Есеп № 25
Гипофиздің алдынғы бөлімінде өсу гормонының (соматотроптық) өндірілуінің жоғарлауы кезінде байқалады.
Акромегалия. Бұл ауру гипофиздің эозинофилдік аденомасына немесе өсу гормонын өндіретін гипофиздің ацидофилдік жасушаларының гиперплазиясына байланысты дамиды.
Есеп № 26
Феохромоцитома – бүйрек үсті безінің милық қабатының ісіктік өсуі, адреналиннің көп мөлшерде кезеңдеп шығарылуымен жүреді.
Бас ауыруы – артериялық қысымның жоғарлауы салдарынан; жүрек соғуының жиілеуі, тахикардия, аяқ-қолының қалтырауы –миокард пен бұлшық еттерге адреналиннің әсер етуінен; диурездің артуы – адреналиннің әсеріне негіздлеген қан қысымының артуы барысында бүйректе фильтрацияның күшеюі салдарынан және глюкозурия кезіндегі осмостық диурездің қалыптасуы нәтижесінде.
Тахикардия – адреналиннің тікелей жүрекке әсер етуіне байланыс-ты; гипертензия – адреналиннің жүрекке кардиогендік ынталандырушы әсері және шеткері тамырлардың спазымы салдарынан; гипергликемия – адрена-линнің көмірсу алмасуына ықпалы, яғни гликогенолиздің күшеюі нәтиже-сінде.
Есеп № 27
Микседема – жыныстық жетілу кезеңінен кейін дамитын, қалқанша безінің кеш постнатальдық жеткіліксіздігі.
Есте сақтау қабілетінің төмендеуі мен ұйқышылдық – тироксин жеткіліксіздігі кезіндегі мидағы зат алмасу үрдістерінің әлсіреуі нәтижесінде дамиды.
Негізгі алмасудың төмендеуі – тироксин жеткіліксіздігі кезіндегі биохимиялық алмасу үрдістерінің өту қарқынының баяулауы салдарынан; гипогликемия – тироксинмен ынталандырылатын гликогенолиз, гликонео-генез және асқазан-ішек жолдарындағы глюкозаның сіңірілу үрдістерінің әлсіреуі нәтижесінде.
Асқорыту жүйесі
Есеп № 1
Жоқ, бірдей болмайды. Вагустық стимуляцияға құрамында көп шырышы бар жоғарғы қышқылдықты, қорыту қабілетімен сөл бөлінеді.
Стресстік стимуляция кезінде құрамында аздап шырыш болатын жоғарғы қышқылдықты, қорыту қабілетімен сөл бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |