320
Қазақ тілі (Т2)
Нұсқаулық:
Мәтінді мұқият
оқып,
мазмұны бойынша
берілген
тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Оқытылу орыс тілінде жүретін
мектеп үшін (Т2)
Қазақстан Республикасының қорықтары
Ақсу-Жабағлы (Оңтүстік-Қазақстан облысы). 1927 жылы құрылған.
Атауы екі өзеннің атынан құралған: Ақсу және Жабағлы. Әсіресе Ақсу өзені
өтуге ыңғайсыз тік жағасымен ерекшеленеді. Жалпы ауданы 85,3 мың га.
Қорықта өсімдіктің 1404 түрі, аңдардың 47 түрі, 239 түрлі құс мекен етеді.
Наурызым (Қостанай облысы). 1934 жылы Қазақстанның ең оңтүстік
массивіндегі қарағай орманы орналасқан Наурызым қарағайлы орманын және
суда жүзетін жұмыртқалы құстардың мекені
көлдерді сақтау мақсатында
құрылған. Аумағы - 87,7 мың га. Қорықта өсімдіктің 961 түрлері, 39 түрлі
аңдар мен 239 түрлі құстың түрлері кездеседі.
Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы). 1968 жылы сирек кездесетін
жұмыртқа салатын – қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған.
Қорықтың жалпы ауданы – 243,7 га., акваториясы 199,2 га алып жатыр. Мұнда
42 түрлі аңның түрлері, 298 түрлі құс, 331 өсімдік түрлері тіршілік етеді.
Авиафауна құрамы өте бай. Сирек кездесетіндер қатарына пеликан, фламинго,
шипун-аққуы жатады.
Алматы (Алматы облысы). 1961 жылы құрылды. Аумағы 73,3 га
құрайды. 137 өсімдік түрлері, 39 жануарлар түрі мен 200 ге
жуық құстың
түрлері бар. Сирек кездесетіндердің қатарына тянь-шань қоңыр аюы, қар
барысы, түркістан сілеусіні кіреді.
Қорыққа Іле өзені жазығының бос бөлігі қызықты табиғи нысаны – 150
метрлік «Ән салғыш құмдар» құмды төбе жатады.
Марқакөл (Шығыс-Қазақстан облысы). 1976 жылы Оңтүстік Алтайдың
табиғи кешенін қорғау мен тану үшін құрылған. Жалпы ауданы 75 мың
га. Қорықта 721 өсімдік түрлері, 59 аң түрлері мен 254 құстың түрлері бар.
Негізгі түрлері – марал, аю.
Тектоникалық текті Марқакөл таулы көлі ерекше қызығушылық танытады:
теңіз деңгейінен 1485 м биіктікте орналасқан, ауданы 544
шаршы метр,
тереңдігі 27 м. Онда сирек кездесетін сиг-ускуч балығы тіршілік етеді.
Үстірт қорығы (Маңғыстау облысы). 1984 жылы құрылған. Аумағы -
223 га. Қорықта 261 өсімдік түрлері, 27 түрлі аңдар, 111 түрлі құс және
бауырымен жорғалаушылардың -27 түрі тіршілік етеді.
Сұр кесіртке Қызыл
кітапқа
енгізілген.
Батыс-Алтай (Шығыс-Қазақстан облысы). 1992 жылы құрылған.
Жалпы ауданы 56 мың га. Қорықта 564 өсімдік түрлері, 30 түрлі жануарлар
түрлері, 120 құстың түрлері бар.
Барса-Келмес (Қызылорда облысы). 1939 жылы құрылған. Аумағы –
30 мың га. Флорада 250 түрлі өсімдік саны бар. Жануарлар әлемінде 56 түрлі
321
жануарлар түрлері – құлан, жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. 203
түрлі құстың түрі бар.
1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
A. Қазақстан Республикасының қорықтары туралы мәлімет
B. Өсімдіктердің түрлері туралы
ақпарат
C. Жануарлардың түрлері айтылған.
D. Сұр кесіртке туралы айтылған.
2. Мәтіннің үшінші азатжолына дәлірек тақырып таңдаңыз.
A. Жануарлар әлемі
B. Алматы облысы
C. Қорғалжын
қорығы
D. Қызыл кітап
3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз
A. Қызыл кітап, өзен, көл, орман, қорық
B. Қорықтар, құстар, жануарлар, өсімдіктер
C. Қорықтар, тастар, шөлді мекен, мұхиттар
D. Қызыл кітап, теңіз, қала, орман, табиғат
4. Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері – құлан, жайран, сайғақ,
қарсақ,
қасқыр
тіршілік
етеді.
203
түрлі
құстың
түрі
бар.
Қай қорық туралы айтылған?
А. Барса –Келмес қорығы
B. Батыс –Алтай қорығы
C. Ақсу-Жабағлы қорығы
D. Марқакөл қорығы
5. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Қорықтардың қайсысы сирек кездесетін жұмыртқа салатын – қызғылт
фламингоны сақтау мақсатында құрылған?
A. Үстірт қорығы
B. Қорғалжын қорығы
C.Ақсу – Жабағлы қорығы
D. Марқакөл қорығы
6. Мәтін стилін белгілеңіз.
A. ғылыми
стиль
B. ресми іс- қағаздар стилі
C. публицистикалық стиль
D.көркем
әдебиет стилі
E. ауыз екі сөйлеу стилі
7. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
A. Авиафауна құрамы өте бай.
B. Қорғалжын қорығы 1968 жылы сирек кездесетін жұмыртқа салатын –
қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған.
C. Ақсу-Жабағлы 1927 жылы құрылған.
D. Барса-Келмес 1939 жылы құрылған, аумағы – 30 мың га.
322
8. Мәтін бойынша қай қорықта өсімдіктердің ең көп түрі өседі?
A. Ақсу-Жабағлы
B. Наурызым қорығы
C. Барса – Келмес қорығы
D. Батыс – Алтай қорығы
9. Наурызым қорығы қандай мақсатпен құрылған?
A. Суда жүзетін жұмыртқалы құстардың мекені көлдерді сақтау мақсатында
құрылған.
B. Сирек кездесетін жұмыртқа салатын – қызғылт фламингоны сақтау
мақсатында құрылған.
C. Алтайдың табиғи кешенін қорғау мен тану үшін құрылған
D. Сирек кездесетін тянь-шань қоңыр аюы,
қар барысы, түркістан сілеусінін
сақтау мақсатында құрылған.
10. Мәтінге нақты тақырып таңдаңыз.
A. Қазақстан Республикасының қорықтары
B. Наурызым қорығы
C. Қызыл кітап
D. Үстірт қорығы
Достарыңызбен бөлісу: