Павлодар облысының білім беру басқармасы Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі» кмм



бет2/6
Дата05.11.2022
өлшемі30.01 Kb.
#464098
1   2   3   4   5   6
қауіпсіздік ереже

Нұсқаулық № 3 Мектептегі өрт қауіпсіздік ережелері
Мектепте өрт болған жағдайда қауіпсіздіктің алғы шарттары орындалуы тиіс.
Өрт болып жатқан бөлменің есігін жабу қажет. Өрт болып жатқаны туралы дабыл қағыңыз. Барлығы белгіленген жерге жиналып, адамдарды түгелденіп отырыңыздар. Дабылдан кейін өрт сөндірушілерді шақыру қажет.
Өрт сөндірушілер келгенде мынаны білу керек: Қай жерде, қай бөлмеде өрт болып жатқандығын бәрі құтқарылғандығын білу керек.
Мектептегі өрттен құтқару тәртібі:
1.Дабыл қағу
2.101 телефонына қоңырау шалып, өрт сөндірушілерді шақыру
3.Құтқару
4.Жинақталу
5.Түгендеу
Дабыл: Кез-келген адам (мұғалім, оқушы,күзетші) өртті көргенде жедел дабыл қағу керек.
Құтқару: Дабылды естісімен, оқушылар сынып жетекшілердің бағыттауымен бір – бірлеп сыныптан шығып, белгіленген жерге жинаулары қажет. Құтқару кезіндегі қажетсіз есіктерді жабу керек.
Жиналыс: Жиналу жерді алдын ала белгілеу қажет. Жиылыс орнына келгендер сынып немесе адамдар тобы анық бір жерді белгілеп, шашырамай сол жерде болулары қажет. Сосын әр сынып жетекші түгендеу жүргізеді.
Өрт кезіндегі тәртіп
ЕРЕЖЕСІ: Өрт болып жатқан бөлменің есігін жауып кетіңіз. Өрттен қашқанда басқа адамға да айтыңыз.Әсіресе өрт жайлы мұғалімге айтыңыз. Эвакуация жасаңыз.
Егер өрт қауіпті болмаса өзіңіз өрт сөндіру құралдарын қолданыңыз.


Нұсқаулық №4 Сабақ уақытындағы және мектептегі қауіпсіздік ережесі мен тәртібі
Осы Ереженің мақсаты: Қазақстан Республикасы жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту, оқушыларға мектепте білім алуға қолайлы жағдай туғызу және мектеп маңайында оқушылардың жүріп тұруына қауіпсіздік жасау.
ОҚУШЫЛАР: мектеп Жарғысын орындауға, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін , мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және ұстаздар мен басқа жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қарап мектепішілік
Ережені сақтауға міндетті.
1. Оқушылардың сыртқы келбеті.
• Бекітілген үлгідегі мектеп формасын киюге:
5-8 сыныптар: форма фартук (шалбар), көк түсті пиджак, ақ түсті блузка.
• Косметиканы қатты жағып және сәндік бұйымдарын шамадан тыс тақпауға ұсыныс жасалады.
Мектепте, тазалықты сақтау мақсатында барлық оқушылар, екінші жеңіл аяқ киім киіп жүруі керек.
• Спорттық киімді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек, басқа сабақта кию орынсыз.
• Мектепте себепсіз сыртқы киіммен жүруге болмайды.
• Салтанатты жиналыстарға және жалпымектептік шараларға оқушылар мерекелік киім киіп келуге тиіс.
• Мерекелік кештерге, концерт және дискотекаларға оқушылар қалаған киімдерін киіп келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет