпты («Балдырған»).

асман, аспан. Қөк, жер үстіндегі кеңістік, әлем күмбезі. Жарқ етпес қара көңлім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да (Абай). Айна кел көктей мөп-мөлдір, Айнала бұйра қарағай, Аспан келге төніп тұр, Теңкерілген шарадай (Ә. Тәжібаев).

(қ — п) әсәмбаз, әсемпаз (әсәм + баз, әсем + паз). Сәнқой, кербез, әуесқой. Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та бар, қалан (Абай). Өмір теңізі! Толқыны жатқан билеп, Тек ілгері озады өрге сүйреп, Сен қалма оның екпінді ырғағынан, Тым әсемпаз, әрине, болма күйрек (Ә. Сәрсенбаев).



ашқара, әшкере. 1. Анық, ашық. 2. Жария, эшкере ету, қар. әшкерелеу. Ал бұлардың бәріне «Жас қазақ» қарсы тұрып, терістікті жұртқа әшкере қылып жариялай берді (С. Ссйфуллин). Кетсе оңай ұстата ма? Үстатар еді-ау, бірақ мені елге әшкере, жұртқа масқара қылмай ма?—деді Шалматай (І. Жансүгіров).

(п—қ) ашқаралау, әшкерелеу (ашқара + лау, әшкере + леу). 1. Анықтау, айғақтау. 2. Жария ету, бетін ашу. Физули өз шығармаларында халықты қанаушыларды батыл сынап, әшкерелеп отырады (М. Атымов). Қалқа ақын ғұлама ғалымсып, аңқау елге әулие көрініп отырған арамза Қаіірақбай молданы әуелі «құранның сөзін өлеңге жалғастырып» жан сақтап жүрген залым ретінде әшкерелесе, енді «қысаға болған түйедей басын шайқап жұлқынған»,— деп ел алдында абыройын төгеді («Қ. Ә.»).



ашна, ашына. 1. Таныс. 2. Құмар, ынтызар. Міне енді ашына болады (Айбек). Болмасам ашына мен сізге, Түспес ем мұидай бейнетке (Абай). Би бітті... Досқа басын дос, иісті, Әдеппен ашыналар қол сүйісті, Тұтқыннаи басқа жанның бар құшағы, Не түрлі гүлге, толды хош иісті (X. Ерғалиев).

(а — п) иғламнамә, ағыламнама (иғлам + на-мә, ағылам + нама). 1. Хабарлау хат. 2. Жазба хат. Жазып ем жұмбақ етіп «ағыламнама», Ол барып тиген екен сіздің қолға (Ермұрат). Бек, Жүсіп Ешриязов, хош ба уақытың, Малы — жан хұзырында ғиззат бақтың? Атыңнан ағыламнама келді бір хат, Бітілген екі беті бір парақтың (Кете Жүсіп).



(қ—п—қ) ағайнбаздық, ағайынпаздық (ағайн + баз + дық, ағайын + паз + дық). Ағайыншылдық. Ағайын мен ағайынпаздық екі нәрсе — деді Мәлік (Ә. Тәжібаев).

әфт, әпті. Бет, жүз, шырай, өң, түс, әлпет, пішін, рең.

афтаб, аптап. 1) Күншуақ, күннің қызу лебі. 2. Күн сәулесі. Жүргіншіден алып қалып бір аңыз, Қобыз тартып күңіренген құла дүз, Желі қаптап, күні аптап күйдіріп, Құмдарына сала алмаған құлан із (С. Мәуленов). Көгінен төніп күн қақтап, бетінен сырғып жалап жел. Қысында қызыл, жазда аптап. Бырысып беті күйген жер (С. Бегалин).

әфруз, әфруз. Жандандыру, рухтандыру, жазу, окігер беру, нұрландыру мағынасында эфруза, діләфруза тәрізді сөздерде кездеседі.

әфсанә, апсана 1. Аңыз, миф, фантастикалық әңгіме, өтірік сөз. 2. Қиял, қияли арман. Әтіметін апсананың оқып көріп, Ретін таппадым, сөз қайтармасаң. «Сен» менен сирағымнан сопша басып. Емлесі келмегендей басқа ұйқастың (Қете Жүсіп). «Бейпарық сөз жазыпсың» десем тағы, Ағаның күңгірт көңілі болады дақ. Үшбу жыл декабрьдің он бесінде. Көз болдым апсанаңа ақуалы шақ (Қаңлы Жүсіп).

әфсун, әпсүн, әфсүн. 1. Сиқырлы дуа, сиқыр. 2. Қулық, алдау, арбау. Яғни «раббыңнан сақта деп сұра, сиқыршы кемпірдің шүберекке түйіп, әфсун оқып сиқырлап тастайтын пәлекетінен сақта деп тіле!»—дейді (М. Әуезов). Әііел деген сиқыршы әпсүн оқып, Жүрегіңді өртеді болса да қас (С. Мұқанов).

әфшан, апшан. «Шашушы, төгуші» деген мағынада, зарапшан тэрізді сөздерде кездеседі.

әфгар, әбігер. 1. Жараланған, майып болған. 2. Әуре, азап көрген, қалжыраған. Ауыл шулайды: неткен әбігер? Не қораға қасқыр шапты? Не ел жігітін майданға айдауға жарлық тарады?... (I. Жансүгіров). Сол күнгі кештің әбігері-ай! Білал парадан жинаған арам сирақтарып жытырып жатты (Ғ. Мұстафин).

ақшам, ақшам. Ымырт, іңір, шапақ, кешкі уақыт, қас қарайған кез. Ақшам батпай күн шықпас, Амал жетпей жан шықпас, Етекті кессең, кең болмас, Ежелгі дұшпан ел болмас (Бұхар жырау). Болғанда ақшам уақыт келіп түстік... (Мүрат). Күн батқан, ақшам уақыт (С. Сейфуллин).

әк, ек. «Жеу, ішу» деген мағынада қорек тэрізді сөздерді жасайтын жүрнақ.

әгәр, егер. Қайғылы қартаң біздей шал, Қарай берсең қайда жоқ. Егер серік болжасаң, Тіршіліктен пайда жоқ (Абай).

алачә, алаша. Түрлі-түсті (жүн жіптен тоқыған тоқыматүксіз кілем, төсеніш). Кілемге бергісіз алаша бар, ханға бергісіз қараша бар (Мақал). Жамбыл қаласындағы «Өнерпаз» комбинаты ұлттық бұйымдар — алаша, текемет, сырмақ, оюлап, сүйектен нақыштар салынған абдыра, жүкаяқ, кебеже, зергерлік жасаулар және басқа да бұйымдар шығарады (С. Керімбаев, К. Асаубаев).

алау, алау. От, жалын. Адырда, алау жұтқан Сығанақтың, Әлі де суыған жоқ қоламтасы (К Бекхожин). Кешке қарай паркте Ильич шамы нұр шашып, айналаны жап-жарық етті. Қыс мерекесіне жиналған мындаған адам үлкен алаудың жанына жиналды (Ә. Дүйсенбеков).

(п — алалаулау, алаулау (алау + лау). Жалындау, оттай қызару. Қызықтырар туған қызын бұл мекен. Алаулаған әлде қызыл гүл ме екен. Әлде сенің қуатыңнан титімдей, Жүрек шіркін кеудені ұрып ,тұр ма екен (М. Айтқожина).



—п) алтунгол, алтынгүл (алтун + гол, алтын + гүл). 1. Үлкен алтын түсті дөңгелек сары гүл.

(қ—п) алдамбаз, алдампаз (алдам + баз, алдам + паз). Өтірікке әуес, сөзіндс турмаушы, жалған құмар, сөзінің турағы жоқ адам. Әсіресе, бұл азаматтын атын Орынборда, Тройцкіде, Ташкептте шығатын қазақ газеттері жұртқа жамандап таныстырған еді. «Жегіш», «алдампаз», «соғылған» деп сипаттаған (І. Жансүгіров).

(қ — п — қ) алдамбаздық, алдампаздық (алдам + баз + дық, алдам + паз + дық). Жалғандық, алдауға машықтық, суайттық, опасыздық. Сөйтіп, Науаи бұл тарауда айтылған жағымды іс-әрекетті төртінші тараудағы алдампаздық пен сұрқиялыққа карсы қояды (Т. Сүлтанов).

(а—п) алла + йар, аллаяр, алдияр, алдаяр (алла + йар, алда + яр). Алланың, құдайдың досы (жоғары мәртебелі, құрметті деген уғымды білдіреді). Сопы Аллаяр өзінше бір сарынға салып алып күжілдейтін дәл окесі тәрізді Абайдың ызалы шерлі елеңдерін айтып бара жатыр... (Ғ. Мұстафин). «Алдияр!» дегенге дандия берме, жарқыным,— деді Мүслима Телғараға (Ә. Тәжібаев).

(қ — п) алмазар, алмазар (алма + зар). Алма бағы, алмашы бау, бақ.

әлучә, алша. Алша өсетін жеміс ағашы; қыш-қыл қоңыр түсті жеміс. Алшасы алқымынан қаны тамып, Алмасы тас тебеңнен құйылып тұр (А. Тоқмағамбетов). Фпзулндің «Жемістер әңгімесінде» езінің туған жеріндегі алша және басқа да жемістердің аттары бар (М. Атымов).

әмруд, алмұрт. 1. Нәк, алма тәрізді тәтті жеміс. 2. Алмурт өсетін ағаш. Маған жібек, алмұрт, жүзім ұсынған, Терезеге қолым создым тұсынан. Заңғар завод жүрегінің соғуын, Тыңдап өттім ішімиен де, тысымнап (X. Ерғалиев). Барғаида алыстағы шырқап құмға, Табылды тұрқы қысқа өзен, жылға. Олардың тоғайыпа тұнып өскен Жемістер: алма, алмұрт, ерік, құрма (С. Мұқанов).

омид, үміт, дәме. Адамды үміт жасартады, қайғы кеміреді (Мақал).

(п — қ) омид-тилак, үміт-тілек. Дәмелі арман, мақсат.— Бұл дорбада,— деді ол,— жауынгерлердің ата-аналары, туыстары, жап-жары, қалыңдықтары мен дос-жарандарының үміт-тілек, игі ниет, хабар ошары бар (Ф. Ниязи).

омидгар, үміткер (омид + гар, үміт + кер). Үміт ету, дәмелі болу. Бет қайда сауға сұрар, қоялық дер, Арсыз жау өмірінен әлі үміткер. Жындана түсті қайта бұрынғыдан, Құныққан ел қанына ол бандиттер (Қ. Аманжолов). Табылса сол туралы сізден кеңдік, Болмас еді татулықта тіпті кемдік. Махаббат бір-біреуге байласқан соң, Егер деп үміткерміз оған да ерлік (Тұрмағамбет).

ән, ансөздің көпше түрін жасайтын жұрнақ (нау>науан, Тур>тұран, биаб>биябан).

анар, анар. Сырты қабықты, іші бүршік-бүршік, қышқылтым тәтті, қызыл дәнді еті бар жеміс. Мына жерде шабдал ана жерде анар, ана жатқанның бәрі жеміс болады,— деді Ерназар («Өзбек әңгімелері»), Төсінде бар қос анар — Оймақ ауыз, құмар көз. Іздеген ерге табылды-ай («Қыз Жібек»).

анарпуст, анарпос (анар + пуст, анар + пос). Анардың қабығы (Қазақстанның оңтүстік аудандарында тон бояу үшін пайдаланатын сарғылт түсті анардың қабығын анарпос деп атайды).

анаи, анайы. Ақымақ, есалаң. Ол бұрын қорқытқанмен құсамұндай. Ал қазір, төзе алмадым құшақ ұрмай! Құбылды күле толқын, шұбар нүкте, Анайы ізгіліктің нышанындай! (Ә. Сәрсенбаев). Бұл тастың бетіндегі шимай — ерте замандағы анайы халықтың бос шимайы (А. Машанов).

(п — қ) анаилиқ, анайылық (анаи + лиқ, анайы+лық). Жабайылық, тұрпайылық, дөрекілік. Дала батырларының мынау анайылығына кенгісі келмеді (Ғ. Мүсірепов).



әмбар, анбар. Қойма. Анбар толған астық (газ).

ант*. ант*. Серт, уәда, қасам (діни). Қасыма ерген жолдастар, Антыңды бұзып, айырылма, Зейніцді бермен сал (Махамбет). Нанымы жоқ, анты бар. Ел нұсқасы кетті ғой, Елмін деген салты бар (Абай).

әнджам, әнжам. Ат саймандары (ертоқым); үй саймандары. Шоры, құл, гауһар, алтын, асыл мата, Ат, әнжам тарту беріп таңырқата, Тапсырды Мәһраб Залға:—Менушаһар Берсін,— деп риза болып бізге бата (Тұрмағамбет).

әнджир, інжір. Түстікте өсетін жемісті ағаш, оның шырынды жемісі (оны кептірілген түрінде де пайдаланады). Мұратханның үй-жайы айтса айтқандай екен. Үлкен үйі бау мен жүзімге малынып тұр. Інжір, анар бар ара-арасында. Бақты қақ жарып, үлкен арық етеді (С. Үлығзада).

әндам, әндам. 1. Сымбат, тұлға, дене. 2. Дене мүшесі.

әндәк, әнтек. Сәл, аздап, аз, шамалы. Қалайша қыламыз?—деп қалтырақтай, Анғып, абыржиды әнтек басып. Көргенде Кей-Қысыраудың салтанатып, Есінеп қара түгіл, хан танатын (Тұрмағамбет). Кептіріп бұйра қою қара шашын, Қолға ұстап кірген үйге шляпасын, ізетпен Гүлсім қыздың қолын қысып, Тағы да әнтек қана иді ібасын (Ә. Тәжібаев).

әнә, ана. Зат есімге қосылып үстеу (диу>диуана, сопы> сопияна, маһи>маһияна, пақыр>пақырана, фэрз>фәрзана) жасайтын жұрнақ.

ауарә, әуре. /. Қаңғыбас, қаңғыма, кезбе. 2. Бос, ндтижесіз дрекет: эуре болу, босқа әрекеттену, құр эбігер болу. Адамдықты айт, ерлікті айт, батьгрлықты айт, Ел бірлігін сақтайтьгн татулықты айт. Қарьгнбайдай сараң-дар тольгп жатыр, Оны мақтап әуре болмай жөніңе қайт (Жамбыл).

ауарә-сәрсаң, әуре-сарсаң; әуре-сарсаң болу сергелдең, длек, қажып-шаршау, дал болу, әлек болу. Қайтьгп қызьгқ көреміп, әуре-сарсаң күнімнен? Қайырылып қарап байқасам, Ат шаба алмас мінімнеп (Абай). ... Қайдан алдың деп сүрап едім, шешесі ауру екен, соган окесі он күн әуре-сарсаң болып жүріп Басырадан үнг алтынға үш беһе әкелгеніп айтты («Мың бір түн»).

(п —қ) ауардшилик, әурешілік (ауарә + шилик, әуре + шілік). Босқа, текке әрекеттену, сергелдең, машақаттану. Өткен дәуірін суреттей келіп, Ермақ қазіргіге түсті:— Тәйірі, осы күнгі іс пе, құр әурешілік! Бұрынғының бірі де жоқ,— деп салалы саусағымен күйектей сақалын тұтамдап тарады (Б. Майлин).



ауаз, әуез. /. Дауыс, үн, дыбыс. 2. Өлең. Қайғың — қыс, жүзің — жаз, Боламып көрсем мәз. Қүлкіңіз бойды алар, Бұлбұлдай шьгқса, әуез (Абай). Қарғаеқеңдей дүпиеде әуез жоқ деп, Осылайша шығады сыртқа даңқың (Ы. Алтынсарин).

(п — қ) ауаздилик, әуезділік, (әуезді + лік). Дауыстылық, үнділік, дыбыстық. Тоқтағұл тек ақын ғапа емес, әрі композитор. Ақылдықтың өзі өлеңнің әуезділігін талап етеді десек, композиторлық сөздің дыбыс құрылысына ерекше көңіл бөледі (Қ. Жұмағалиев).

әуезе. 1. Өлең, жыр, ән. 2. Дауыс, дауыстың құбылуы, қүлақ, лақап. 3. Ауыс. Хабар, үзынқүлақ. Ән болып Көкшетаудың күңіренген, Сөз болып жат мінезі, шерткен шері, Кетіпті елдің аузы әуезе қып, Жын құшып, жалғыз жүрген Ақансері (I. Жансүгіров).

(қ —п) аударимбаз, аударымпаз (ауда-рим + баз, аударым + паз). Аударуға, тәржімаға қабілет-ті, шебер адам.



ауәр, ауар. «Әкелуші, пайда келтіруші, не қожа болушы» деген мағынада текеуар тәрізді сөздердің құрамында кездеседі.

(қ —п) ауруханә, аурухана. Ауруларһы емдейтін орын, жай. Соны бір түйешіге беріп, ауру жігітті Дамшық қаласының ауруханасына жеткізуге жалдады («Мың бір түн»). Адам денсаулығын сақтау міндетін жақсы түсінген Алматы қалалық клиникалық № 2 ауруханасының коллективі еңбек адамдарына дәрігерлік жағынан мінсіз қызмет керсету ісінде бірқатар табысқа ие болды (М. Жекенова).

(қ — п) усумхур, өсімқор. Мұқтаждарға өсімге ақша беріп, пайда табатын адам. Процент өсімін алып қарызға товар, ақша беретін өсімқор байлардың да ықпалы артты («Қазақ ССР тарихы»).

(қ — п) үғымбаз, ұғымпаз. Үғымтал, зерек, алғыр, ұққыр. Кәрімпаз және сұрампаз, ұғымпаз, зирек, талапты. Жұрт сүйеді сондықтап болса да тептек Маратты (С. Мүқанов).

(қ — п) уқ-дару, оқ-дәрі (уқ + дару, оқ + дәрі). Мылтық зеңбіректерді ату үшін қажет оқ, дәрі. Бірақ күкірт, оқ-дәрісі көп деседі,— деді ол (І. Есенберлин). Бұл оқ-дәрімен атын ойнайтын қатерлі ойын еді (С. Айни).

(к —п) уқдан, оқдан (ук + дан, оқ + дан). Оқ салғыш, оқшонтай.

(к — п) уқуханә, оқухана. Оқу залы, оқу үйі. Орыпбор қаласыцда алты айлық музыка курсы ашылып, онда бірінші басқыш мектеп оқушылары, оқу-хана бастықтары болған («ҚӘТ»).

(к — п) укпә-наз, өкпе-наз (укпә + наз, ок-пе + наз). Назды өкпе, біреуге кәңілі қалғандықтан айтылған назды әкпе. Мерекелі күндерге шақырылмай қалған қарттар өкпе-наз білдіретінді шығарыпты (Қ. Баймұхаметов).

(қ — п) улан-пайтәхт, ұлан-байтақ (пай + тәхт, бай + тақ). 1. Үлкен астана, кең орталық. 2. Ауыс. Қең шалқыған, көз жеткісіз. Оңтүстік майдандарындағы ұлан-байтақ соғыстың мөлшерін біз күнделікті хабарлар арқылы да жақсы шамалайтын едік (Ғ. Мүсірепов). Үлан-байтақ совет елінің жап-жағынан Еділдіц жағалауына ор түрлі құрылыс жүктері ағылып келіп жатыр (Кәкімжанов).

(қ — п — қ) үлт-азадтиқ, ұлт-азаттық (азад, азат), Қар. азаттық. Ленпнпзм қазіргі уақытта совет халқының ұлы істерінде, туысқан елдердегі социалистік құрылыстың табысыңда,бүкіл дүние жүзіпдегі революциялық және ұлт-азаттық қозғалыстың жеңісінде жүзеге асырылып отыр (Д. Қонаев).

(қ — п) үй-джай, үй-жай. Мекен, түратын үй, пәтер, мал-мүлік. Арғы жағадағы Семейдіц аттарын, үй-жайларын көзден жасырып тұрғап да арал-тоғай (М. Әуезов). Биік таудың басында аппақ боп ақ мрамордан салынған бір ерекше үй-жай кезге түседі (М. Әуезов).

аһистә, әсте. Ақырын, жай, баяу, бэсең. Мұсылманшылық әсте-әсте кетеді (Мақал). Құрметте жыланның да іс-қылығын, Үрейден туған оның ысқырығын. Сен әсте сезіміңе ұйқы берме, Дұшпанды өзіңнен де ұшқыр ұғын (X. Ерғалиев).

аһэк, әк. Кальций тотығы (химиялық элемент, куміс сияқты ақшыл, жарқырауық зат), әк тасын күйдіргеннен кейін шығатын ақ зат. Қиқым Малышев деген әк ендіретіп маман болған (Ж. Арыстанов). Үйді оқпен ақтады... (І. Қеңесбасв, Ғ. Мұсабаев).

(п — қ) аһәктас, әктас (аһәк, әк). Құра-мында әгі бар тау жыныстары (известняк). Қай тас қалай аталады? Әктас — известняк («ҚҚ»). Қарағанды жанындағы Топар дейтін жерден алынатын әктас (Е. Букетов).



Аһәнг, ән. 1. Дыбыс, үн, тон. 2. Мелодия, сазды дыбыс, күй. Сылдыраған әдемі дауыспен Қабиба ән шырқады. Әнінің ырғағына ертіп, домбыраны да шырқатты (С. Сейфуллин). Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән меп тәтті күй, Қөңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй (Абай).

(п — қ) аһәнг-күй, ән-күй (аһәнг + күй, ән + күй). Өлең-жыр, жалпы өлең-музыкалық шығарма. Біздің байқауымызша халықтың ән-күй мұрасы көп жағдайда кетерілмеген тың қалпында қозғаусыз жатыр (Р. Бердібаев). Балтық теңізі жағалауын мекендеген Литва, Латвия, Эстония сияқты елдерде «ән-күй мейрамы» өтіп тұрады (С. Мұқанов). Жарқын ән-күй жаңғырып, Бөледі жырға қаланы (С. Керімбаев).

(қ—п) айамбаз, аямпаз. Аяушы, аяғыш, есіпкеуші, жаны ашушы. «Тәңірі», қайдан айттым, шошынар ма? Апыр-ау, тым аямпаз осы бала... (Ә. Сәрсснбаев). Ал бірақ әке тіні тарқамапты, Аямпаз кемтарға мол марқабатты, әрқашан арманы артық, думаны ортақ, Жоқ онда жеке бастың салтанаты (Ә. Сәрсенбаев).

(қ—п) айтисгар, айтыскер. Айтысқа қаты-сушы, сөз жарысына түсуші (адам). Орынбай, Шортапбай, Шоже, Арыстап, Ақансері секілді көптеген белгілі ақын-жазушылармен сан рет сөз сайысына түскен айтыскер ақын (Б. Адамбаев).

(к — п) идис-әйақ, ыдыс-аяқ (әйақ, аяқ). Барлық ыдыстың жиынтығы. Бір халық пен бір халық ертеде тек мал-мүлік пен киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты заттарды ғана алмастырып қоймағаи, соған қоса, бір-біріпен сөз алып өзге елге сөз беріп өз ара ауыс-түйіске түсіп отырғап (Ә. Болғанбаев). Ақкүміс қабағын шытпастан, не ыдыс-аяқты қағыстырып, ашулы мінезін көрсетпей, қызмет етті (Ғ. Сланов).

(Қ—п—қ) Ирагисимбаздық, ерегесімпаздық (баз, паз). Тайталасуға құмарлық, ерегесушілік, таласушылық. Елші адам Артықпайдың сөздерін Есенейге түгел және дәл жеткізді. Есепейдің бір мінезі, ерегесімпаздығында еді (С. Мұқанов).

I (қ — п) издамбаз, іздемпаз. Ізденуші, тырысушы.

(қ—п—қ) издамбаздық, іздемпаздық. Ізоенушілік, іздеи табуға тырысу, талаптану. Қайрошқа іздемпаздық, жаңашылдық тән («Қ. Ә.»).

(қ — п) искар, іскер (ис + кар, іс + кер). Үста, шебер, іске қабілетті. Бастығына қарай іскері. іскеріне қарай істері (Мақал). Кербез дейін десең етікші, паң дейін десең іскер кісі (Ж. Арыстанов).

(қ—п—қ) искарлик, іскерлік (іскер + лік). Шеберлік, іске қабілеттілік, ісмерлік. Оқушылар белгілі дәрежеде техникалық ұғым, практикалық дағдылар мен іскерлікке үйретілді («X. М.»). Өзге жағыңды, іскерлігіңді қайтейін, Сағитжан,— деп Уәли ақтарылып тұрып қалды (Ғ. Сланов).

ишан, ишан1. 1. Дін басыларының жоғарғы атақтарының бір атауы. 2. Кісі аты ретінде қолданылады.

Ишан — олар деген сөз. Содан дін басыларын кұрметтеу ретінде «олар» деп атап кеткен.

(Ишан, Ишанбай, Ишанқұл, Ишанәлі). Бұл заманның ишандарына бек сақ болыңдар (Абай). Өзіңді асқар тауға балап жүрсің, Теңі жоқ зор ақынға санап жүрсің. Қожа менен ишанды пір тұтынып, Молданың ыңғайына қарап жүрсің (Нұралы).

(қ—п) илчиханә, елшіхана. Елшілік, шетел өкілдері тұратын жай, гимарат.

(к — п) имхана, емхана. Ауруларды емдейтін жай, орын. Әкелгеп тамағын берді, екеуіміз емхана қорасының ішінде әңгімелесіп қатар отырдық (Ж. Жұмаханов). Мен сырқаттапып емханада жатқанмын (Б. Қойшыбаев).

(қ—п) инта-джигәр, ынта-жігер. Ынты-шынты, күш-қуат, талпыну. Халықтың рухани ынта-жігерін көтеру үшін, мәдениетін, өнерін, эстетикалық торбпесін жөпге қою үшіп аудан, облыстарда мәдениет басқармалары, халық творчествосы үйлері, мәдениет университеттері, автоклубтар жұмыс істейді (М. Қаратаев).

(қ—п) ингбікхур, еңбекқор. Еңбекші, еңбекті сүюші. Сәбиттің әкесі Дөнентай кедей, еңбекқор, сапасы ояу, шаруашылығына ұқыпты кісі болған (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров).

— п — қ) ингбәккарлық, еңбеккерлік (ингбәк + қар + лық, еңбек + кер + лік). Бейнетқорлық, еңбекқорлық. Низами...өмірді жөидеу үшін адам алдымен өзін жөндеу қажет деген қағидасын ұсынады. Ең үлкен мақсат — әділдік пен еңбеккерлік. Ол екеуі мақсаттың орындалуына жол ашпақ (Е. Ысмайылов).

айуан, айуан. Веранда, терраса. Рүстем кідірместен кіріп Систан, Алдырып адамдарды әрбір тұстан; Кіршаштың айуанын тазалатты, Қалдырмай ішіндегі шыбыпды ұшқан (Тұрмағамбет). Балшықпен мұхият сыланған үйі де тұянақтай. Қорада үш алма ағаш жайқалып тұр. Түпкі беттегі айуанның бержағы тұтасқан жүзім шыбықтары (С. Ұлықзада).

айнә, айна. Сыртына дәнекер, сыр жағылған, алдындағы заттың сәулесі түсетін жылтырауық шыны. Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме (Мақал). Айна менеп тарақ бар, алмасаң да қарап қал (Мақал). Сақалыңды айнаға көрші қарап, Ту қүйрықтан маңызды төрт-бес қадақ. Ауылдағы бақалға күзеп сатсаң, Алты сабын береді, жеті тарақ (Қүйкентай).

(п — к) айнәкуз, айнакөз (айнә, айна). Шабақ сияқты балықтардың бір түрі. Кекіре, торта, айнакөз деген балықтар тек Арал, Каспий жағасын жайлап, балықпен кәсіп еткен қазақтар сөз байлығында ғана қолданылады (Н. Сауранбаев).



б араб және парсы алфавиттерінің екінші әрпі, сан мағынасы 2.

бә, бебарыс, көмектес септігінің мағынасыи беретін демеулік: дәмбәдәм, дәмбедәм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет