258
5 нұсқа
Оқу сауаттылығы
Қазақ тілі (Т1)
Нұсқаулық:
Мәтінді мұқият
оқып,
мазмұны бойынша
берілген
тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Оқытылу қазақ тілінде жүретін
мектеп үшін (Т1)
Адам құқықтары мен бостандықтары – жеке тұлғаның әлем
қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген,
әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген,
ешкім шек
қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары.
Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс-
әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының
негізгі принциптері адам құқықтары мен бостандықтарына жатады. Адамзат
қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель
адам құқықтарын «табиғи» және «шартты» деп екіге бөледі. Адамның табиғи
құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Орта
ғасырда адам құқықтары мен бостандықтары жасалған қайырымдылықтар,
рақымшылықтар ретінде түсіндірілді. Қағидалардың ең маңыздылары ретінде
олар адамдардың еркін, қауіпсіз өмір сүруге,
жеке меншік иеленуге тең
құқықтарының болуын, халық биліктің негізгі иесі екендігін, биліктің
тармақталуын, биліктің халық мүддесіне қызмет етуі керектігін атап көрсетті.
Жүзеге асырылу ортасына қарай адам құқықтары мен бостандықтары
азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени болып жіктеледі.
Саяси және азаматтық құқықтардың
қазіргі тұжырымдары БҰҰ Бас
Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында
баяндалған.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Халықаралық адам құқығын қорғау
комитеті ел ішіндегі дау-дамайларды халықаралық деңгейде реттеуге
атсалысады. Өркениетке ұмтылған кез келген зайырлы мемлекетте құқықтық
келіспеушіліктің бәрі заң шеңберінде шешімін табуы тиіс. Комитет адамдарға
дау-дамайды реттеудің халықаралық заңдардағы тетіктерін көрсетеді,
құқықтық кеңес береді. Өкілдіктің көздегені – екі адамды бір-бірімен
айтыстырып
қою емес, керісінше, адам құқығының қорғалуын қамтамасыз
ету. Комитеттің темірқазық етіп ұстанатыны – бейбітшілік, бейбіт бітім.
1.
Мәтінде саяси және азаматтық құқықтардың қазіргі тұжырымдары қай
құжатта берілген?
А) Білім туралы Заңда;
B) Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында
C) негізгі;
259
D) табиғи
және шартты;
E)
көмекші
2.
Мәтінге сай емес тақырыпты таңдаңыз
А) Құқықтардың тұжырымдары.
B) Халықаралық адам құқығын қорғау комитеті.
C) Адам құқығы мен бостандығы.
D) Комитеттің ұстанымы.
E) Бұқаралық ақпарат құралдары.
3.
Аристотельдің көзқарасы бойынша адам құқықтары қалай бөлінеді?
А) негізгі және шартты;
B) жасанды;
C) негізгі;
D) табиғи және шартты;
E) көмекші
4.
Мәтінде адам құқықтары мен бостандықтары неше түрге бөлінеді?
А) 6;
B) 7;
C) 5;
D) 3;
E) 4
5. Халықаралық адам құқығын қорғау комитетінің ұстанымы:
А)әдепсіздік;
B) бейбітшілік, бейбіт бітім;
C) алауыздық;
D) тәртіпсіздік;
E) жаугершілік
6.
«Зайырлы» сөзін қалай түсінесіз?
А) мәдениетті, қоғамдық пікірмен санасатын;
B)
тәртіпті;
C) ұлтшыл;
D) өркөкірек;
E) талапсыз
7. «Темірқазық етіп ұстанатыны» тіркесінде «темірқазық» сөзі қай мағынада
айтылған?
А) жоспары;
B) жобасы;
C) зерттеуі;
D) бағыт-бағдары;
E)
тағылымы
8. «Басты назарындағы» тіркесіне мәтіннен жуық мәндес сөз табыңыз:
А) алдына қойғаны;
B) жоспарлағаны;
C) тәжірибе жасағаны;
D) көздегені;