Нұсқаулық № 7 Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі мен оқушылардың жүріс тұрысы
Табиғаттың оянуына, құстардың салған әнiне, көктемнiң күн шуағына қуанбайтын адам жоқ шығар. Бiрақ, су тасқыны кезеңiнде және мұздың осалдығы кезiнде өзiн-өзi ұстау ережесiн сақтамайтындарға көктем қуанышты жағдай әкелмейдi.
Су тасқыны және сең жүру кезiнде жарылайын деп тұрған жағалауда болу қауiптi, себебi судың тез ағуы оны шайып өтiп бұзады. Мiне, сондықтан көктемде әсiресе өзеннiң мұзы сетiлуi және сең жүрген кезде балаларды қадағалауды мейлiнше күшейткен жөн, олармен түсiндiру жұмыстарын өткiзу қажет. Осы кезеңде көктемгi мұздың өте қауiптi екенiн ұмытпау керек, ол сырт жағынан қатты секiлдi көрiнсе де күн шуағы мен тұман су айдынының сетiлуiне дейiн оны қуыс, борпылдақ қылады. Мұндай мұз көлiктiк құралдарды айтпағанда адамның салмағын да көтере алмайды. Көктемде су айдындарынан өтуге қатаң тыйым салынады. Әсiресе өзеннiң сетiлуi кезiнде мұзда ойнауға жол берiлмейдi. Мұздан мұзға секiрiп және жағалаудан алыстауға болмайды. Мұндай қылықтар әрине, қайғылы аяқталады.
Су тасқыны кезеңiнде, әсiресе су басатын жергiлiктi жерлерде үнемi радионы қосып қоюлары қажет, өйткенi су күтпеген жағдайда келiп қалуы мүмкiн.
Алдын ала қауiпсiздiк шаралары бойынша iс-шаралар өткiзу қажет (қажеттi азық-түлiктермен, киiм-кешекпен, ауыз сумен және т.б. қамдану), қажеттi құжаттарды (төлқұжат, туу туралы куәлiк) бiр жерге жинап целлофан пакеттерге салып қою керек.
Көктемдегi су тасқыны және сең жүру кезiнде тыйым салынады:
Көктем кезiнде су айдынына шығуға;
Сең жүрген кезде өзен арқылы өтуге;
Мұзы жарылған өзенге жақындауға;
тасқын су және опырылатын жағалауда тұруға;
көпiрлерде, бөгеттерде және бөгеулерге шығуға;
опырылған мұзға жақындауға;
сеңдердi жағалаудан итеруге;
өзеннiң немесе басқа су қоймасының тереңдiгiн өлшеуге;
сең үстiнен жүруге және онымен сырғанауға.
Нұсқаулық №8 Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі мен оқушылардың жүріс тұрысы
Жаз демалыс үшін өте жақсы кезең. Өзіне және өз денсаулығына пайдалы су жанында демалу үшін жүзу, судағы жүріс-тұрыс қағидасын білу қажет
Шомылуға аса қолайлы режимдер:
- тамақ ішкеннен соң 1,5 сағат уақыттан кейін шомылған жөн;
- балалар жағаларында шомылған дұрыс, олар төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған қажетті құралдармен жабдықталған және қамтамасыз етілген;
- ұмытпаңдар, балаларға, жанында ересектер болғанда ғана шомылуға рұқсат етіледі;
Барлығы мынаны есте сақтаған жөн:
- тек рұқсат етілген және қасында ересектер болған жағдайда шомылуға болады;
- таныс емес жерлерде сүңгуге болмайды – түбінде батып кеткен бөренелер, тастар, тырбиған ағаштар болуы мүмкін;
- батпақты жерлерде, балдырлар мен ұйықтар бар жерлерде шомылмаған жөн;
Достарыңызбен бөлісу: |