«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет26/95
Дата13.03.2023
өлшемі2.27 Mb.
#470701
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   95
«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойы

Есеп № 21
28 жастағы әйел адам ауруханаға бұлшық еттерінің әлсіздігіне, тез шаршайтынына және көзінің қарауытуына шағымданып келген. Бір апта бұрын суықтап, жедел респираторлық аурумен ауырған. Неврологиялық зерттеу кезінде анықталғаны: сол жақ көзінің птозы, көз алмасының «төменге-жоғарыға» қозғалуы шектелген, жұдырығын ырғақты жұмып-ашқан кезде бұлшық еттерінің тез шаршайтындығы байқалған және ол бұлшық еттердің жұмыс істеу қабілеттері тек ұзақ тыңыққаннан кейін ғана қайта қалпына келген. Айырша безінің биопсиясынан бездің фолликулярлық гиперплазиясы анықталған. Қаңқа бұлшық еттерінің биопсиясынан ошақты қабынулық белгілермен бұлшық ет талшықтарының некроздық өзгерістері, жекеленген бұлшық ет талшықтарының атрофиясы анықталған. Электрондық микроскопия жасағанда синапстық саңылаулардың кеңеюі, постсинапстық мембрананың дистрофиялық өзгерістері айқындалған. Қан сарысуында ацетилхолин рецепторларына қарсы антиденелер табылған.

  1. Жүйке жүйесінің қандай ауруы деп ойлайсыз?

  2. Бұл аурудың патогенезін түсіндіріңіз.

  3. Симптомдардың механизі қандай?

  4. Патогендік терапия принциптерін түсіндіріңіз.



Есеп № 22
65 жасар әйел адам есте сақтау қабілетінің өршімелі бұзылыстарымен ауруханаға түскен. Соңғы үш ай ішінде науқас қалыпты тіршілік ету үшін біреудің көмегіне сүйенетін болған және кіші дәретін ұстай алмайтын жағдайға жеткен.
Неврологиялық тексеру кезінде айқын уақыттық және кеңістіктік дезориентация, афазия (сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылысы), апраксия (нақты бір қимыл-қозғалыс жасай алмауы), патологиялық жармасу рефлексі, қолы мен аяғында сіңірлік рефлекстердің жоғарлауы байқалған. Компьютерлік томография жасағанда бас миы қарыншаларының кеңеюі және қыртысының диффуздық атрофиясы анықталған. Ауруханаға түскеннен соң 5 ай өткенде науқас өледі. Бас миы қыртысы мен гиппокамптың кесінділерін гистология-лық зерттеген кезде амилоидтардың жасуша сыртылық көптеген жинақталу ошақтары, жасуша ішілік нейтрофибрилдік шумақтар анықталған.

  1. Жоғарыда келтірілген симптомдармен сипатталатын нерв жүйесінің ауруын атаңыз.

  2. Бұл аурудың патогенезін түсіндіріңіз.

  3. Симптомдардың механизмін түсіндіріңіз.

  4. Патогендік терапия принциптерін атаңыз.



Есеп № 23
42 жасар науқас оң жақ қолының өршімелі әлсіздігіне шағымданып ауруханаға түскен. Соңғы 5 жыл ішінде оң жақ қолында ауырсыну сезімінсіз жарақаттанған аймақтар, іріңдеген жарықтар пайда бола бастаған. Кейінгі жарты жылда қою тағамдарды жұту қиындаған және дауысының мұрындық тембрі пайда болған.
Дәрігер-невролог тексерген кезде анықталғаны: қабағының түсуінен оң жақ көз саңылауының тарылуы; бетінің оң жағының ауырсыну сезімталды-ғының төмендеуі; жұмысақ таңдайдың салбырауы; жұту рефлексінің жойы-луы, дауыс байламдарының оң жақты парезі; оң жақ қолы саусақтарының сүйек аралық бұлшық еттерінің атрофиялық өзгерістері; оң жақ қолында сүйектік рефлекстердің болмауы; оң жағында ауырсыну және температура-лық сезімталдықтың жойылуы; аяқтарында сіңірлік рефлекстердің сақталуы.

  1. Науқастағы дамыған симптомдарға қарап қандай қорытынды жасауға болады?

  2. Симптомдардың механизмін түсіндіріңіз.

  3. Науқаста сезімталдықтың, қозғалғыштықтың бұзылуына әкелген патологиялық үрдістер нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік жүйелерінің қай деңгейінде дамуы мүмкін?

  4. Аурудың динамикасы мен нерв жүйесі қызметтерінің бұзылу ерекшеліктерін ескере отырып, осы бұзылыстарды туындатып тұрған себептер мен патологиялық үрдістер туралы не айта аласыз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет