6 нұсқа
Оқу сауаттылығы
1-мәтін
Нұсқаулық:
Мәтінді
мұқият
оқып
шығыңыз
және
берілген
тапсырмаларды дұрыс орындаңыз.
Арман күш-жігерлі бала болып өсті. Барлық балалар одан қорқатын.
Қорықпауға амал бар ма? Ол жолдастарын ұрып-соғып, қыздарды айырсадақпен
ататын. Ақтөс атты күшігінің құйрығын басып, мысығының мұртын жұлып,
кішкентай кірпіні төсек астына қуып, тіпті өзінің әжесіне дөрекі сөйлейтін.
Арман ешкімнен қорықпайтын және осы қылығын өте мақтан тұтты.
Ұлдар Арманмен ойнамайтын болды. Ол қыздарға барып еді, бірақ олар
теріс бұрылды. Арман Ақтөс атты күшігіне жақындап ойнағысы келді, күшік
көшеге қарай қашып кетті. Ол енді мысығымен ойнағысы келді. Мысық
Арманнан қашып, шкафтың ішіне кіріп кетті. Диванның астынан кірпіні
шығаруға тырысты, еш нәрсе шықпады. Кірпі басқа үйге көшіп кеткен еді.
Арман әжесіне жақындады, ол немересіне мүлдем назар аудармады. Бөлменің бір
бұрышында жарма сұрыптап, көздерінен аққан жас тамшыларын сүртіп отыра
берді.
Арман үшін аспанға қара бұлт төнгендей болды. Арман жападан жалғыз
қалды.
(129 сөз)
1. Әжесі Арманға не үшін ренжіді?
А) Арман әжесіне жиі дөрекі мінезін көрсететін.
В) Арман серуеннен үйге кеш келетін.
С) Арман үй шаруасына болыспайтын.
D) Арман кішкентай кірпіні үйден қуған.
2. Арман неге жалғыз қалды?
A) Арман жалғыз жүргенді ұнататын.
B) Арман бәрінің мазасын алып, дөрекі мінезін көрсетті.
C) Әжесі Арманды үйге қамап қойды.
D) Арман жалғыздықпен өзін сынап көрді.
3. Арман нені мақтан тұтты?
A) Жалғыз қалғанын
B) Жігерлі болуды
C) Ешкімнен қорықпауды
D) Әжесіне дөрекі мінезін көрсетуді
4. Ең қорқынышты болған жағдай?
А) Дөрекілік
B) Жалғыздық
C) Өкпешілдік
D) Қорқыныш
|